Мектептердің тізімі
astana-bilim
Ұқсас материалдар
1 сыныпқа қабылдау
Астана қаласында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады 2026 жылғы 27 мамыр күні сағат 09:00-де Астана қаласының барлық орта білім беру ұйымдарында 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады. Құжаттарды қабылдау офлайн және онлайн форматтарда жүзеге асырылады. Онлайн қабылдау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеуде. Ата-аналар мен заңды өкілдер өтініштерін электрондық платформа арқылы немесе тікелей білім беру ұйымдарына тапсыра алады. Сонымен қатар, Астана қаласындағы білім беру ұйымдарына бекітілген қызмет көрсету аумақтарымен (микроучаскелермен) Астана қаласы Білім басқармасының ресми сайтынан танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-bilim/activities/13207?lang=kk . Платформаның жұмысына қатысты техникалық мәселелер туындаған жағдайда білім беру ұйымдары үшін арнайы қолдау желісі ұйымдастырылған: 📱 WhatsApp: +7 (700) 344-95-15 📞 Қоңырау шалу үшін: +7 (775) 007-94-81 Астана қаласының Білім басқармасы ата-аналар мен заңды өкілдерді қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, өтініштерді белгіленген мерзімде тапсыруға шақырады.