Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына 7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Р22.0 Синдром дыхательного расстройства у новорожденного. Р36.9 Бактериальный сепсис новорожденного неуточненный» диагнозымен 20.05.2026ж. шұғыл хабарлама.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы» РММ.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 05.2026 жылдан бастап 12.06.2026 жылға дейін.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау қалалық перзентханасы" ШЖҚ КМК
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:Э пидемиологиялық тергеп тексеру барысында ішек таяқшалар тобы бактериясына 20 шайынды алынды, оның ішінде 2 оң нәтиже, патогенді стафилококкқа 20 шайынды алынды, оның ішінде 5 оң нәтиже анықталды. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардын алдын алу жөніндегі санитариялық-эпилемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №ҚР ДСМ -151 бұйрығының 3 қосымшасының талаптары бұзылған. Тасымалдаушылыққа микробиологиялық зерттеу кезінде алынған мұрын шырыштығынан 02.06.2026 жылғы хаттамасына сәйкес 2 қызметкерден «St.aureus» қоздырғышы өсіп шыққаны анықталды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау қалалық перзентханасы» ШЖҚ КМК
- Қабылданған шаралар: жеке тұлғаға қатысты ҚР ӘКБтК 425 бабының 1бөлігімен әкімшілік шара қолданылып, жұмыстан уақытша шеттету жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық санитариялық дәрігердің 08.06.2026 жылғы №28 санды қаулысы берілді.