Ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлкіне 2025 жылға салық төлеу мерзімі

    kgd-zko

    kgd-zko·

    Ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлкіне 2025 жылға салық төлеу мерзімі Меншігінде жеке үйлері, пәтерлері, саяжай құрылыстары, гараждары және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері бар азаматтар жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеушілер болып табылады. Есептеу жүргізілгеннен кейін салық төлеушілерге Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы берешекті өтеу туралы пуш- хабарлама және коммуналдық қызметтердің түбіртектері бойынша хабарлама , сондай-ақ салық төлеушінің кабинеті арқылы салық берешегі туралы хабарлама жіберілетін болады. Уақтылы төленбеген жағдайда және пайда болған берешекті ерікті түрде өтеуге 30 күндік мерзім аяқталуына байланысты борышкерлер бойынша материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау, оның ішінде мүлікке және банктік шоттарға тыйым салу, елден тыс жерлерге шығуды шектеу үшін сот орындаушыларына жіберілетін болады. Бір мезгілде сот орындаушылары борыш сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындарын қосымша ұстап қалады . Сонымен қатар, Салық кодексіне сәйкес мерзімі өткен әрбір күн үшін ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап берешекті төлеу күніне дейін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептелетінін атап өткен жөн . Берешек сомасын сайттағы "алдағы төлемдер" сервисінен тексеруге болады "kgd.gov.kz", " E-Salyq Azamat " мобильді қосымшасы, сондай – ақ Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығында.

    2026 жылы жеке тұлғалардың салықтары бойынша өзгерістер

    Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықты есептеу кезінде мынадай жаңалықтар көзделген, сондықтан Салық кодексінің 565 - бабының 8 - тармағына сәйкес көлік құралын пайдалану мерзіміне байланысты жеңіл автомобильдер бойынша салықты есептеу кезінде өндіріс жылына қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады: 10 жылдан 20 жылға дейін қоса алғанда - 0,7; 20 жылдан астам пайдалану-0,5. Яғни, мұндай көлік құралдары бойынша 2026 жылғы салық 30 және 50% - ға аз есептеледі.

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.