Ауданның жергілікті мемлекеттік органдары мемлекеттік тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің 49 түрін көрсетеді. 2026 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша барлығы 346 мемлекеттік қызмет көрсетілді. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі" ММ ұсынымдарын қарау бойынша тікелей эфир арқылы 1 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі https://www.instagram.com/reel/DWYPNSQjUKj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==), тұрғындармен 10 ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді, аудандық Ұлытау газетінде 2 мақала жарияланды.
Ауданның мемлекеттік мекемелерінде азаматтарды қабылдау үшін жағдайлар жасалған, Egov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға практикалық көмек көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған ақпараттық стендтер орналастырылды,
«Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің
құжаттамалық қамтамасыз ету, ақпараттық
технологияларды дамыту және мемлекеттік
қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы Ә.Қайрат