Ертіс ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі функционалдық бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:
- Заң көмегін ұйымдастыру, құқықтық насихат.
- Жұмылдыру даярлығы.
Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz., интернет - порталында тіркелуі және [email protected] электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдері: 2026 жылғы 17-22 маусым аралығында.