Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурыздан бастап іске қосылған «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды.
Жоба микро және шағын бизнес субъектілерінен фискалдық чектерді алуды ынталандыру мақсатында сыйақы төлеуге бағытталған.
2026 жылы «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы 5 аудан мен 2 қалада (Ақтөбе және Балқаш қалаларында, Жамбыл облысының 4 ауданында және Ақмола облысының Біржан сал ауданында) жалғасуда.
«Salyq кэшбэк» жобасына кез келген азамат қатыса алады.
Ол үшін:
Тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасаған кезде фискалдық чек алу қажет;
Чектегі штрих-кодты «Amian» арнайы мобильді қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алу сомасының 2%-ы мөлшерінде кэшбэк алу қажет.
Алынған қаражатты банктік картаға аударуға немесе ұялы телефон теңгеріміне салуға болады.
2026 жылғы маусым айындағы жағдай бойынша төленген кэшбэк көлемі 157 миллион теңгеден асты.