Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

    maslihat-zhylyoy-district

    maslihat-zhylyoy-district·

    Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 2-тармағына және 19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылғы 23 маусымда сағат 10.30-да аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 46 сессиясын шақыру туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

    Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізілді:

    1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №29-1 «Жылыой ауданы бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    2. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 «Жылыой аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    3. Басқа да мәселелер.

    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылғы 23 маусымда сағат 09.30-да өткізіледі.

    Жылыой аудандық мәслихаты

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.