«Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі телеарналар арасында өңірлік (облыс, қала және аудан) деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77-үй, 412-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі
2026 жылғы 3 шілде күнгі сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77-үй, 412-кабинет мекенжайы бойынша
2026 жылғы 7 шілде күнгі сағат 11:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағиданың 14 және 15-тармақтарына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035356
https://zan.gov.kz/client/#!/doc/212624/kaz
https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/documents/details/874485?lang=kk