Есеп
«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 2025жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы
|
1. Жалпы ережелер. | ||
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер |
1. «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша – бөлім) Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Бөлімнің ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, Федоров ауданының әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. 3. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі 5. Егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Бөлім Федоров ауданы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 10. Ереже «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Федоров ауданының бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. 12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. | |
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
1) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны |
245 |
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны |
43 | |
3) тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны |
12 – тегін | |
4) қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны |
4–электрондық/ 1–қағаз/ 7–қағаз-электрондық | |
5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны |
12 | |
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
2025 жылдың 12 айында бөліммен 245 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2025 жылдың 12 айында жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту – 206 қызмет көрсетілді. | |
|
2 Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс | ||
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қол жеткізу орындары туралы мәліметтер: |
Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына, регламенттеріне сілтемелер орналастырылған Федоров ауданының мемлекеттік қызмет беруші органдарының Байланыс телефондары, олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады. Бөлімде нормативтік құқықтық актілермен, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен стендтер ресімделді, Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар анықталды. | |
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді | |
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар) |
2025 жыл ішінде бөлімде Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге қатысты 3 семинар кеңес өткізілді | |
|
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет. | ||
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады. | |
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар интеграцияланған ақпараттық жүйемен жұмыс жөніндегі семинарларға қатысады elicense.kz. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру жоспары-кестесінің негізінде жүзеге асырылады. | |
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру |
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментіне (Ақпараттық жүйелерді жетілдіру туралы, Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі мен тізбесін қысқарту туралы және т. б.) ұсыныстар жолданды | |
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау | ||
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат. |
Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан бөлімге Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. | |
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. |
Федоров ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі бекіткен 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес бөлімде 1 ішкі бақылау іс-шарасы жоспарланып, өткізілді. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар жоқ. | |
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері. |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2024 жылы тексеру жүргізген жоқ. | |
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. |
2025 жыл ішінде бөлімде Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге қатысты 3 семинар кеңес өткізілді. | |
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары. | ||
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды электрондық форматқа автоматтандыру болып табылады. Тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында «электрондық үкімет порталы» арқылы, оның ішінде Ақпараттық жүйелер арқылы рұқсат беру құжаттарын беру бойынша көрсетілген қызметтер санын ұлғайту бойынша оң үрдіс байқалады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толығымен бағдарлана отырып жалғастырылатын болады. | ||