Астанa қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша аналитикалық анықтама

    Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы

    Астанa қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша аналитикалық анықтама

    Астанақаласы17.06.2026жылғы

    Басқарма – коммуналдық тұрғын үй қоры тұрғын үйді беру және тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік басқарудың жеке функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

    Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

    1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2) Басқарманың ұйымдастырушылық-құқықтық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Алдыңғы ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Басқарма басшысының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 03-07/71/1 бұйрығы негізінде жүргізілген.

    • Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Басқарма қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, ҚР Президентінің және Үкіметінің актілері негізінде жүзеге асырады, оның ішінде:

    - Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы;

    - Қазақстан Республикасы «Архитектуралық, қалақұрылыстық және құрылыс қызметі туралы» Заңы;

    - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қаулысы;

    - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1225 «Астана қаласының авариялық тұрғын үйлерін жаңғырту және қайта жаңарту бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысы;

    - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жалдаған жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою ережелерін бекіту туралы»;

    - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру ережелерін бекіту туралы» Қаулысы және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру мемлекеттік қызметін көрсету ережелерін бекіту туралы»;

    - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығы «Қауіпті өндірістік нысандар мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару ережелерін бекіту туралы»;

    - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 182-748 «Көппәтерлі тұрғын үйлердің фасадтарын, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ережелерін бекіту туралы»;

    - Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 347/46-VIII «Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санатын анықтау туралы» шешімі, сондай-ақ басқа нормативтік-құқықтық актілер мен Басқарма Ережесі.

    Аталған нормативтік-құқықтық актілерді қолдану барысында заңдық бұзушылықтар, нормалардың қайшылықтары, кең дискрециялық өкілеттіктер және түзетуді қажет ететін басқа тәуекелдер анықталған жоқ.

    Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын қолдану барысында тәуекел анықталды (соттың құқық қолдану практикасы бөлімін қараңыз).


    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    2) Басқарманың ұйымдастырушылық-құқықтық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    1. Қызметкерлерді басқару, ұйымдастырушылық қызмет.
      Астана қаласы әкімінің 2026 жылғы 31 наурыздағы №1-15 өкімі негізінде «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ құрылымына өзгерістер енгізілді. Штат саны – 31 бірлік. Қазіргі уақытта екі бос лауазым бар.
      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
    1. Мүдделер қақтығысы реттеу

    Басқарма мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын бақылау мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді – есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, шектеулердің бұзылуы және мемлекеттік қызметшілердің мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету

    2025 жылғы мамыр мен 2026 жылғы мамыр аралығында 5294 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

    – тұрғын үй сертификаттарын беру – 234;

    – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру – 1656;

    – қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару – 2942;

    – қауіпті өндірістік объектілерді салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жою бойынша жобалық құжаттаманы келісу – 462.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша тұрғындар арасында тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
    Халықты мемлекеттік қызметтердің тәртібі және Басқарманың қызметі туралы хабардар ету мақсатында ғимаратта, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тоқтату туралы сенім телефондарының көрсетілген ақпараттық стендтер орналастырылған.
    Азаматтардың қатысуымен Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі Басқарманың ресми парақшаларында тұрақты түрде тікелей эфирлер өткізіледі.
    Басқарманың https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh?lang=kk сайты, сондай-ақ қалалық әкімдіктің бағынышты ұйымдарының сайттары, оның ішінде КММ «Тұрғын үй қоры» сайты бар, оларда мемлекеттік бағдарламалар және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру тәртібі туралы барлық өзекті ақпарат орналастырылған.

    Басқарманың интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» арнайы бөлімі жұмыс істейді, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жұмыстары, нормативтік-құқықтық актілер, ведомстволық жоспарлар және талдау нәтижелері орналастырылған.
    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде ақпарат алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен деректерді сұратуға жол берілмейді.
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Тұрғын үй даулары бойынша сот практикасы

    1. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде азаматтардың әкімшілік талап қоюлары бойынша кең сот тәжірибесі қалыптасқан.

    Ең жиі дауласылатын мәселелер:

    – жалдаушының отбасы мүшесі деп тану;

    – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттарын жасасу және ұзарту;

    – тұрғын үйді жекешелендіру;

    – тұрғын үйді бұзу кезінде тұрғын үй беру;

    – қайта қаржыландырудан бас тарту мәселелері;

    – тұрғын үй инспекциясының тексеру жүргізуден бас тартуын даулау.

    2026 жылғы 7 сәуірдегі Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жеке ұйғарымы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2026 жылғы 17 маусымдағы ұсынуы негізінде келесі тәуекел анықталды:

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы алдын ала шешім бойынша тыңдау рәсімдерінің өткізілмеуі.

    Соттың жеке ұйғарымында жауапкерлердің әкімшілік рәсімге қатысушыларға өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру мақсатында АРПК-нің 73-бабында көзделген міндетті тыңдау рәсімін өткізбегені көрсетілген.

    Осыған байланысты қолданыстағы Қағидалардың жекелеген нормалары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына толық сәйкес келмейді деген қорытынды жасалды.

    Аталған тәуекелді жою мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс жолдау ұсынылады.

    1. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыр

    Басқарма рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

    1. Қадағалау функцияларын жүзеге асыру

    2025 жылғы мамыр мен 2026 жылғы мамыр аралығында тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларында, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 168 тексеру іс-шарасы өткізілді.

    Қалада 3636 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішінде 3291 үй МИБ немесе ЖС құруға жатады.

    Қазіргі уақытта 1614 үйде 1432 МИБ және 800 жай серіктестік құрылған. Жаңа басқару нысандарына өткен үйлер саны – 2390 немесе 73%.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Басқарманың бюджетін жоспарлау және орындау

    Басқарманың бюджеті Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабы негізінде жоспарланады.
    Бюджет Басқарманың даму жоспарлары мен қызметіне сәйкес қалыптасады.
    Көрсетілген қаржы толық көлемде және уақытылы игерілді:
    2020 жыл – 10,2 млрд теңге (100%)
    2021 жыл – 8,4 млрд теңге (100%)
    2022 жыл – 18,7 млрд теңге (100%)
    2023 жыл – 23,1 млрд теңге (100%)
    2024 жыл – 45,8 млрд теңге жоспарланды, 39,9 млрд теңге игерілді (87,1%)

    2025 жыл – 48,8 млрд теңге (100%)

    Ағымдағы жылы қаржыландыру – 45,2 млрд теңге.
    Анықтамалық:

    • Басқарма аппаратын ұстауға – 815,4 млн теңге.
    • Апатты тұрғын үйлерді бұзуға – 362,4 млн теңге.
    • Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруға – 2,0 млрд теңге, оның ішінде: Басқармаға – 0,3 млрд теңге, Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-не – 1,7 млрд теңге.
    • Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге – 1,8 млн теңге.
    • Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарына – 720,8 млн теңге, оның ішінде: Басқармаға – 717,3 млн теңге, Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-не – 3,5 млн теңге.
    • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на бюджеттік кредит беруге – 3,8 млрд теңге.
    • Ортақ мүлікті техникалық тексеруге және кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындауға – 22,3 млн теңге.
    • Жер учаскелерін алып қоюға – 12,7 млрд теңге (жергілікті бюджет қаражаты есебінен).
    • Апатты тұрғын үйлер иелерін көшіру үшін тұрғын үй сатып алуға – 20,0 млрд теңге.
    • Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерге – 250,0 млн теңге.
    • Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын күрделі жөндеуге – 2,4 млрд теңге.
    • Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға – 1,5 млрд теңге.
    • Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беруге – 650,0 млн теңге..

    Бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Басқармада және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

    Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған жаңадан қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес, Басқарманың 2026 жылғы 21 қаңтардағы №03-07/11 бұйрығымен Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.

    Ведомстволық басқаруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыратын бес ведомстволық бағынысты ұйым бар:

    • КММ «Тұрғын үй қоры»;
    • «Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мүлік» ШЖҚ МКК;
    • «Астана-Өрнек» ЖШС;
    • «Өркен қала» ЖШС;
    • «Пәтер бюросы» АҚ (тарату процесі басталды).

    Астана қаласы әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік секторға жататын ведомстволық бағынысты ұйымдарда комплаенс-қызметтер құрылған немесе қолданыстағы бөлімшелерге осы өкілеттіктер жүктелген.

    Ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік ұйымдардың атаулары

    Жауапты адамның толық аты-жөні

    1

    «Өркен қала» ЖШС

    Махметов Кайрбек Мусиевич комплаенс офицер 870515447019

    2

    «Астана-Өрнек» ЖШС

    Ахметова Гульгайша Аскаровна, комплаенс-менеджер, 87051962272, 87758128561

    3

    «Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мүлік» ШЖҚ МКК;

    Базаров Талгат Женисбаевич, главный специалист отдела правового обеспечения по изъятию земельных участков,

    87012884917

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Астана қаласы әкімінің аппараты бекіткен кестеге сәйкес комплаенс қызметтері тарапынан жүргізіледі.

    ҚОРЫТЫНДЫ ҰСЫНЫСТАР:

    – жолданған сұраулар бойынша қабылданған шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

    – проблемалық мәселелерді түгендеу жұмыстарын жалғастыру;

    – азаматтардың құқықтарының бұзылу тәуекелдері анықталған жағдайда оларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау..

    Пивоварова Светлана

    Александровна

    Тушинская Алеся

    Сергеевна

    Сикимова Зарема

    Маратқызы

    Сабырғалиев Талгат Сабырғалиұлы

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.