«Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы№ 8-9-2«СолтүстікҚазақстан облысыАйыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»мәслихатының шешімі жобасына
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағы, «Әлеуметтік көмек көрсетудің үлгілік қағидаларын бекіту, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 Қаулысы болып табылады .
Мәслихаттың бұл шешімінің мақсаты:
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының заңды мүдделерін іске асыру және ҚР Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Ұсыныстарды, ескертулерді жинау және жобаны жария талқылау 2026 жылдың 30 наурыздан аралығында өтеді.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде және «Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтында орналастырылған.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Казбеков