ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

    Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    «Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты»
    мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі
    сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

    Коробиха ауылы 17.06.2026 ж.

    Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сондай-ақ Коробиха ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 22 мамырдағы №31-н өкімі негізінде «Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізілді.

    Ішкі талдау 2026 жылғы 1 қаңтар мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңді қамтыды.

    СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

    1) объектінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2) объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    СЖТІТ жүргізу барысында төмендегілер пайдаланылды:

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 7 сәуірде бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар);

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары.

    СЖТІТ 2026 жылғы 1 маусым мен 1 шілде аралығында жүргізілді.

    Коробиха ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 22 мамырдағы №31-н өкіміне сәйкес жұмыс тобының мүшелері ретінде ауылдық округ әкімі, Аппараттың бас мамандары және статист айқындалды.

    Аппарат өз қызметін Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 қазандағы №312 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Аппаратта мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинарлар мен тренингтер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан қорғау бойынша білім беру бағдарламалары өткізіледі. Сонымен қатар, 2026 жылғы наурыз айында Коробиха ауылдық округінің әкімі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет негіздері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары» тақырыбында тестілеуден өтіп, сертификат алды.

    СЖТІТ жүргізу барысында Аппаратта 1 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.

    Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке қатысты мемлекеттік қызметшілердің функционалдық міндеттерін айқындау көрсеткіші бойынша:

    – мемлекеттік қызметшілердің функционалдық міндеттерінен бөлек жекелеген міндеттердің бөлінуі және оларды орындау кезіндегі жауапкершіліктің бөлінуі.

    Коробиха ауылдық округі әкімі аппаратында барлығы 2 бас маман жұмыс істейді. Аппаратта округ әкімінің өкімімен штаттағы мемлекеттік қызметшілер арасынан ақпараттық қауіпсіздікке жауапты маман тағайындалған. Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттері бойынша жүктемеге ие.

    Нәтижесінде ақпараттық жүйелердің жұмысын, қызметтік ақпаратты қорғауды, электрондық ресурстарға қолжетімділікті басқаруды және ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын тиісті деңгейде бақылау жүзеге асырылмайды. Бұл деректерге рұқсатсыз қол жеткізуге, оларды өзгертуге немесе жасыруға, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға жағдай туғызуы мүмкін.

    Ұсынымдар:

    – қызметкерлерге ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша оқытуды ұйымдастыру;

    – ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті тұрақты бақылауды қамтамасыз ету;

    – бағдарламалық қамтамасыз етуді және вирусқа қарсы қорғауды уақтылы жаңартуды қамтамасыз ету.

    Жұмыс тобының құрамы:

    Коробиха ауылдық округінің әкімі Д. Доржанов

    «Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты»
    мемлекеттік мекемесінің бас маманы Б. Қарғамбекова

    «Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты»
    мемлекеттік мекемесінің бас маманы Е. Рябыкина

    «Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты»
    мемлекеттік мекемесінің статисті Ю. Сташкова

    Ұқсас материалдар

    Противодействие коррупции

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы

    ХАБАРЛАНДЫРУ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы «Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды. Талқылаудың мақсаты – мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою жөніндегі шаралар бойынша азаматтардан, қоғам өкілдерінен және өзге де мүдделі тұлғалардан ұсыныстар мен ескертулер алу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерімен мекеменің ресми интернет-ресурсында танысуға болады. Ұсыныстар мен ескертулер талдау нәтижелері жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады. Барлық мүдделі азаматтарды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. Сіздердің пікірлеріңіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыруға және мемлекеттік орган қызметін жетілдіруге ықпал етеді.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.