САЙЛАУ ЖАРНАСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

    bko-akzhaik

    bko-akzhaik·

    САЙЛАУ ЖАРНАСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

    ММ « Ақжайық ауданы әкімінің аппараты »

    ММ коды 1222020

    БСН 011040002089
    БСК KKMFKZ2A
    ЖСК KZ810705031222020002

    БеК 12

    ТМК 171

    Код-19

    БАНК: ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ "РММ ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ "

    Төлемнің мақсаты - Ауылдық округі әкіміне кандидаттың сайлау жарнасы

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

    АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ Чапаев ауылы №45 2026 жылғы 18 маусым 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Чапаев ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ: 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 24 маусым күні сағат 17:00-де Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін. 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспар бекітілсін (1-қосымша). Осы шешім Чапаев ауылдық округі әкімі лауазымына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін. Осы шешім Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С. Стармаусоваға жүктелсін. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мангуров

    bko-akzhaikЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауына арналған Ақжайық ауданы аумағындағы сайлау учаскесінің шекаралары

    2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауына арналған Ақжайық ауданы аумағындағы сайлау учаскесінің шекаралары Сайлау учаскесі № 24. Орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылы Жұбан көшесі №52 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "№1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Республика көшесі № 1-143, 2-158 үйлері, Татулық көшесі №3-15,№6-12А үйлері, Исатай көшесі №1-65, №6-95 үйлері, Атамекен көшесі №3-35, №2-38 үйлері, Жұбан көшесі №1-131, №12-170 үйлері, Х.Есенжанов көшесі № 27-53, 4-48 үйлері, О.Исаев көшесі № 1-87, 2-96 үйлері, Д.Қонаев көшесі № 1-57, 16-58 үйлері, Әбілқайыр Хан көшесі №3-61, №2-82 үйлері, Еңбек көшесі №1-19, №2-22 үйлері, Өркен көшесі №1 - 25, №2А, 2Б үйлері, Ақжол көшесі №2-6, №5 үйлері. Сайлау учаскесі № 25. Орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылы Қазақстан көшесі № 55 "Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты. Шекаралары: Қазақстан көшесі № 1-127, 2-142 үйлері, К.Меңдәлиев көшесі № 1-63, 2-78 үйлері, О.Исаев көшесі № 95-111, 102-150 үйлері, Х.Есенжанов көшесі № 55-131, 50-92 үйлері, Д.Қонаев көшесі № 61-71 үйлері, Кенеев көшесі №1-11, №2-36 үйлері, Н.Майданов көшесі №1-7, №2-14 үйлері, Тілеулин көшесі №1-13, №2-10 үйлері, Құрылысшылар көшесі №1-13, №2-8 үйлері, Тауқалақов көшесі №1-11, №2-16 үйлер, Ақбидай көшесі №1-11, №2-12 үйлері, Панфилов көшесі №1-31, 2-28 үйлері. Сайлау учаскесі № 26. Орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылы Х.Есенжанов көшесі № 127 Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Ақжайық аграрлық техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты. Шекаралары: Х. Есенжанов көшесі № 94-128 үйлері, О.Исаев көшесі № 152-156 үйлері, Д.Қонаев көшесі № 75-79, 83, 91, 95, 97, 76-78 үйлері, Д.Нұрпейісова көшесі №1-3 үйлері, Абай көшесі №1-11, №2-4 үйлер, Әйтеке би көшесі №1-19, №2-12 үйлері, Құрманғазы көшесі №1-51, №2-52 үйлері, М.Маметова көшесі №1.-19,№2-10 үйлері, М.Абдолов көшесі №1-21, №2-16 үйлері, Әйтиев көшесі №1-21, №2-24 үйлері, Махамбет көшесі №1-13 үйлері, Е.Орақбаев көшесі №1-11, № 2-16 үйлері, С.Сейфуллин көшесі №1-15, №2-18 үйлері, Мәңгілік ел көшесі №1-25, №2-24 үйлері, Сырым батыр көшесі №1-25, №4-18 үйлері, Бауырластар көшесі №1-23, №2-14 үйлері, Ықсанов көшесі №1-33, №2-28 үйлері, Ақжайық тұйық көшесі №1-23,№2-14 үйлері, Қостанбаев көшесі №2-10, №7-13 үйлері, Өтепбаев көшесі №1-3, №2-4 үйлері, Кірпіш зауыты көшесі №1-19, №2-8 үйлері, №30 көшесі №30 үй, №36 көшесі №5-17, №22-28 үйлері, № 37 көше №1-5, №6-22 үйлері, № 9 тұйық көше №12 үй, №10 тұйық көшесі №5 үй, №16 көшесі №2-26 үйлері, Исаев 115 "Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Сайлау учаскесі № 27. Орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Жайық ауылы Қ.Ортаев көшесі № 19А "Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Жайық ауылдық мәдениет үйі ғимараты. Шекаралары: Жайық ауылы, "Нұржан" ЖШС, "Нұрсұлтан", "Адай", "Жолдас", "Айдос", "Дана", "Қатем", "Бауыржан", "Ырыс", "Ғалым", "Айсезім" шаруа қожалықтары қыстақтары толығымен. Сайлау учаскесі № 160. Орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылы К.Меңдәлиев көшесі № 77 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Абай атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Достық көшесі №1-12 үйлері, К.Меңдәлиев көшесі № 80А-104, 79-89 үйлері, Қазақстан көшесі № 142а-148, №129-131 үйлері, Астана көшесі №1-7, 2-10 үйлері, Тәуелсіздік көшесі №2-162, №5-671.2 үйлері, Болашақ көшесі №2-74, №3-69 үйлері, Мұнай базасы көшесі №1-5, №2,24 үйлері, Арман көшесі №4-56, №17-71 үйлері, Ынтымақ көшесі №3-11 үйлері, Еуразия көшесі №1 үй, Бейбітшілік көшесі №1-19, №16-28 үйлері, Бірлік көшесі №3, №2-12 үйлері, Сарайшық көшесі №1 үй, №12 көшесі № 3, 4, 21 үйлері, Республика көшесі № 145-157, 160-174 үйлері, Жұбан көшесі № 172-210, 133-137 үйлері, №34 көшесі № 8-50 үйлері, №33 көшесі №27 үй, №52 көшесі №4-16 үйлері, Водопровод көшесі №1, 2 үйлері.

    bko-akzhaikЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларының КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 27 мамырдағы №11 қаулысымен бекітілді 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларының КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ 1. Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 27 мамыр (113-1-б. 2, 3-т.) 2. Сайлау округтерінің тізімі мен шекараларын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 6 маусымнан кешіктірмей (22-б.) 3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 6 маусымнан кешіктірмей (13-б. 4-т.) 4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 11 маусымнан кешіктірмей (17-б. 2-т.) 5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей - 2026 жылғы 11 маусымнан кешіктірмей (23-б. 5-т.) 6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну. Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2026 жылғы 28 мамырда басталады және 2026 жылғы 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. (113-3-б. 5-т.) 7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б, 113-5-б. 11-т. 2)-т.т.) 8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәліктерді беру. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14б. 8-1)т.т, 31-б.) 9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңында көзделген (113-4-б.) 10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың шынайлығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4-б. 7-т.) 11. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2026 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі. Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әр ұсынылған кандидатқа) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5б. 2-т.) 12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну кезеңі басталғаннан айдың бірінші күніне ұсынылады (2026 жылғы 1 мамырдағы) Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) 13.Әкімдікке кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) 14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2026 жылғы 14 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б.) 15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) 16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру. Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) 17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 14 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 4 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады . (27-б. 2-т.) 18. Әкімдікке кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттардың және сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) 19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну. Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 15 маусымға дейін (24 б. 5-т.) 20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 20 маусымнан бастап (26-б. 1-т.) 21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету. №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 25 маусымнан кешіктірмей (18-б. 5)-т.т, 38-б. 2-т.) 22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2026 жылғы 2 шілдеден ерте емес және 2026 жылғы 4 шілдеден кешіктірмей (37-б. 3-т.) 23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Жергілікті уақыт бойынша 2026 жылғы 5 шілде сағат 06.00-де (40-б. 1-т.) 24. Дауыс беруді өткізу. №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (38-б. 1-т.) 25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау. №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады (18-б. 8)-т.т, 43-б.) 26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу. №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу ( 43-б. 8-т.) 27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну. №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) 28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткеннен кейін үш күннен кешіктірмей 2026 жылғы 8 шілдеден кешіктірмей (113-10-б. 1-т) 29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 11 шілдеден кешіктірмей (44-б.) 30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және әкім мәртебесі бар сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес сыйыспайтын міндеттерді өздерінен қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2026 жылғы 11 шілдеден кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т., 113-11б. 1-т.) Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

    bko-akzhaikЖарияланды:
    Ақпарат

    Чапаев ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесі

    Чапаев ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесі № Елді мекен атауы Өткізу орны Өткізілетін кездесу күні 1 Жайық ауылы Жайық ауылдық мәдениет үйі, Қ.Ортаев көшесі № 19А 14.06.2026 ж. жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 04.07.2026 ж. жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады. 2 Чапаев ауылы Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы, Қазақстан көшесі № 55 14.06.2026 ж. жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 04.07.2026 ж. жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады. Ескерту: мәдениет үйі, ауылдық клуб ғимаратын жалға алу мәселесі бойынша аудандық мәдени демалыс орталығына жүгіну керек; білім беретін мекеме ғимаратын жалға алу мәселесі бойынша мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүліктер басқармасына жүгіну керек; ауылдық кітапхана ғимаратын жалға алу мәселесі бойынша аудандық экономика және қаржы бөліміне жүгіну керек; денсаулық сақтау мекеме ғимаратын жалға алу мәселесі бойынша аудандық ауруханаға жүгіну керек; жергілікті жерлердегі кездесу күнін аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен және ауылдық округ әкімімен келісіледі.

    bko-akzhaikЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

    АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 11 маусымда Чапаев ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді: Алмешова София Камбаровна, 1987 жылы туған, Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Мерген ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды; Карл Бахтияр Асқарұлы, 1988 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды; Сельбаев Кайрлы Жардемович, 1973 жылы туған, Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығына қарасты Ақжол ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ілбішін ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды. Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

    bko-akzhaikЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.