Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

    Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіндежүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерібойыншаТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА28 мамыр 2026 жылІ.Кіріспе бөліміЖезқазған қаласы

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мәні: ішкі талдау жүргізу. Ішкі талдау жүргізу Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі Департамент) басшысының 20.03.2026 жылғы№158-Ө бұйрығымен жүзеге асырылды.

    2. Ішкі талдау объектісінің атауы: Департаменттің құрылымдықбасқармалары.

    3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізілген кезеңі:01.04.2026 14.05.2026 жыл.

    4. Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдауды қамтитын кезең: 01.04.2025-31.03.2026 жыл аралығы.

    5. Талдау анықтамасының құрылымына негіздеме жасаушылар құрамы.Жұмыс тобының жетекшісі: Департамент басшысының орынбасары К.Назарымбетов, жұмыс тобының мүшелері: Камералдық мониторинг басқармасының басшысы М.Серикбаев, Адам ресурстары басқармасының басшысы - Ж.Жуманбаев, Аудит басқармасының басшысы Ж.Әшір, Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Г. Калиякасов, Ұйымдастыру-қаржы басқармасы басшысы М.Абдулина, Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер және түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ж.Онгаркулова, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы М.Сатыбалдин, Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы М. Тоқсан,Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы А.Альсеитов, Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы А. Қасабек. ІІ.СИПАТТАУ БӨЛІМІ:

    6. Персоналды басқаруІшкі талдау жүргізу кезеңінде персоналды басқару саласы бойынша Департаменттің қызмет аясында сыбайлас жемқорлық ішкі тәуекелдері (бұдан әрі-СЖІТ) бос әкімшілік лауазымдарға конкурстарды өткізу бағыты бойыншажүргізілді.Бүгінгі Департаменттің штат саны 100, оның ішінде нақты штат Департамент басшысы, 2 орынбасары, 10 бөлім басшысы, 13 басқармабасшысы, ал қалған 51-і мамандар құрамы.Ішкі талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілген мерзім аралығында орталама 74 маман лауазымдық міндеттерін атқарды, яғни кадр жетіспеушілігі мәселесі күнтәртібінен түскен емес.Осы аралықта, өз еркімен басқа мекемеге қызметтерін ауыстыруына байланысты 26 қызметкер жұмыстан босатылды, 8 қызметкер2024 жылдан бастап әлеуметтік еңбек демалысында.

    --- PAGE 2 ---

    2Басқарманың ең негізгі мақсаттары мен функцияларына төмендегілер кіреді: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген қағидаттарғасәйкес Департамент жүйесінде мемлекеттік қызмет өткеруді ұйымдастыру;Облыстың мемлекеттік кірістер органдарын мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған құзыретті, жоғары білікті, бастамашыл адам ресурстарыменжасақтау.Ішкі тәуекелдерді талдауда басқарма жұмысының бағыттарындағы жұмысқақабылдау рәсімдерін ұйымдастыру заң аясында жүргізіледі.Басқарма өз құзіреті шегінде кадр жасақтау мақсатында Департаменттің әкімшілік бослауазымдарына ішкі және жалпы конкурстарды жариялайды.Конкурстық процедураларды рәсімдеу «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылуда. 2025 жылдың наурызынан бастап «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына мемлекеттік қызметке кірудің жаңа жүйесі іскеқосылып, бос лауазымдарға үміткерлер осы жүйе арқылы қатысуда.Бұл жүйе арқылы кез-келген біліктілік талабына сай, Қазақстан азаматы қатыса алады,яғни таныстық, ықпал ету сияқты факторларды барынша азайған.Бұл процесте сыбайлас жемқорлық тәуекелінің болуы мүмкін емес. Сонымен қатар, 2025 жылы жарияланған конкурстардың 80 пайызы үміткерлердің жокболуына байланысты жабылды.Бүгінде Департаменттің әкімшілік бос лауазымдарына ішкі және жалпы конкурстарды өткізу түрақты түрде жалғасуда. 2.Мүдделер қақтығысын реттеуДепартаменттің ішкі талдау жүргізу кезеңінде мүдделер қақтығысын реттеу саласы бойынша, яғни өзінің лауазымдық міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеліп соқтыратын мемлекеттік қызметшілердің жеке мүдделері мен лауазымдық өкілеттіктері арасындасыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.3.Рұқсат беру функцияларын іске асыруІшкі талдау жүргізу кезеңінде рұқсат беру функцияларын іске асыру саласы бойынша Департаменттің қызмет аясында сыбайлас жемқорлықтәуекелдері анықталған жоқ.4. Бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу және бөлу Бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу және бөлу аясындағы талдау жасау барысында сыбайлас жемқорлық ішкі талдау тәуекелдеріанықталған жоқ.Мемлекеттік сатып алу, құжат айналымы және бюджетті жоспарлау бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріанықталған жоқ.Талдау барысында мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және өткізу рәсімдері толықтай тиісті ақпараттық жүйелер арқылы (www.goszakup.gov.kz)жүзеге асырылатыны анықталды.Мемлекеттік сатып алу рәсімдерініңашықтығы мен айқындығы электрондық форматта қамтамасыз етіледі, бұл

    --- PAGE 3 ---

    3адам факторының әсерін және шешім қабылдау кезіндегі субъективтіліктібарынша төмендетеді.Қатысушылардың өнімдерін қабылдау, қарау және бағалау заңнама талаптарына सәйкес автоматтандырылған тәртіпте жүзегеасырылады.Құжат айналымы электрондық құжат айналымы жүйелері арқылы жүргізіледі ( http://minfin.qujat.gov.kz/). Құжаттарды тіркеу, келісу және орындау процестері ақпараттық жүйелерде тіркеліп, олардың орындалумерзімдері автоматты түрде бақыланады.Бұл өз кезіндегі заңсыз араласу тәуекелдерін болдырмайды. Бұл лауазымды тұлғалардың әрекеттерінбақылауға және олардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.Бюджетті жоспарлау және бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруқолданыстағы жүйелер арқылы жүзеге асырылады (www.planning.gov.kz).Бюджеттік көрсеткіштерді енгізу, келісу және бекіту кезеңдері электрондықтүрде рәсімделіп, уәкілетті тұлғалардың әрекеттері жүйеде тіркеледі.Ішкі нормативтік құжаттарға, қолданыстағы рәсімдерге және қызметтік өкілеттіктерді бөлу тәртібіне жүргізілген талдау нәтижесінде лауазымды тұлғаларға негізсіз артықшылықтарды беруге, шешімдерді жеке мүдде үшін қабылдауға немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауғамүмкіндік беретін нормалар мен жағдайлар анықталған жоқ.Процестердің автоматтандырылуы мен цифрландырылуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндігінің барынша төмендетілгенінеайғақ.5. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуЖеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуда СЖІТ орын алмаған.6. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Ақпараттык жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағытында да СЖІТ болу ықтималыанықталған жоқ.Барлық қызметкерлерге лауазымдық міндеттеріне сай, ақпараттық жүйелерді қолдануда құқықтары берілген. Тұрақты түрдеақпараттық жүйелерді қолданудағы құқықтары бақыланады.Ақпараттықжүйелерге кіру екі факторлы авторизациядан өту арқылы жүзеге асырылады.7. Бақылау функцияларын іске асыру. Бұл бағыт бойынша кедендікәкімшілендіру басқармасында талдау жасалды.

    1. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайласжемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2. Басқарманың қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарда сыбайласжемқорлық тәуекелдерін анықтау.Талдау үшін дереккөз ретінде басқарманың ішкі нормативтік құжаттары (бұйрықтар, ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар және т.б.) пайдаланылған.7.1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы: Кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімі декларанттың немесе тасымалаушының уәжді өтініш жасауы бойынша белгіленген мерзімнің шегінде ұзартылуыныңсыбайлас жемқорлық тәуекелі.7.2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаты:

    --- PAGE 4 ---

    4«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 224-бабында кедендік транзит мерзімін белгілеу және оныұзарту мәселелері регламенттелген.Осылайша, осы Кодекстің 224-бабының 1 тармағына сәйкес, жөнелтуші кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейінжеткізілуге тиіс мерзімді (бұдан әрі-кедендік транзит мерзімі) белгілейді.Temіржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ олкүнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.Көліктің өзге де түрлерімен тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі көліктің түрі және көлік құралының мүмкіндіктері, тауарлар тасымалдаудың белгіленген маршруты, басқа да тасымалдау шарттары және (немесе) декларанттың немесе тасымалдаушының өтініші негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көлік құралы жүргізушісінің еңбек пен демалыс режимінің талаптары ескеріле отырып, тауарлар тасымалдаудың (тасудың) қалыпты мерзіміне сәйкес белгіленеді,бірақ ол кедендік транзиттің шекті мерзімінен аспауға тиіс.Кедендік транзиттің шекті мерзімі бір айға екі мың километр есебінен айқындалатын мерзімнен не кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдау ерекшеліктерін негізге ала отырып,Комиссия айқындайтын мерзімнен аспауға тиіс.Кодекстің 224 бабының 4 тармағында, кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімі декларанттың немесе тасымалдаушының уәжді өтініш жасауы бойынша Кодекстің 224 бабының 3-тармағында белгіленген мерзімніңшегінде ұзартылуы мүмкін делінген.Кедендік транзит мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операциялардыжасау тәртібін (бұдан әрі-Тәртіп) Комиссия айқындайды.Аталған тәртіп 13.12.2017 ж. ЕАЭК №170 шешімімен (бұдан әрі-Шешім)бекітілген.Тәртіптің 2 тармағына сәйкес, кедендік транзитмерзімін ұзарту, кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімі өткенге дейін декларанттың немесе тасымалдаушының (электронды құжат, құжаттың еркін нысанда қағаз тасымалдағышта жасалған немесе құжаттың электронды кошірмесіқағаз тасымалдағыштағы түрі) уәжді өтініш жасауы бойынша қаралады.Өз кезегінде, тәртіптің 2 тармағы 4 абзацында өтінішті жолдау барысында кеден органына келу немесе тауарлар мен көлік құралдарын кеденорганына ұсыну шарт еместігі көрсетілген.Қызметкерлердің жұмыс атқару тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында, көлік құралдарына қатысты қарау шараларын жүргізбеу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердіэлектронды форматқа ауыстыру;сыртқы экономикалық қатысушытұлғалармен өзара қарым-қатынастарды шектеу және өтініш хаттармен

    --- PAGE 5 ---

    [image]

    6жұмысты, құжат тек электронды құжаттар айналымының бірыңғай жүйесінде тіркелгеннен соң ғана қарау шаралары жүзеге асыру, кедендік транзит мерзімін ұзарту жөнінде өтініштерді қарау барысында декларант немесе тасымалдаушыға белгіленген мерзімнің шегінде ұзартылуын қарау, қадағалауды ішкі акт негізінде бекітіліп жауапты қызметкерлертағайындалған.Бүгінгі таңда барлық қызмет көрсетулер «Кеден» ақпараттық жүйесіарқылы жүзеге асырылуда.Сол себепті заңсыз әрекеттер жасаудан тұратын сыбайлас жемқорлықфакторлеріне әкелетін жағдайлар орын алмаған.8. Мемлекеттік қызмет көрсету бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету функцияларыавтоматтандырылған.Қызметкерлердің салық төлеушілермен бетпе-бет келужағдайлары орын алмайды.9. Бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асыру бағыты бойыншасыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.Сыбайлас жемқорлық ішкі тәуекелін талдау барысында, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын төмендегідей лауазымдар тізбесіқұрылды:а) Адам ресурстары басқармасының басшысы және мамандары;ә) Аудит басқармасының басшысы және бас мамандары;в) Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы, Кедендік әкімшілендіру және тарифтік реттеу бөлімінің басшысы және мамандары;д) Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы және мамандары.Сонымен қатар, Департаментте құқықтық насихаттау және түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Түсіндірме жұмыстары Департаменттің әлеуметтікжелідегі аккаунтарында ашық жарияланып, азаматтарға қолжетімді.Бұл өз кезегінде, азаматтарға заңнамадағы өзгерістерді уақытылы хабардар еткенде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларының тиімділігінкүшейтеді.Департамент сыбайлас жемқорлық ішкі тәуекелінің нәтижесі бойынша талдау жасалынған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарыныңалдын алуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді.Мемлекеттік кірістер органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көріну ықтималдығын болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақытылы анықтау және болдырмау мақсатында жұмыстардыңжүргізілуі нәтижелілігіне алып келеді.

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.