БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Осакаров аудандық мәслихатының «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округінің елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» шешім жобасына

    karaganda-osakarovka

    karaganda-osakarovka·

    Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Осакаров аудандық мәслихатының «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округінің елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» шешім жобасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1 және 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

    Жоба Осакаров ауданы Родников ауылдық округінің елді мекендері шекараларының бір бөлігін елді мекен шекарасынан шығарып, оларды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызу арқылы өзгертуін көздейді.

    Атап айтқанда:

    • Родниковское ауылының шекарасынан 1 140,0000 гектар жер шығарылып, елді мекеннің жалпы аумағы 1321,3977 гектар болып белгіленеді;
    • Қарасу ауылының (бұрынғы – Төртқұдық) шекарасынан 2 368,0000 гектар жер шығарылып, елді мекеннің жалпы аумағы 2432,4914 гектар болып белгіленеді.

    Жобаны қабылдау жерлерді нақты пайдалану жағдайына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасының талаптарына сәйкес елді мекендердің шекараларын өзектендіруге бағытталған.

    Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғамайды, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

    Бірлескен қаулы мен шешімнің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға жатпайды.

    Ұқсас материалдар

    Проект

    Осакаров ауданы әкімдігінің және Осакаров аудандық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімінің ЖОБАСЫ Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округінің елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1 және 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округінің елді мекендерінің шекаралары өзгертіліп және белгіленсін: Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округіне қарасты Родниковское ауылының шекарасын өзгертіп, елді мекен шекарасынан жалпы көлемі 1 140,0000 гектар жерді шығару және оларды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызу арқылы, елді мекеннің жалпы аумағын 1321,3977 гектар етіп белгілеу; Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округіне қарасты (бұрынғы – Төртқұдық) Қарасу ауылының шекарасын өзгертіп, елді мекен шекарасынан жалпы көлемі 2 368,0000 гектар жерді шығару және оларды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызу арқылы, елді мекеннің жалпы аумағын 2432,4914 гектар етіп белгілеу. Осы Осакаров ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Осакаров аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы Осакаров ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Осакаров аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов Аудандық мәслихаттың төрағасы К. Саккулаков

    karaganda-osakarovkaЖарияланды:
    Проект

    «Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 «Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі №03 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Осакаров ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ : «Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 «Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі №03 шешімінің күші жойылды деп танылсын. Осы шешімің орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов

    karaganda-osakarovkaЖарияланды:
    Ақпарат

    БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Осакаров ауданы әкімінің «Осакаров ауданы Қарағанды облысы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 03«Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасына

    Осакаров ауданы әкімінің «Осакаров ауданы Қарағанды облысы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 03 «Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді. Қазіргі уақытта Осакаров ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 03 «Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімі жаңа редакцияда қабылданды. Бұл № 565 сайлау учаскесінің (Сарыөзен ауылы) таратылуына және аталған елді мекен аумағының Ошаганды ауылында орналасқан № 562 сайлау учаскесінің шекарасына енгізілуіне байланысты болды. Аталған шешімнің қабылдануына байланысты Осакаров ауданы әкімінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 04 «Осакаров ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі қабылданды. Осы шешімге сәйкес Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 «Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23252 болып тіркелген), сондай-ақ оған өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 04 (№ 29716), 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 07 (№ 31412), 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 03 (№ 6480-09), 2023 жылғы 16 қазандағы № 04 (№ 6502-09) және 2024 жылғы 23 тамыздағы № 02 (№ 6643-09) шешімдерінің күші жойылды деп танылды. Аталған шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісіліп, қазіргі уақытта мемлекеттік тіркеуде тұр. Сонымен қатар бұған дейін Осакаров ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 03 «Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі қабылданған болатын. Аталған шешім қабылданған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығымен бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесінің 12-тармағына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатпаған. Осыған байланысты Осакаров ауданы әкімінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 04 «Осакаров ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасын келісу барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Осакаров ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 03 шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпегендіктен, мемлекеттік тіркеуге жолданатын актілердің тізбесіне енгізілуге жатпайтынын түсіндірді. Қазақстан Республикасының құқықтық актілер туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерін сәйкестендіру мақсатында Осакаров ауданы Қарағанды облысы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 03 «Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» жеке шешім жобасы әзірленді. Шешім жобасын қабылдау жергілікті бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді. Осакаров ауданы әкімі шешімінің жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастыруға жатпайды. Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

    karaganda-osakarovkaЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.