12-ө от 2026 жылы 08.04.
2026 жылға арналған мемлекеттік органдарда, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 3-тармағына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес:
- Осы өкімінің қосымшасына сәйкес, 2026 жылға арналған мемлекеттік органдарда, ведомстволық бағынысты ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілсін.
- Мемлекеттік мекемелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына, сондай-ақ ауылдық округтердің, ауылдар мен Қарабалық кенті әкімдеріне:
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы тиісті актілер қабылдансын;
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне басшылық жасауға, оларды үйлестіруге және ішкі талдау жүргізуге жауапты лауазымды адамдар белгіленсін;
жүргізілген талдаудың нәтижелерін белгіленген тәртіппен уақтылы ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы өкімінің орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары А.А. Сиитоваға жүктелсін.
Р. Халықов