1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау

    kostanai-zhitikarin-milyutin

    kostanai-zhitikarin-milyutin·

    Қазақстан Республикасында бірінші сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып 31 тамызға дейін жалғасады.

    Өтініштерді қабылдау жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) жүзеге асырылады.

    Осы білім беру ұйымында мектепалды даярлықтан өткен және оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады.

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, өңірлер бойынша өтініштерді кезең-кезеңімен қабылдау тетігі енгізілуде.

    Өңірлер бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау кестесі

    Кезең
    Өңірлер
    27 мамыр – 31 тамыз
    Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы
    10 маусым – 31 тамыз
    Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы
    18 маусым – 31 тамыз
    Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы
    29 маусым – 31 тамыз
    Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы

    Қызметті онлайн алу

    1. Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
    2. Барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды тіркеңіз.
    3. Міндетті қоса берілетін құжаттар:
    • 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт»;
    • баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi;
    1. Өтінішке қол жетімді әдістердің бірімен қол қойыңыз.

    Қызметті онлайн қалай алуға туралы бейнероликті қараңыз

    .

    Қызметті білім беру мектептерінде алу (қажетті құжаттар);

    1. Қызметті берушінің өтініші;
    2. Баланың туу туралы куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
    3. Қызмет алушының жеке куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
    4. 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт»;
    5. Баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуретi;

    Қызмет көрсету нәтижесі

    Портал арқылы жүгінген жағдайда - қабылданған шешім туралы хабарлама электрондық құжат нысанында "Менің өтінімдерім" бөліміне жолданады.

    Қызмет көрсетушіге (қағаз түрінде) жүгінген жағдайда:ткелісім болғанда - қызмет алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі, бас тарту болғанда - қызмет алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

    Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 4-қосымша "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1-тарау. Жалпы ережелер Осы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері; 2) жер комиссиясы – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабына сәйкес өтініштерді (өтінімдерді) қарау және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындау үшін құрылатын жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган; 3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі; 4) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің ауданы, оның шекарасы мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер; 5) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі; 6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің сапалық және сандық сипаттамаларын, оның ішінде олардың шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе; 7) пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы; 8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе; 9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді. Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады. Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: 1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді құжаттарды қабылдау күні 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады; 2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады; 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті құзыреті шегінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жібереді; 4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтерге келісуге жібереді; 5) келісуші органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады; 6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды; 7) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы материалдарды жер комиссиясының қарауына дайындайды; 8) жер комиссиясының қорытындысы жер комиссиясына жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады; 9) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға мынадай тәсілдердің бірімен жібереді: қолма қол беру; берілгені туралы хабарламамен тапсырысты почта жөнелтілімі түрінде; электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжатпен; көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған өтініш берушінің электрондық почтасының мекенжайы бойынша. Жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін ұсынуы үшін (жер учаскесін сатып алған кезде), жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсетуде жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды; 10) жер қатынастары жөніндегі уәкілдің не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі (жер учаскесін сатып алу кезінде) келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін дайындайды. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі; 11) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесін өзгерту туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады; 12) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған тиісті шешімді курьер арқылы беруге тапсырады; 13) дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады. Порталға жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері құжаттарды қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. 2) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы береді; 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құзыреті шегінде құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жібереді; 4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтерге келісуге жібереді; 5) келісуші органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады; 6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты дайындайды; 7) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер комиссиясының қарауына материалдарды дайындайды; 8) жер комиссиясының қорытындысы жер комиссиясына жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім түрінде екі данада жасалады; 9) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға, жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін (жер учаскесін сатып алу кезінде) беру үшін жібереді, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсетуде жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді; 10) жер қатынастары жөніндегі уәкілдің не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі (жер учаскесін сатып алу кезінде) келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін дайындайды. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі; 11) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесін өзгерту туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады; 12) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы тиісті шешімді портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі. Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес: 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу; 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 2 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы. 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 13 (он үш) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті берушінің сатып алу-сату шартын (жер учаскесін сатып алған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. 6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес; 2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін; 3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш; жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде: 2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, бюджеттің кірісіне Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда бюджетке кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу; 3) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. 10 Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан __________________әкімі (облыстың, қаланың, ауданның, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің) ____________________________ (аты, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) _________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ____________________________ ____________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі) ____________________________ (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері ___________________________ жеке тұлғаның, ____________________________ байланыс телефоны (бар болса), ____________________________ тұратын мекенжайы) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беруге өтініш Сізден ________________________мекенжайы бойынша орналасқан маған жеке меншік (жер пайдалану) құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуіңізді сұраймын кадастрлық нөмірі __________________________________________ ______________________________________________________ байланысты (жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту себебін көрсету) ___________________________________________ нысаналы мақсатынан ____________________________________________ нысаналы мақсатына ______________________________________________________ ауданы _______________гектар. Құқық белгілейтін құжат ______жылғы __________ № _____ Сәйкестендіру құжаты _____ жылғы ____ _______ № ______ Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені: _______________________________________________________________ бас тарту себептерін санамалау Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз): _______________________________________________________________ (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы) Көрсетілетін қызметті беруші ______________________________________ (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20 жылғы " "

    kostanai-zhitikarin-milyutinЖарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданының Милютин а. 2026 жылғы мамыр айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері

    Жітіқара ауданының Милютин а. 2026 жылғы мамыр айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 14-тармағына сәйкес) № Ж еке тұлғаның / заңды тұлғаның а тауы Жер учаскесінің орналасқан жер і Ж ер учаскесін беру н егіздер і Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер учаскесінің алаңы Жер учаскесіне меншік құқығы га - - - - - -

    kostanai-zhitikarin-milyutinЖарияланды:
    Реестр

    2026 жылғы 1 маусымға жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың тізілімі

    2026 жылғы 1 маусымға жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың тізілімі № ТАӘ өтінім № Өтініш күні Жазба күйі Аймақ 1 МУСАГАЛЫЕВ АЗАМАТ КЫДЫРБАЕВИЧ 10100585996560 05.05.2022 Кезекте Милютин а. 2 ЧУПОВА АЛИНА НИКОЛАЕВНА 10100609452666 06.09.2022 Кезекте Милютин а.

    kostanai-zhitikarin-milyutinЖарияланды:
    Ақпарат

    Жеке тұлғалар үшін онлайн ЭЦҚ ұзарту

    Электрондық цифрлық қолтаңба, қысқаша ЭЦҚ, түрлі онлайн қызметтерді (анықтамаларды алудан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін) алған кезде сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың функциясын атқара отырып, оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды. Сондықтан, қауіпсіздікті сақтау мақсатында ЭЦҚ қолданысын жыл сайын ұзартып отыру қажет. Сөйтіп, сіз сертификаттар жоғалмағанын және өзіңіздің қолыңызда болғанын, бөтен адамдардың қолына түспегенін растайсыз. ЭЦҚ қолдану мерзімінің аяқталуы туралы хабарлама Файлдық жүйеге берілген ЭЦҚ-ның қолдану мерзімі 1 жылды құрайды. Негізгі ақпарат тасығыштарға (жеке куәлік, Kaztoken, eToken, аKey, jaCarta ) шығарылған ЭЦҚ-ның мерзімі 3 жылды құрайды.ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы жүйесінде ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімінің жақындап келе жатқаны туралы хабарламалардың екі түрін онлайн режимінде ұзарту ұсынысымен автоматты түрде жіберу жүзеге асырылды. Электрондық пошта бойынша көп мәрте хабарламалар – 1 ай бұрын, 2 апта бұрын, 7 күн бұрын. Бұл хабарламаларды алу үшін ҚР ҰКО-дағы жеке кабинетіңізде өзіңіздің e-mail-ңызды көрсету қажет. ЭЦҚ әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын SMS -хабарлама. SMS Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне, яғни eGov-тағы Жеке кабинетте пайдаланушыда тіркелген телефон нөміріне келеді. Жеке тұлғаларға ЭЦҚ әрекетін дербес қалай ұзарту керек? ҚР Ұлттық куәландыру орталығы сайтының Бас бетінде « Жеке кабинет » деген бөлімге өту қажет, бұдан әрі жеке кабинетке кіруіңіз қажет. (1-сур.) 1-сурет. «Кіру» батырмасын шертіңіз, авторландыру бетіне өтіңіз. (2-сур.). 2-сурет. Ашылған терезедегі тізімнен – Дербес компьютер, жеке куәлік, eToken PRO (Java, 72K), eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey «Кілттерді сақтау қоймасы» түрін таңдауыңыз қажет. (3-сур.). 3-сурет. «Кілттерді сақтау қоймасына жол» жолында Сіздің тіркеу куәліктеріңіз орналасқан жолды көрсету керек. Аутентификация кілтін таңдаңыз ( AUTH_RSA ) және «Ашу» батырмасын басыңыз. (4-сур.). 4-сурет. « Кіру » батырмасына басыңыз. (5-сур.). 5-сурет. Пайда болған диалогтық терезеге Өзіңіздің кілттерді сақтау қоймасының паролін енгізіңіз.(6-сур.). Назар аударыңыз! Казтокен арналған белгіленген пароль: 12345678, eToken PRO (Java, 72K), eToken 5110, JaCarta, AKey : 1234567890. 6-сурет. «Кілттердің тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. Парольді дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті көрсетіледі. «Қол қою» батырмасына басыңыз. (7-сур.). 7-сурет. Пайдаланушының жеке кабинетіне қош келдіңіз. (8-сур.).

    kostanai-zhitikarin-milyutinЖарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың тізбесі

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың тізбесі Мемлекеттік органның атауы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә Қызмет атауы Мемлекеттік қызметті көрсету орны мен уақыты туралы мәліметтер Байланыс телефон нөмірі «Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 1. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту 2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру 4. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 5. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату 6. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою 7. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 8. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау М.Х.Капизова Бас маман Степная көшесі, 174 А ғимарат 09: 00-ден 18: 30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін 871435-96-342

    kostanai-zhitikarin-milyutinЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.