Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: 2026 жылғы 19 мамырдағы №14 В35 жағдайына қатысты шұғыл хабарлама, «Ақсу қ. балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК оқушысында
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы 21 мамырдан бастап 2026 жылғы 16 маусымға дейін
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Ақсу қ. балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
Ауру жұқтырған адам соңғы рет барған сәттен бастап байланыста болған тұлғаларға 30 күн бойы бақылау қамтамасыз етілді.
Әрбір науқасты қарап-тексергеннен кейін пациент жанасқан барлық заттар мен беттерді саңырауқұлақ аурулары кезінде қолданылатын режимдер бойынша дезинфекциялық өңдеу жүргізілмейді;
Ауысым соңында аспаптық және жұмыс үстелдерін дезинфекциялаушы ерітіндіге малынған шүберекпен сүрту жүргізілмейді;
Әр ауысымнан кейін бөлмені және жиһазды (соның ішінде кушеткаларды, медициналық шкафтардың сөрелерін) сабынмен, содамен және жуғыш заттармен ылғалды жинау толық көлемде жүргізілмейді;
Аталған фактілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 12-параграфы 103-тармағының 1-тармақшасының 1), 8), 9) тармақшаларының талаптарын бұзу болып табылады.
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)заңды тұлғалар – жеке тұлға қатысты шаралар қабылданды
8.Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды,Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды