БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

    shymkent-abai

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ӘКІМШІСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПАСПОРТЫ

    БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ӘКІМШІСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПАСПОРТЫ Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды және атауы 123 «Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ Жоспарлы кезең 2026-2028 жылдар Жетекшілік ететін саладағы/аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары: Абай ауданы әкімінің аппараты 44 мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штаттық бірліктерін және 23 техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын штаттан тыс қызметкерлердің бірліктерін ұстауды қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне, өзге де қорларды сатып алу, негізгі құралдарды, жабдықтарды ағымдағы жөндеу, қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V Заңы, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 тамыздағы №654қбп қаулысы, «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі №185 бұйрығы, «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызметтер көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдер бекіту туралы» Қазақстан Респбуликасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №328 бұйрығы. 2026 жылғы 20 ақпандағы №788 «2026-2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №6795 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе функциялары, өкілеттіктері мен құзыреттері туралы мәліметтер: Аудан әкімі аппаратына жүктелген функцияларды тиімді орындау үшін мемлекеттік мекеменің қызметін қамтамасыз ету. Жауапты орындаушы немесе бірлесіп орындаушы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып табылатын, қызметтің күтілетін нәтижелері көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының тізбесі: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы, Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №2915 «Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы №105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен бекітілген Ереже. Функцияларды, өкілеттіктерді, құзыреттерді іске асыруға жоспарланатын шығыстар көлемдерінің қысқаша сипаттамасын немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары: Жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарының жалпы сомасы: Мың тг. Факт 2024 жыл 2025 жылға есепті кезең Жоспарлы кезең Бекітілген Нақтыланған 2026 жыл 2027 жыл 2028 жыл 1 2 3 4 5 6 339 172 358 895 426 544 409 975 415 232 420 137 Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметімен байланыстыра отырып, қызметі туралы мәліметтер мақсаттармен және бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, меншікті құжаттарының нысаналы индикаторларымен : Ведомстволық бағынысты ұйым жоқ.

    shymkent-abaiЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.