Хабарландыру Әсер ету скринингін қарау туралы

    kyzylorda-tasboget-district

    kyzylorda-tasboget-district·

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі -Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әріЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБматериалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:

    1) «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің бас жоспары» жобасын әзірлеуге жалпы түсіндірме жазба;

    2) «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің бас жоспары» жобасының графикалық материалдары;

    3) «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің бас жоспары» Құжатын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына әлеуетті әсер етуінің жалпы сипаттамасы.

    СЭБ материалдарын әзірлеуші: «МПК-Проект» ЖШС.

    СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ.

    СЭБ әзірлеуге жауапты: Қызылорда қаласының әкімдігі

    СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

    Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

    1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

    2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

    3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

    4) Сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

    Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2023-2040 ж.ж.

    Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

    Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі:2026 жылғы 16 маусымнан 30 маусымға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 30 маусым).

    Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

    Экологиялық саясат департаменті

    Тел. 8 (7172) 74-08-90

    e-mail: [email protected] [email protected]

    Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: [email protected].

    Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.

    СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:

    Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

    Тасбөгет кенті әкімдігі сайтында.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.