Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады.
ҚРҰБ-ның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың мамырынан бастап 2026 жылдың сәуіріне дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,00 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 8,57% болды. Осы уақыт аралығында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс 108,19 млрд теңгені құрады, кірістілік 17,49%.