30 сұрақ

    atyrau-inder

    atyrau-inder·

    Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктері және мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру, қайта атау қалай жүргізіледі?

    - Әкімшілік-аумақтық бірліктер (елді мекендер) және олардың құрамдас бөліктеріне (көше, даңғыл, көпір т.б.) атау беруде ең алдымен жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріледі. Сәйкесінше, атау беру, қайта атау тәртібі республикалық "Тарихи тұлғалар", "Дәстүрлі атаулар", "Жер-су атаулары" тізімдері бойынша жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастық жиналысының қорытындысына сәйкес өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімі негізінде облыстық ономастика комиссиясынының қарауына ұсынылады. Ауыл, ауылдық округ, кент, аудандық маңызы бар қала елді мекендері мен құрамдас бөліктері үшін облыстық ономастика комиссиясы, ал облыстық маңызы бар қала көшелеріне республикалық ономастика комиссиясы қорытынды береді. Қазіргі уақытта ономастикалық нысандарға (көше, объект атауы, елді мекен т.б.) жеке тұлғалардың есімдерінен гөрі, дәстүрлі атаулар мен жер-су атауларын қоюға басымдық беріледі. Мемлекет меншігіндегі объектілерге тоқталатын болсақ, оларға атау беру, қайта атау жоғарыда көрсетілген тізімдерге сәйкес, сондай-ақ ұжым қолдауы арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік меншіктегі нысандарға атау беру республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде жүзеге асады.

    ҚР-дағы Тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген?

    - "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75,455-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабына сәйкес тіл туралы заңның 21-бабында көрсетілген талаптарды сақтамау, ең алдымен ескерту, 1 жыл ішінде қайталанып жасалса айыппұл салуға әкеп соғады. Құқық бұзушылық түрлері: ас мәзірлерінің тек қана орыс немесе басқа да тілдерде рәсімделуі, көрнекі ақпараттар мен деректемелерді тек орыс тілінде ғана орналастыру және теңтүпнұсқалы аударманың сақталмауы, әдеби тіл нормасына сәйкессіздік т.б. ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 455-бабының 3-тармағына сәйкес жарнама тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу айыппұл салуға әкеп соғады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.