«Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-ХІІ Заңының баптарына, және Облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысына сәйкес Аманкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аманкелді ауылдық округінің жаңа қоныстану аймағындағы атауы жоқ көшеге (1-көше) «Балабай Оралбаевтың» есімі берілсін.
- Аманкелді ауылдық округінің жаңа қоныстану аймағындағы атауы жоқ көшеге (2-көше) «Бәкеш Наймановтың» есімі берілсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі З.Жаманкулов