«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына, 4-бабының, 36-2 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2026 жылғы 17 маусымдағы №02-10/987 хатының негізінде Жалағаш ауданының аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидаттар Жусупова Қымбат Әнуарқызы, Жоламанова Роза Нұрланқызы, Алыбаев Жасұлан Тәңірбергенұлы, Қорғанбек Төлеген Қорғанбекұлының Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
- Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидаттарға қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
- Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова
АСК-128
17 маусым 2026 ж