2026 жылдың 16 маусым күні сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Жалағаш ауданының Аққыр және М.Шәменов ауылдық округі әкімдеріне барлығы 7 кандидат ұсынылды. Барлығы өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2026 жылдың 21 маусым күні сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.