Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 - 2024 жылдарға арналған даму жоспары (2022 ж.)

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

    • 03.22ж. №319
    • 06.22ж. № 540

    Бұйрықтарды ескере отырып

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министірінің
    2021 жылғы 27 желтоқсандағы

    1137 бұйрығына қосымша

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
    2020 - 2024 жылдарға арналған

    даму жоспары(2022 ж.)

    1-бөлім. Миссиясы мен пайымы

    Миссия. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ұзақ мерзімді перспективада елдің орнықты дамуына жәрдемдесу.

    Пайымы. Қаржы министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспары әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі жалпыұлттық мақсатқа қол жеткізуге бағытталған.

    ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін адамдардың материалдық әл-ауқатына қол жеткізуге бағытталған экономиканың сапалы және тұрақты өсуіне қол жеткізу.

    2-бөлім. « Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы»

    2.1. Елдің нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштері

    Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы

    Елдің мемлекеттік қарызының деңгейін тұрақты бақылауда ұстау.

    Әлемдік тұрақсыздық жағдайында бюджеттің тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Үкіметтің күш-жігері бюджет тапшылығын азайтуға жұмылдырылуға тиіс.

    Кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет.

    Жекешелендірудің екінші толқыны мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқартуға және жеке бизнесті дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған. Бәсекелес ортада пайданы барынша арттыруға мүдделі жеке бизнес қызметтер спектрін кеңейтетін және олардың сапасын арттыратын болады. Ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту, бәсекелестікті енгізу, көрсетілетін қызметтердің көлемі мен спектрін ұлғайту есебінен қызметтер құнын төмендету күтілуде.

    Бизнеске әкімшілік жүктемені төмендетуге бағытталған салық, кеден және өзге де заңнаманы ырықтандыру және оңтайландыру.

    Салықтық қадағалауды прагматикалық азайту шаруашылық жүргізуші субъектілердің салық қызметімен байланысын азайтуға тиіс. Салықтық әкімшілендіру процестерін, оның ішінде электрондық салық есептілігі жүйесін одан әрі дамыту жолымен оңтайландыру жалғасатын болады

    Сыртқы сауда операцияларын әкімшілендіруді жетілдіру кеден қызметтерін көрсету процестерін автоматтандыру және цифрландыру арқылы құрылатын болады.

    Сыртқы сауда саласында жүктерді тексеріп қарау саны едәуір қысқартылатын болады.

    Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамалар

    Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу.

    Жалпыға бірдей декларациялауға көшу көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құруға, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

    Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

    «Көлеңкелі» бизнесті азайту және «ашық» бизнесті жүргізу үшін жағдай жасау.

    Бизнесте серіктестік қатынастарды құру және көлеңкелі экономиканың үлесін азайту мақсатында салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыруға негізделген құжаттық және физикалық қадағалауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер кешені болып табылатын өнімнің бақыланатын ұлттық жүйесі енгізілуде.

    Импорттан түпкі тұтынушыға дейін бақылауды енгізу тауарлардың импорттан Қазақстан Республикасының аумағына оның соңғы сатылымына дейін қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету арқылы салықтық түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

    Ішкі мемлекеттік аудитті дамыту

    Ішкі мемлекеттік аудитті оның объектілері қызметінің ерекшеліктеріне қарай Мемлекеттік органдардың дерекқорларымен, электрондық мемлекеттік аудит Тәуекелдерін басқару жүйесімен интеграциялай отырып, цифрландыру қамтамасыз етілетін болады.

    Аталған шара аудит обектілерінің тәуекелді операциялары және бюджеттік қаражат мемлекеттік аудитпен қамту үлесін ұлғайтады.

    Мемлекеттің қатысумен заңды тұлғаларды жекешелендіру барлық рәсімдердің толық ашықтығымен жалғасады.

    Орталықтандырылған веб-сайтта қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, жоспарлардың, процедуралардың, мерзімдердің, объектілердің, мәмілелердің параметрлері мен құрылымы, сату алдындағы дайындық және мәмілелер жасау барысы, мәмілелердің нәтижелері туралы өзекті ақпарат ұсынылатын болады.

    Осы шаралар қоғам тарапынан мемлекетке деген сенімді нығайтуға ықпал етеді және мемлекеттік меншікті, сондай-ақ ұлттық компаниялардың активтерін шектеулі тұлғалар тобының пайдасына адал қайта бөлуге кедергі келтіретін болады.

    Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары

    1-стратегиялық бағыт

    «Қаржы жүйесінің тұрақтылығына жәрдемдесу»

    2-стратегиялық бағыт

    «Мемлекеттік активтер мен қаржыны әкімшілендіру жүйесін жаңғырту»

    1.1-мақсат. «Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру»

    1.2-мақсат. «Мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін уақытылы орындауды қамтамасыз ету»

    2.1-мақсат.

    «Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру»

    2.2-мақсат. «Қолайлы бизнес – орта құру және бизнес пен халық үшін әкімшілік кедергілерді азайту»

    002 «Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламасы

    094 «Мемлекеттік активтерді басқару» бюджеттік бағдарламасы

    205 «Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жарақтандыру» бюджеттік бағдарламасы

    006 «Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу» бюджеттік бағдарламасы

    013 «Үкіметтік борышқа қызмет көрсету» бюджеттік бағдарламасы

    019 «Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу» бюджеттік бағдарламасы

    030 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту» бюджеттік бағдарламасы

    044 «Жай вексельдерді өтеу» бюджеттік бағдарламасы

    072 «Салықтық әкімшілендіру жүйесін реформалау» бюджеттік бағдарламасы

    120 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бюджеттік бағдарламасы

    2.2. Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

    001 «Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы

    010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бюджеттік бағдарламасы

    067 «Саяси партияларды қаржыландыру» бюджеттік бағдарламасы

    099 «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ-ға нысаналы аударым» бюджеттік бағдарламасы

    209 «Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резерв» бюджеттік бағдарламасы

    00 «Субвенциялар» бюджеттік бағдарламасы

    3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, макроиндикаторлар, мақсаттар мен нысаналы индикаторлар

    р/с №

    Индикатор

    Жауаптылар

    Ақпа-рат көзі

    Өл-шем бір-лігі

    2018 жылғы

    есеп

    2019 жылғы факт

    Жоспарлау кезеңі

    2020 жыл

    2021 жыл

    2022

    жыл

    2023

    жыл

    2024 жыл

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    1-стратегиялық бағыт «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету»

    Макро- индикаторлар

    1.

    ЖІӨ-де шоғырланды-рылған бюджеттің салық

    түсімдерінің үлесі

    Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанға-зиев

    Әкімшілік

    дерек-

    тер

    %

    17,9

    17,8

    13,1

    14,5

    16,5

    16,6

    16,7

    2.

    Бюджет ашықтығының индексі

    Қаржы вице-министрі Д.Е.

    Жаналинов,

    Қаржы вице-министрі Т.М. Савельева

    Есеп

    ХБҚ

    Балл

    -

    58

    -

    59

    -

    60

    -

    1.1тратегиялық мақсат «Бюджеттің теңгерімділігін және орындалуынқамтамасыз ету»

    Бюджеттік бағдарлама-лар мен өзара байланысқан нысаналы индикаторлар

    1.

    Мұнай емес сектордан түсетін салық түсімдерінің өсу қарқыны

    Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанға-зиев

    Әкімшілік

    дерек-

    тер

    %

    110,7

    117,1

    103

    105

    107,7

    108

    108,4

    2.

    Импорт көлеміне кеден және салық төлемдерінің алу коэффициенті

    Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанға-зиев

    Әкімшілік

    дерек-

    тер

    %

    16,2

    16,2

    16,2

    17,1

    17,2

    17,3

    17,4

    3.

    ТБЖ әсер еткен барлық декларация санына шаққанда нақтыланған тәуекелдер бойынша тауарларға декларация үлесі

    Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанға-зиев

    Әкімшілік

    дерек-

    тер

    %

    60

    62

    64

    66

    68

    70

    72

    4.

    Барлық кедендік тексеру санына айқындалған бұзушылықтар

    %

    Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанға-зиев

    Әкімшілік

    дерек-

    тер

    %

    -

    49

    51

    45

    50

    55

    58

    5.

    Үкімет борышының ЖІӨ-ге қатынасы

    Қаржы вице-министрі Д.М.

    Кеңбеил

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    18,9

    18,5

    23,9

    24,6

    25,3

    26,1

    26,6

    6.

    Мемлекеттік аудит қортындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды қамтамасыз ету

    Қаржы вице-министрі Д.М.

    Кеңбеил

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    91

    92

    93

    94

    95

    96

    97

    7.

    Төрт деңгейлі мемлекеттік бюджеттің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету

    Қаржы вице-министрі

    Д.Е.

    Жаналинов

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    83,9

    86,7

    89,5

    92

    94,6

    97,3

    100

    8.

    ПКҚ проблемалық активтерін сауықтыру және елдің экономикалық айналымына тарту

    Қаржы вице-министрі

    М.Е. Сұлтанға-зиев

    ПКҚ есебі

    %

    -

    -

    -

    -

    33,3

    36,4

    54,5

    9.

    Қытайдың кедендік статистикасы-мен алшақтықты қысқарту

    Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанға-зиев

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    52,5

    47

    47,8

    44,5

    43

    40

    37

    10.

    Жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарын жалпыға бірдей декларациялаумен қамту

    Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанға-зиев

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    -

    -

    -

    3,7

    3,9

    11,8

    31,2

    11.

    Бюджеттік және стратегиялық жоспарлаудың автоматтандырылған процестерінің үлесі

    Қаржы вице-министрі Б.Д. Кожах-метов

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    -

    -

    44

    80

    100

    -

    -

    1.2-стратегиялық мақсат «Мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін уақытылы орындауды қамтамасыз ету»

    р/с №

    Индикатор

    Жауаптылар

    Ақпа-рат көзі

    Өлш- ем бірлігі

    2018 жылғы

    есеп

    2019 жылғы факт

    Жоспарлау кезеңі

    2020 жыл

    2021 жыл

    2022

    жыл

    2023

    жыл

    2024 жыл

    12.

    Жеңілдетілген тұрғын-үй кредиттерін төлеген қарыз алушылар саны үлесінің азаюы

    Қаржы вице-министрі

    Д.Е.

    Жаналинов

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    100

    99,4

    98,3

    97,1

    -

    94,3

    93,5

    13.

    Халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік шеңберінде міндеттемелердің орындалу үлесі

    Қаржы вице-министрі Д.М.

    Кеңбеил

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    15

    20

    25

    30

    35

    40

    45

    14.

    Вексельдер бойынша қаржылық міндеттемелер-дің төлемдер үлесі

    Қаржы вице-министрі Д.М.

    Кеңбеил

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    -

    -

    3

    6,2

    9,5

    12,8

    80,1

    15.

    Аудит жүргізілген инвестициялық жобалардың үлесі

    Қаржы вице-министрі Д.М.

    Кеңбеил

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    18

    17

    17

    17

    24

    11

    6

    16.

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша орындалған мемлекеттік міндеттемелердің үлесі

    Аппарат басшысы А.Бейсенбек-ұлы

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    3,91

    16,4

    28,9

    41,4

    53,9

    66,4

    78,9

    2-стратегиялық бағыт «Мемлекеттік активтерді және қаржыларды әкімшілендіру жүйесін жаңғырту»

    2.1-мақсат Мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру

    17.

    Республикалық меншік объектілерін қысқарту

    Қаржы вице-министрі

    Д.Е.

    Жаналинов

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    84

    90,9

    80

    85

    90

    91

    95

    2.2-мақсат. Қолайлы бизнес орта құру және бизнес пен тұрғындар үшін әкімшілік кедергілерін төмендету

    18.

    Автокөлік пункттерінде кедендік операцияларды өткізу уақытын қысқарту

    Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанға-зиев

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    сағ

    -

    -

    2

    1 сағ

    30 мин

    50

    мин

    40 мин

    30 мин

    19.

    Оңалту, банкроттық рәсімдерін жүргізу барысында кредиторлар-дың талаптарын қанағаттандыру

    Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанға-зиев

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    2,1

    1,8

    1,2

    3

    3,5

    4

    4,5

    20.

    Мобильді қосымшаларда қол жетімді мемлекеттік қызметтердің үлесі

    Қаржы вице-министрі К.Е. Қожахметов

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    -

    -

    -

    10

    20

    30

    40

    21.

    Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесіне қанағаттанған пайдаланушылардың үлесі

    Қаржы вице-министрі Д.М.

    Кеңбеил

    Әкімші- лік

    дерек-

    тер

    %

    81,9

    82

    82,5

    83

    83,2

    83,4

    83,5

    22.

    Қаржылық есептілік депозитарийін пайдаланушылардың ХҚЕС және ХАС стандарттары-мен қанағаттануы

    Қаржы вице-министрі Д.М.

    Кеңбеил

    ҚОД

    %

    75

    81

    82

    83

    84

    85

    86

    «Ресурстар» 4-бөлімі

    Ресурстар

    Өлш. бірлігі

    Есепті

    кезең

    2018 жыл

    Ағымдағы кезең жоспары

    2019 жыл

    Жоспарлы кезең

    2020

    жыл

    2021

    жыл

    2022

    жыл

    2023

    жыл

    2024

    год

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    Қаржы ресурстары, барлығы:

    оның ішінде:

    тыс.

    тенге

    2 393 314 657

    2 677 534

    049

    3 343 062

    467

    3 478 359 129

    4 145 443

    618

    3 880 522

    072

    4 001 764

    884

    Адами ресурстар

    саны

    19 883

    19 883

    19 808

    17218

    14647

    14647

    14647

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Облыстар бойынша салықтар мен мемлекеттік бюджетке төлемдердің нақты түсімдері 5 ай 2026ж. бойынша

    Облыстар бойынша салықтар мен мемлекеттік бюджетке төлемдердің нақты түсімдері 5 ай 2026ж. бойынша

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Өңірлер бойынша 5 ай 2026ж. боыйнша Ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    Өңірлер бойынша 5 ай 2026ж. боыйнша Ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БСК бойынша 5 ай 2026 ж. бойынша ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    БСК бойынша 5 ай 2026 ж. бойынша ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Ақпарат

    5 ай 2026 жылғы салық түсімдерінің және мемлекеттік бюджетке төлемдердің динамикасы

    5 ай 2026 жылғы салық түсімдерінің және мемлекеттік бюджетке төлемдердің динамикасы

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.