Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ - нің 2026 жылғы 8 маусымдағы № 24-21-23-4-11/629--И (2026 жылғы 08.06.2026 күнгі №492 кіріс хаты) түскен пациенттің кеуде қуысының флюрографиялық тексеруден өткенін анықтау фактісі бойынша ақпарат.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Плотникова Наталья Николаевна - Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының рентген-диагностика бөлімінің меңгерушісі.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 09.06.2026 ж. - 15.06.2026 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: көпсалалы клиника «ADAM CLINIC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық қағидалардың бірқатар бұзушылықтары анықталды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Көпсалалы клиника «ADAM CLINIC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін кәсіпкерлік субъектісіне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 425-баптың 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды, сонымен қатар іс-шараларды көрсете отырып, ұсыныс берілді.