ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) есептеу әдістемесіндегі жоспарланған өзгерістерді түсіндіреміз. ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың мақсаты - болашақ жинақтаушы зейнетақының жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттыру, зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісті алмастыру коэффициентін (КАК) кезең-кезеңімен (ең төменгі халықаралық стандарттарды ескере отырып) өсіру. Өзгеріс жасауға не себеп болды? Қолданыстағы Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері жыл сайын бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, ең төменгі жалақы мөлшері мен инвестициялық кірістілік негізінде болашақ зейнетақы жарналарының болжамды көрсеткіштерін ескере отырып жүргізілген есептеулер нәтижесінде белгіленеді. Бұл ретте қолданыстағы Әдістеменің бірқатар осал тұстары бар: ұзақ мерзімді макроэкономикалық болжамдарға тәуелділік, осының әсерінен жыл сайын ТЖШ мөлшері құбылмалы болады; салымшының болашақ зейнетақы жарналарын нақты төлеуіне кепілдіктердің болмауы; болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің аздығы. Қолданыстағы әдістеме бойынша, азамат зейнетақы жинақтарының ТЖШ-дан асатын бөлігін пайдаланған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аударуды одан әрі қарай жалғастырады деп болжанған. Мұндай жағдайда болашақта шамамен қазіргі күнкөріс минимумы (КМ) деңгейін, яғни 50 мың теңгеге жуық төлем алуы мүмкін. Алайда іс жүзінде жарналар тұрақты аударылмауы немесе мүлде тоқтауы мүмкін. Соның себебінен бүгінгі ТЖШ болашақ зейнетақы көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ете алмайды деген қауіп бар. Жарналар уақытылы аударылып, іс жүзіндегі ТЖШ мөлшерін қамтамасыз еткеннің өзінде 50 мың теңге көлеміндегі жинақтаушы зейнетақы бүгінгі медианды жалақының [1] 15 %-на да жетпейді. Жаңа Әдістеме нені көздейді? Ұсынылған ТЖШ-ны анықтаудың жаңа әдістемесі азаматтарға зейнетақы төлемдерінің неғұрлым жоғары және болжамды деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа тәсілге сәйкес ТЖШ-дан жоғары жинақтарды алғаннан кейін болашақ жинақтаушы зейнетақы мөлшері медианды жалақының кемінде 40% деңгейіне жуықтайды (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2025 жылғы IV тоқсанда оның мөлшері 339 912 теңгені құрады). Сонымен қатар, ұсынылған Әдістемеде жеткіліктілік шектері болашақ жарналарға және көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы болжамды өзгерістеріне байланысты болмайды. ТЖШ шамалары ұлттық статистиканы ескере отырып, БҰҰ үнемі жаңартып отыратын Қазақстан халқының демографиялық кестелерін қоса алғанда, ұзақ мерзімді факторлар негізінде айқындалатын болады. Тиісінше азаматтар болашақ зейнетақы мөлшерін болжай алады және ЭЫДҰ елдерінің нысаналы көрсеткіштеріне кезең-кезеңімен жақындайды. ТЖШ мөлшері қазіргідей салымшының жасына байланысты болады: азамат зейнеткерлік жасқа неғұрлым жақын болса, болашақ зейнетақыны қамтамасыз ету үшін ТЖШ деңгейі соғұрлым жоғары болуы керек. ТЖШ анықтау үшін болашақ зейнетақы төлемінің ағымдағы құнын есептеудің классикалық формуласы пайдаланылатын болады. Басқаша айтқанда, жаңа формула бойынша жинақтардың ең аз сомасы, яғни мақсатты мөлшерде зейнетақы алуды қамтамасыз ету үшін салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) болуы тиіс ТЖШ шамасы айқындалады. Сонымен қатар, болашақ төлемдерді есептеу инфляция мен инвестициялық кірістің әсерін ескереді, яғни болашақ төлемдердің мөлшері инфляцияны ескере отырып нақты мәнде өседі. Осылайша, ТЖШ-ны айқындаудың жаңа әдістемесі зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісін алмастыру коэффициентінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында болашақ жинақтаушы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттырады. Бұдан басқа, мұндай әдістеме ТЖШ анықтау жүйесін зейнетақымен қамсыздандырудың халықаралық стандарттарына жақындатуға және зейнеткерлікке шыққан кезде зейнетақы жинақтарының жеткіліксіздігі қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Халықаралық стандарттар мен тәжірибе Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 102 Конвенциясына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі деңгейі кемінде 40% КАК болып табылады. Еуропалық Одақ елдерінде ең төменгі зейнетақы мөлшері орта есеппен ең төменгі жалақы мөлшерінің шамамен 60%-ын құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдерінде ең төменгі жалақы мөлшері медианды жалақының шамамен 50% құрайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бірқатар елдерде зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі дағдарысқа қарсы шара ретінде экономикалық күйзелістерге және халықты қолдау қажеттілігіне байланысты ерекше жағдайларда, оның ішінде COVID-19 пандемиясы кезеңінде қатаң шектеулі мөлшерде қолданылған. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтары, ең алдымен, егде жастағы азаматтардың табысын қамтамасыз етуге арналғанын атап өтеміз. Сондықтан зейнеткерлікке шыққанға дейін зейнетақы қаражатын үнемі пайдалану жинақтау көлемінің күрт төмендеуіне және сәйкесінше болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ұзақ мерзімді перспективада бұл егде жастағы зейнетақы табысының жеткіліксіздігі қаупін арттырады. Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақталуда, алайда алу үшін қолжетімді қаражат көлемін айқындау тәсілдері азаматтарды болашақта зейнетақы төлемдерінің жеткілікті және тұрақты деңгейде қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жетілдіріледі. Қазақстанда жаңа әдістеме бойынша ТЖШ есебі нақты жағдайларға жақындап, озық елдердің зейнетақымен қамсыздандыру тәжірибесімен сәйкестендіруге бағытталатын болады. Азаматтың зейнеткерлікке шыққан кезде жинақ көлемі жеткіліксіз болу қаупі азаяды. Жаңартылған әдістеме жинақтаудың бір бөлігі алынған жағдайда болашақ жинақтаушы зейнетақы нысаналы көрсеткіштерден төмен болмайтындай және зейнеткерлік жастағы азаматтарға тұрақты зейнетақы табысын қамтамасыз ететіндей етіп ЖЗШ-да сақтау үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі деңгейін айқындауға мүмкіндік береді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] Медианды жалақы – бұл барлық жалақыны екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш, қызметкерлердің 50%-ы осы мөлшерден аз, 50%-ы көп алады.
Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-ның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың мамырынан бастап 2026 жылдың сәуіріне дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,00 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 8,57% болды. Осы уақыт аралығында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс 108,19 млрд теңгені құрады, кірістілік 17,49%. Еске сала кетейік, сенімгерлік басқарушылар валюталар, елдер, экономиканың секторлары мен эмитенттер бойынша әртараптандырылған түрлі қаржы құралдарына инвестиция сала отырып, теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді. Инвестициялық кіріс бірнеше көзден қалыптасады: бағалы қағаздар бойынша сыйақы (депозиттер мен өзге де операциялардан түсетін кірістер), қаржы құралдарының нарықтық және валюталық қайта бағалануы, сыртқы басқаруға берілген активтердің нәтижелері және басқа да факторлар есебінен. Осылайша, инвестициялық кірістің көлемі бірқатар жағдайларға тәуелді: портфельдегі қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, валюта бағамдарының ауытқуына, инфляция деңгейіне, дивидендтер төленуіне және өзге де ықпал ететін факторларға. Әр кезеңде табыстылық өсіп те, төмендеп те отыруы мүмкін, бұл өз кезегінде салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлеміне әсер етеді. Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің төмендеуінің негізгі себебі — теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан туындаған валюталық активтердің теріс бағамдық қайта бағалануы. Атап айтқанда, АҚШ долларының бағамы 505,53 теңгеден 462,91 теңгеге дейін төмендеді. Қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, орта және ұзақ мерзімді перспективада оң инвестициялық кіріс және зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 979,41% инфляция кезінде 1 060,20% құрады. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс – 10,21 трлн теңге . Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 39,7% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы. Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн. Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы. Ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы активтерін сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚРҰБ-ның неғұрлым консервативті басқаруымен салыстырғанда, ИПБ-ның инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру үшін ИПБ-ға кең инвестициялық мүмкіндіктер береді (бұл ретте ИПБ-ның тәуекелдері де жоғары). Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында "статистика және талдау/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде жарияланады ( https://www.enpf.kz/kz/ ). БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдер "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 26 702,11 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 25 574,23 млрд теңгені [1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1022,00 млрд. теңге . ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 105,88 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды. ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 мамырда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 44,46%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,86%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,50%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,53%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, шет мемлекеттердің МБҚ – 0,08%, МҚҰ – 1,16%. Активтердің 35,87%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 61,64%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 38,35%. Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 738,65 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 166,11 млрд теңгені, өзге кірістер 1,33 млрд теңгені құрады. Бағамдық қайта бағалауды ескере отырып, сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. 2025 жылғы мамырдан бастап 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,00 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 8,57%-ды құрады. 2026 жылғы 1 мамырдағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 93,96%, ҚРҰБ депозиттері – 5,87%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,16%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 42,63 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 1,99 млрд теңге кіріс әкелді. 2025 жылғы мамырдан бастап соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 108,19 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 17,49%. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 105,88 млрд теңге . 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 17,03 млрд теңге . Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 28,17%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 16,51%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 12,09%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,71%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,37%, РЕПО – 2,04%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,12%, МҚҰ – 3,24%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,70%. Атап кетейік, портфельдің 50,28% теңгемен, 48,75% АҚШ долларымен, 0,96% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,59%. "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 7,28 млрд теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 23,96%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,85%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,02%, ҚРҰБ ноттары – 10,16%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,61%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 6,97%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,65%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,81%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 14,23%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,70%-на, АҚШ долларымен 36,30%-на тең. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,26%. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13,55 млрд теңге . Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,01%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,10%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,12%, РЕПО – 10,68%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,11%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,99%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,11%, ҚР эмитент-резиденттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 6,88%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 66,72%-ын, АҚШ долларымен 33,28%-ын құрайды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,91%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 8,28 млрд теңге . ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 18,22%, РЕПО – 26,64%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 12,73%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 12,47%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 7,78%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,81%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 3,94%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,41%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 1,98% инвестицияланды. Ұлттық валютада портфельдің 67,50%-ы, АҚШ долларында 32,50%-ы инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,60%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 59,69 млрд теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 7,68%, ҚР ЕДБ облигациялары – 19,70%, ҚРҰБ ноттары – 13,63%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,73%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,69%, МҚҰ – 8,27%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,55%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,13%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 5,28%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,11%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 63,48%, АҚШ долларында – 36,52% инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,71%. "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2026ж. жағдай бойынша «Tansar Capital» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 49,38 млн теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: РЕПО – 89,16%, ҚР ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 6,11%. «Tansar Capital» АҚ инвестициялық портфелі тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан жасақталған. «Tansar Capital» АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылдың 8 сәуірінде бастады. Содан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі 0,57%-ды құрады. «Tansar Capital» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. Сондай-ақ, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда
01.05.2026 жылғы жағдай бойынша "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында қаражат қалай пайдаланылды 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 297 895 өтініш орындалып, жалпы сомасы 53,09 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 33,39 млн АҚШ долларына 187 597 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 19,70 млн АҚШ долларына 110 298 өтініш қанағаттандырылды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады. Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (32,72 млн АҚШ долларына 183 436 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 232,77 мың АҚШ долларына 1425 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш. Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (18,51 млн АҚШ долларына 101 899 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (801,29 мың АҚШ долларына 5 796 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (308,59 мың АҚШ долларына 2 075 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары , 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын. 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі . Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) : - үшінші жыл - 370 доллар 56 цент ; - екінші жыл - 263 доллар 93 цент ; - бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент . 18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады. Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет : eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер"; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер". Ағымдағы жылы 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар: "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу), "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу), "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу). Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады. kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0 «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0 «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша «Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 26,74 трлн теңгені құрады Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 мамырына 26,74 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,64 трлн теңгеге немесе 15,8%-ға өсті. 2026 жылдың 1 мамырында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,97 трлн теңге . Бір жылдағы өсім 3,09 трлн теңге (14,1%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 731,99 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,6%. Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 16,4% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2026 жылдың 1 мамырында олардың көлемі – 9,76 млрд теңге . Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,7 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 мамырына 1023,59 млрд теңге болды. Түсімдер Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 4 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1184,98 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,6%-ға (немесе 150,79 млрд теңгеге) артық. МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 мамырға дейін 914,11 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,2%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 51,04 млрд теңге (өсім – 9,8%), ЕЗЖ – 640,89 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 219,19 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 41,61 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 522,73 млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 97,98 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 952 теңге. 2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 205,62 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 41,25 млрд теңге , ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 14,21 млрд теңге , мүгедектігі бар адамдарға – 1,22 млн теңге , жерлеуге – 3,23 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 159,22 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,62 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,10 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 мамырында 12,78 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,33 млн - МЗЖ бойынша, 778,06 мыңы - МКЗЖ бойынша, 474,07 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,33 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді. БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,84 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).