БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 12 маусым күні Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Есенғалиева Нұрсәуле Әуелбекызы, 1991 жылы туған, Бәйтерек ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Жүнісова Бахытгүл Батырбекқызы, 1980 жылы туған, Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Белес ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
- Мұхтаров Мәулет Насиболлаұлы, 1984 жылы туған, Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Калинин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы