Мобильді аударым бойынша сұрақтар

    kgd-mangistau

    kgd-mangistau·
    • Қандай жағдайларда банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады?

    Жауап:

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес банк ұйымдары кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жағдайда жеке тұлғаның банк шотына басқа жеке тұлғалардан түскен ақша қаражатының жиынтық сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.

    Мұндай мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген критерийлер бір мезгілде орындалған кезде ғана беріледі.

    Атап айтқанда, егер жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына 100-ден астам әртүрлі тұлғадан ақша алса және олардың жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, банктер бұл туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.

    • Жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса да, оның аударымдары туралы мәліметтер салық органдарына беріле ме?

    Жауап:

    Иә, белгіленген критерийлерге сәйкес келетін барлық жеке тұлғалар бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылады.

    Бұл ретте жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелген-тіркелмегені ескерілмейді, себебі бақылау кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шоттарына түскен ақша қаражаттарына қатысты жүргізіледі.

    • Банктерден ақпарат алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары қандай шаралар қолданады?

    Жауап:

    Екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары іс-шараларды екі кезеңде жүзеге асырады.

    Бірінші кезең – салық төлеушіні хабардар ету.

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушіні табыс алу белгілерінің бар екендігі туралы хабардар етеді.

    Осы мақсатта салық төлеушіге хабарлама (извещение) жіберіледі, ол ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді.

    Екінші кезең – бақылау шаралары.

    Бұдан әрі, негіздер болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен камералдық бақылау жүргізеді.

    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеушіге хабарлама (уведомление) жолданады.

    Хабарламаны орындау оны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    • Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама алған жағдайда салық төлеуші қандай әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс?

    Жауап:

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық төлеушіге жолданатын хабарлама (извещение) ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді.

    Жеке тұлға салық міндеттемелерін орындау қажеттілігі туралы шешімді өз бетінше қабылдайды.

    Хабарлама (уведомление) жолданған жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеуші белгіленген мерзімде:

    анықталған сәйкессіздіктермен келіскен жағдайда бұзушылықтарды салық есептілігін ұсыну арқылы жоюға;

    келіспеген жағдайда сәйкессіздіктердің себептерін көрсете отырып, қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып жазбаша түсіндірме ұсынуға міндетті.

    Түсіндірме ұсынылмаған немесе ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растау қажет болған жағдайда салық органы салықтық тексеру жүргізуге құқылы.

    • Мобильді аударымдарға салық салына ма?

    Жауап:

    Мобильді аударымдардың өзі салық салу объектісі болып табылмайды. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғаның табыстары салық салуға жатады.

    Егер аударым табыс болып табылса (мысалы, тауар немесе көрсетілген қызметтер үшін төлем), онда оған салық салынады.

    • Қандай жағдайларда аударымдар бойынша қызмет кәсіпкерлік қызмет ретінде танылуы мүмкін?

    Жауап:

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабы 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік – бұл азаматтардың тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету арқылы таза табыс алуға бағытталған дербес, бастамашылық қызметі.

    Егер мобильді аударымдар жүйелі сипатқа ие болып, тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер үшін төлеммен байланысты болса, мұндай түсімдер кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс ретінде танылуы мүмкін.

    • Тіркеусіз кәсіпкерлік қызмет үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

    Жауап:

    Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес, егер әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

    • Аударымдарды талдау үшін іріктеу салық органдарымен қалай жүзеге асырылады?

    Жауап:

    Іріктеу және белгіленген критерийлерге сәйкестікті анықтау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес екінші деңгейдегі банктермен жүзеге асырылады.

    Критерийлер бір мезгілде орындалған жағдайда (үш ай қатарынан 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан қаражат түсуі және сомасы 1 020 000 теңгеде043D асуы) банктер тиісті мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.

    • Туыстар арасындағы аударымдар салық салуға жата ма?

    Жауап:

    Жоқ, салық салуға жатпайды. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), мұндай түсімдер жеке тұлғаның салық салынатын табыстарының құрамына кірмейді.

    • Егер ақша туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде аударылса ше?

    Жауап:

    Мұндай аударымдар сыйға тарту болып табылады және жеке сипатқа ие.
    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), олар салық салынатын табысқа жатпайды.

    • Егер ата-аналар мектепке немесе балабақшаға ақша жинаса ше?

    Жауап:

    Мұндай түсімдер табыс ретінде танылмайды.

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), бұл сомалар жеке тұлғаның салық салынатын табыстарына жатпайды.

    • Жеке аударымдарды декларациялау қажет пе?

    Жауап:

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 405-бабына сәйкес, жеке аударымдар жеке тұлғаның салық салынатын табысына жатпайды.

    • Салық автоматты түрде есептеледі ме?

    Жауап:

    Жоқ. Салық органдары талдау жүргізеді және негіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 137-бабына сәйкес камералдық бақылау шеңберінде хабарлама жібереді.

    • Жеке шотты кәсіпкерлік үшін пайдалануға бола ма?

    Жауап:

    Жоқ. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлер қызмет жүргізу үшін банктік шот ашуға міндетті.

    Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 110-бабына сәйкес, барлық есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналарды қолдану, немесе арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілуі тиіс.

    БКМ қолданбаған жағдайда ӘҚБтК-нің 284-бабына сәйкес ескертуден қайталап бұзңан үшін 15 АЕК-ке дейін жауапкершілік көзделген.

    • Егер маған балаларымнан немесе туыстарымнан тұрақты түрде ақша түссе, салық салына ма?

    Жауап:

    Жоқ. Мұндай аударымдар жеке (отбасылық) сипатқа ие және кәсіпкерлік табыс болып табылмайды.

    Бұл ретте іріктеу өлшемшарттарының бірі – әртүрлі 100 және одан да көп тұлғадан аударымдардың түсуі.

    Сондықтан отбасы мүшелерінен түсетін аударымдар бұл критерийге жатпайды.

    • Егер тексеру нәтижесінде хабарлама жіберілсе, ол қайда түседі?

    Жауап:

    Хабарлама салық төлеушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
    Қосымша түрде ол eGov порталында да қолжетімді болуы мүмкін.

    • Хабарлама алған жағдайда салық органына бару қажет пе?

    Жауап:

    Жоқ. Жауапты салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы электронды түрде беруге болады.

    Жауап электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) расталады және заңды күшке ие.

    • Хабарламаны орындау мерзімі қандай?

    Жауап:

    Хабарламаны орындау мерзімі – 30 жұмыс күні.

    Осы мерзім ішінде салық төлеуш түсініктеме беруі, немесе салықтық есептілікті (декларацияны) тапсыруы тиіс.

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    2026 жылдың 5 айында Маңғыстау облысынан Ұлттық қорға түсетін түсімдердің серпіні

    2026 жылдың 5 айында Маңғыстау облысынан Ұлттық қорға түсетін түсімдердің серпіні

    kgd-mangistauЖарияланды:
    План

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    kgd-mangistauЖарияланды:
    Ақпарат

    Мәжбүрлі түрде таратуға жататын салық төлеушілер бойынша тізім

    Мәжбүрлі түрде таратуға жататын салық төлеушілер бойынша тізім 01.04.2026 4302 Бейнеу ауданы бойынша МКБ 4303 Қарақия ауданы бойынша МКБ 4304 Маңғыстау ауданы бойынша МКБ 4304 Маңғыстау ауданы бойынша МКБ4304 Маңғыстау ауданы бойынша МКБ 4305 Түпқараған ауданы бойынша МКБ 4306 Актау қаласы бойынша МКБ 4307 Жаңаөзен қаласы бойынша МКБ 4308 Мұнайлыбойынша МКБ

    kgd-mangistauЖарияланды:
    Решение

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған 12.06.2026 жылғы №77 хаттамаға сәйкес ішкі конкурс бойынша конкурс комисиясының оң нәтижесін алған кандидаттардың тізімі

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған 12.06.2026 жылғы №77 хаттамаға сәйкес ішкі конкурс бойынша конкурс комисиясының оң нәтижесін алған кандидаттардың тізімі № АЖТ Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 23.06.2027 жылға дейін) 1 Салиев Нурберген Айтбаевич Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Берешекпен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік 1 Таженбаева Жулдыз Бегейбаевна Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Заң бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік 1 Кемалханова Баян Ялитовна Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік Кандидат жоқ

    kgd-mangistauЖарияланды:
    Конкурсы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үшін ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үшін ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Әңгімелесу (эссе) өтетін орны, күні және уақыты 1 Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 23.06.2027 жылға дейін) Салиев Нурберген Айтбаевич ( бала күтімі демалыс кезеңіне 23.06.2027 жылға дейін ) Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, № 35 әкімшілік ғимарат. 11.06.2026 ж. сағат 10:00 – де 2 Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік 3 Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Берешекпен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік Таженбаева Жулдыз Бегейбаевна ZOOM платформасы арқылы онлайн 4 Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Заң бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік Кемалханова Баян Ялитовна Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, № 35 әкімшілік ғимарат. 03.06.2026 ж. сағат 10:00 – де

    kgd-mangistauЖарияланды:
    Ақпарат

    Tөлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Tөлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    kgd-mangistauЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚР азаматтары үшін банкроттықтың сот тәртібін қолдану

    ҚР азаматтары үшін банкроттықтың сот тәртібін қолдану

    kgd-mangistauЖарияланды:
    Положение

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ереже

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ережесін бекіту туралы бұйрық Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ережесін бекіту туралы бұйрықМаңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ережесін бекіту туралы бұйрық Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ереже

    kgd-mangistauЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.