Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов жалғыз тұратын зейнеткерлермен интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру әңгімесін өткізді.
Кездесу барысында телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндірілді. Зейнеткерлерге алаяқтарды қалай анықтау керектігі, банк карталарының деректерін, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға беруге болмайтындығы туралы айтылды.
Сондай-ақ онлайн төлемдер жасау және мобильді банкинг қосымшаларын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға жеке деректер мен қаржылық қаражаттарын қорғау бойынша ұсынымдар берілді.