«Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде басшылықты, мәдениет және өнер, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының тілдерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
«Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
pavlodar-pvl
Ұқсас материалдар
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Павлодар қаласының әкімдігі 2026 жылғы 8 шілдеде Павлодар қаласы, Кривенко көшесі 25, 523-кабинет мекенжайында өтетін жолаушылар мен багажды қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурсқа келесі маршруттар (маршрут) пакеттері ұсынылады: - № 1 лот: үлкен сыйымдылықтағы 1-класты № 57, 40, 52 автобус маршруттарының пакеті; № 2 лот: үлкен және орта сыйымдылықтағы 1-класты № 126, 41, 31 автобус маршруттарының пакеті; № 3 лот: үлкен және орта сыйымдылықтағы 1-класты № 53, 115 автобус маршруттарының пакеті; № 4 лот: үлкен сыйымдылықтағы 1-класты № 11, 55, 16 автобус маршруттарының пакеті; № 5 лот: орташа сыйымдылықтағы № 14 автобус маршрутының пакеті. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, автокөлік құралдарын меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс құжаттарының жиынтығын алу үшін «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не Павлодар қаласы, Кривенко көшесі 25, 523-кабинет мекенжайы бойынша жазбаша өтінім ұсынады. Конкурс құжаттарын алуға өтінімдерді және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы «23» маусым. 2026 жылғы «8» маусымда конкурстық Комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді. 7. Анықтама үшін 87755430182 телефоны арқылы хабарласуға болады.