«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті елу екінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. 2025 жылғы арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашы: Ахметова Ш.Х. – Шортанды ауданы әкімінің м. а.
2. 2025 жылғы арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашы: Ахметова Ш.Х. – Шортанды ауданы әкімінің м. а.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-47/2 «2026-2028 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Қ. Мұнтаева.
4. Шортанды ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/3 «2025-2029 жылдарға арналған Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/3 «2025 - 2029 жылдарға арналған Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ : 1. Шортанды аудандық мәслихатының «2025-2029 жылдарға арналған Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/3 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 2025-2029 жылдарға арналған Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г. Сәдуақасова «КЕЛІСІЛДІ» Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы 9 маусым 2026 жыл ______________ Ш. Ахметова Шортанды ауданы «Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушысы 9 маусым 2026 жыл ______________ Г. Турсумбекова
Шортанды аудандық мәслихаты ны ң сегізінші шақырылымны ң кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселелер туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Шортанды аудандық мәслихатының регламентіне және Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Шортанды аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына келесі мәселелер енгізілсін: 1. Шортанды аудандық мәслихат төрағасының аудандық мәслихаттың қызметі туралы есебі. Баяндаушы : Шортанды аудандық мәслихаттының төрағасы Г. Ә.Сәдуақасова. 2. Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы. Баяндаушы : Шортанды ауданының әкімінің орынбасары. 2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді. Аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова
2025 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Х. Ахметованың «2025 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы» есебін тыңдап және талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдары мен Шортанды және Жолымбет кенттері әкімдерінің аппараттары, Дамса, Новокубанка, Петровка, Андреевка, Раевка, Пригородный, Новоселовка ауылдық округтерінің, Бозайғыр және Бектау ауылдық округтерінің 2025 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттерін орындау бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілгендігін атап өтті. 2025 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттері аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/2 шешімімен бекітілген. Жүргізілген нақтылаулар мен түзетулердің нәтижелері бойынша 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орындалу 1 208 454,0 мың теңгені құрады, оның ішінде салықтық түсімдер 492 773,1 мың теңгені, салықтық емес түсімдер 489,4 мың теңгені, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 104 048,9 мың теңгені, трансферттер түсімдері 611 142,7 мың теңгені (оның ішінде субвенциялар-105 500,0 мың теңге) құрады. Бюджеттің 4-ші деңгейі бойынша 11 ауылдық округ пен кенттер (ЖӨБ) салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді орындау 103,1% құрады, жоспар бойынша 579 527,4 мың теңге, бюджет кірісіне 597 311,4 мың теңге түсті, асыра орындалу 17 784,0 мың теңгені құрады, оның ішінде: «Шортанды кенті әкімінің аппараты» ММ салықтық, салықтық емес түсімдердің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы 104,6% құрады, жоспар бойынша 174 898,0 мың теңге, бюджет кірісіне 182 927,2 мың теңге түсті, асыра орындалу 8 029,2 мың теңгені құрады; «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» ММ салық және салықтық емес түсімдердің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы 100,1% құрады, жоспар бойынша 118 150,0 мың теңге, бюджет кірісіне 118 309,9 мың теңге түсті, асыра орындалу 159,9 мың теңге; «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ салықтық, салықтық емес түсімдердің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы 100,4% құрады, жоспар бойынша 134 418,3 мың теңге, бюджет кірісіне 134 951,2 мың теңге түсті, асыра орындалу 532,9 мың теңге; «Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ салық түсімдерінің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы 100,3% құрады, жоспар бойынша 22 000 мың теңге, бюджет кірісіне 22 060,9 мың теңге түсті, асыра орындалу 60,9 мың теңге; «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ салық түсімдерінің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы 109,0% құрады, жоспар бойынша 58 195,8 мың теңге, бюджет кірісіне 63 428,1 мың теңге түсті, асыра орындалу 5 232,3 мың теңге; «Бектау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ салық түсімдерінің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы 102,9% құрады, жоспар бойынша 14 107,6 мың теңге, бюджет кірісіне 14 519,9 мың теңге түсті, асыра орындалу 412,3 мың теңге; «Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ салық түсімдерінің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы 99,6% құрады, жоспар бойынша 17 500 мың теңге, бюджет кірісіне 17 085,6 мың теңге түсті, орындалмау 414,4 мың теңге; «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ салық түсімдерінің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы 85,7% құрады, жоспар бойынша 10 430,0 мың теңге, бюджет кірісіне 8 942,3 мың теңге түсті, орындалмау 1 487,7 мың теңге; «Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ салықтық, салықтық емес түсімдердің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы 140,9% құрады, жоспар бойынша 6 449,0 мың теңге, бюджет кірісіне 9 087,7 мың теңге түсті, асыра орындалу 2 638,7 мың теңге; «Пригородный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ салықтық, салықтық емес түсімдердің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы 102,0% құрады, жоспар бойынша 10 500 мың теңге, бюджет кірісіне 10 712,8 мың теңге түсті, асыра орындалу 212,8 мың теңге; «Новоселовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ салықтық, салықтық емес түсімдердің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы 118,7% құрады, жоспар бойынша 12 878,7 мың теңге, бюджет кірісіне 15 285,7 мың теңге түсті, асыра орындалу 2 407,0 мың теңге; «Шортанды кенті әкімінің аппараты» ММ бюджетінің шығындары 2025 жылы 100% орындалды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылау нәтижелері бойынша шығындар көлемі кіріс бөліктің ұлғаюына және бос қалдықтарды бөлуге байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (197 000,0 мың теңге) 38 478,1 мың теңгеге ұлғайды және 235 478,1 мың теңгені құрады. «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» ММ бюджетінің шығындары 2025 жылы 100% орындалды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылау нәтижелері бойынша шығындар көлемі кіріс бөліктің ұлғаюына және бос қалдықтарды бөлуге байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (150 000,0 мың теңге) 49 010,3 мыңға ұлғайтылды және 199 010,3 мың теңгені құрады. «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджетінің шығындары 2025 жылы 100% орындалды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулардың нәтижелері бойынша шығындар көлемі кіріс бөліктің ұлғаюына және бос қалдықтарды бөлуге байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (170 000,0 мың теңге) 99 447,8 мың теңгеге ұлғайтылды және 269 447,8 мың теңгені құрады. «Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджетінің шығындары 2025 жылы 99,6% орындалды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулардың нәтижелері бойынша шығындар көлемі кіріс бөліктің ұлғаюына және бос қалдықтарды бөлуге байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (52 791,0 мың теңге) 1 089,5 мың теңгеге ұлғайтылды және 53 880,5 мың теңгені құрады. «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджетінің шығындары 2025 жылы 100% орындалды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылау нәтижелері бойынша шығындар көлемі кіріс бөліктің ұлғаюына және бос қалдықтарды бөлуге байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (93 311,0 мың теңге) 41 031,4 мың теңгеге ұлғайтылды және 134 324,4 мың теңгені құрады. «Бектау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджетінің шығындары 2025 жылы 100% орындалды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулардың нәтижелері бойынша шығындар көлемі кіріс бөліктің ұлғаюына және бос қалдықтарды бөлуге байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (45 108,0 мың теңге) 18 276,2 мың теңгеге ұлғайтылды және 63 384,2 мың теңгені құрады. «Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджетінің шығындары 2025 жылы 100% орындалды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулардың нәтижелері бойынша шығындар көлемі кіріс бөліктің ұлғаюына және бос қалдықтарды бөлуге байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (53 149,0 мың теңге) 27 945,8 мың теңгеге ұлғайтылды және 81 094,8 мың теңгені құрады. «Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджетінің шығындары 2025 жылы 100% орындалды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулардың нәтижелері бойынша шығындар көлемі кіріс бөліктің ұлғаюына және бос қалдықтарды бөлуге байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (49 953,0 мың теңге) 71 807,4 мың теңгеге ұлғайтылды және 121 760,4 мың теңгені құрады. «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджетінің шығындары 2025 жылы 97,8% орындалды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылау нәтижелері бойынша шығындар көлемі кіріс бөліктің ұлғаюына және бос қалдықтарды бөлуге байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (36 192,0 мың теңге) 30,0 мың теңгеге ұлғайтылды және 36 222,0 мың теңгені құрады. «Пригородный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджетінің шығындары 2025 жылы 100% орындалды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылау нәтижелері бойынша шығындар көлемі кіріс бөліктің ұлғаюына және бос қалдықтарды бөлуге байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (54 416,0 мың теңге) 9 638,1 мың теңгеге ұлғайтылды және 64 054,1 мың теңгені құрады. «Новоселовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджетінің шығындары 2025 жылы 100% орындалды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылау нәтижелері бойынша шығындар көлемі кіріс бөліктің ұлғаюына байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (40 288,0 мың теңге) 18 934,7 мың теңгеге азайтылды және 59 222,7 мың теңгені құрады. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 128-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің «2025 жылғы Шортанды ауданы бюджетінің атқарылуы туралы» есеп-қорытындысының негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Шортанды ауданы әкімінің м.а. Ш.Х.Ахметованың «Кенттер мен ауылдық округтердің 2025 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы туралы» есебі назарға алынсын. 2. Кенттер мен ауылдық округтердің 2025 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы туралы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есеп-қорытындысы назарға алынсын. 3. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есеп-қорытындысында көрсетілген ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, «Кенттер мен ауылдық округтердің 2025 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы туралы» есеп қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін: 1. «Шортанды кенті әкімінің аппараты» ММ бюджеті: 1) кірістер - 239 927,2 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 157 603,3 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 28,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 25 295,9 мың теңге; трансферттер түсімдері - 57 000,0 мың теңге; 2) шығындар – 235 743,8 мың теңге; 3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 183,4 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – (-4 183,4) мың теңге. 2. «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» ММ бюджеті: 1) кірістер – 125 509,9 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 116 456,8 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 9,4 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 843,7 мың теңге; трансферттер түсімдері - 7 200,0 мың теңге; 2) шығындар – 199 000,2 мың теңге; 3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы (профициті) - (-73 490,3) мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 73 490,3 мың теңге. 3. «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджеті: 1) кірістер – 254 980,1 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 79 954,3 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 40,2 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 54 956,6 мың теңге; трансферттер түсімдері – 120 028,9 мың теңге; 2) шығындар – 269 395,8 мың теңге; 3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы (профициті) - (-14 415,7) мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 14 415,7 мың теңге. 4. «Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджеті: 1) кірістер - 53 308,9 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 19 288,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 9,2 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 52,1 мың теңге; трансферттер түсімдері - 31 248,0 мың теңге; 2) шығындар - 53 675,1 мың теңге; 3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы (профициті) - (-366,2) мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 366,2 мың теңге. 5. «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджеті: 1) кірістер - 134 707,2 мың теңге, оның ішінде: салық түсімдері - 52 848,4 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 46,3 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 533,4 мың теңге; трансферттер түсімдері - 71 279,1 мың теңге; 2) шығындар – 134 323,0 мың теңге; 3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы (профициті) - 384,2 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - (-384,2) мың теңге. 6. «Бектау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджеті: 1) кірістер – 41 619,5 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 11 116,7 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 403,2 мың теңге трансферттер түсімдері – 27 099,6 мың теңге; 2) шығындар – 63 383,2 мың теңге; 3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы (профициті) –(- 21 763,7) мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 21 763,7) мың теңге. 7. «Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджеті: 1) кірістер – 121 346,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 16 232,2 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 853,4 мың теңге; трансферттер түсімдері – 104 260,4 мың теңге; 2) шығындар – 121 756,5 мың теңге; 3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы (профициті) - (-410,5) мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 410,5 мың теңге. 8. «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджеті: 1) кірістер – 31 534,3 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 8 608,6 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 9,2 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 324,5 мың теңге; трансферттер түсімдері - 22 592,0 мың теңге; 2) шығындар - 35 407,5 мың теңге; 3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы (профициті) - (-3 873,2) мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 3 873,2 мың теңге. 9. «Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджеті: 1) кірістер - 82 732,6 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 8 386,3 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 221,4 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 480,0 мың теңге; трансферттер түсімдері – 73 644,9 мың теңге; 2) шығындар - 81 089,5 мың теңге; 3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 643,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - (-1 643,0) мың теңге. 10. «Пригородное ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджеті: 1) кірістер - 63 114,6 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 10 364,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 108,8 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 240,0 мың теңге; трансферттер түсімдері – 52 401,8 мың теңге; 2) шығындар – 64 052,8 мың теңге; 3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы (профициті) - (-938,2) мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 938,2 мың теңге. 11. «Новоселовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджеті: 1) кірістер – 59 673,7 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 9 202,9 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 16,8 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 066,0 мың теңге; трансферттер түсімдері – 44 388,0 мың теңге; 2) шығындар - 59 221,7 мың теңге; 3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы (профициті) - 452,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - (-452,0) мың теңге. 4. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері: - жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін, кiрiс бөлiктi толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзсін; - бюджеттік бағдарламалардың нәтижелерін жоспарлауға, негіздеуге және қол жеткізуге, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге, сондай-ақ көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бақылауды күшейтсін. 5. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді. Аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова
2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Х. Ахметованың «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін тыңдап, талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдары 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тиісті жұмыстарды жүргізгенін атап өтті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары 2024 жылмен салыстырғанда экономиканың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетеді. Аудан бойынша өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі үй шаруашылықтарын есепке алғанда қолданыстағы бағамен 2025 жылы 175 372,8 млн. теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне қарағанда 102,2% құрады. Мал шаруашылығы өнімінің көлемі өткен жылға қарай 212,4 млн. теңгеге ұлғайып, 7 525,0 млн. теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 6 790,4 млн. теңгеге ұлғайып, 41 005,6 млн. теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 29 823,8 млн. теңгені құрады, НКИ – өткен жылдың тиісті кезеңіне 205,3% құрады. Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130,8% -. құрады. Тұрғын үй құрылысына халықтың инвестициясы 9 545 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 78,1% - құрайды. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 1 091,6 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,6% құрады. 2025 жылы аудандық бюджетті нақтылау 4 рет жүргізілді, жүргізілген нақтылаулар аясында Шортанды ауданы әкімдігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулылары қабылданды. 2025 жылы аудандық бюджетті түзету 11 рет жүргізілді. Түзетілген жоспар кірістер бойынша 6 138 988,3 мың теңгені, шығыстар бойынша 6 172 155,1 мың теңгені құрады. Түсімдер жоспары тұтастай алғанда 100,9% орындалды, оның ішінде меншік кірістері 102,2% орындалды. Трансферттердің түсімі 100% құрады. 2025 жылы аудандық бюджет шығындары 100% - ға орындалды, бірақ 1 434 468,3 мың теңге сомасына азайтылды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулар мен түзетулердің нәтижелері бойынша шығындар көлемі жоғары тұрған бюджеттерден трансферттердің ұлғаюына және кіріс бөлігінің азаюына байланысты түзетілген жоспар 6 172 155,1 мың теңге болған кезде бастапқы бекітілген шығыстардан (5 722 454,0 мың теңге) 107,8% - ға немесе 449 701,1 мың теңгеге ұлғайтылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімін өндіру қарқынының (2024 жылғы деңгейге 94,4%) төмендеуі тіркелді. Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісінің (2024 жылға қарай 85,3%) төмендеуі байқалады. Жұмыспен қамту бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеді (орындау – 71%). Денсаулық сақтау саласында жалпы өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімнің, онкологиялық аурулардың өсуін қоса алғанда, бірқатар негізгі көрсеткіштердің нашарлауы байқалады. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту саласы шаралар қабылдауды талап етеді, онда жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілмеген (жоспар - 96%, факт - 94,7%). Бюджеттің өз кірістерінің үлесін ұлғайту және жоғары тұрған бюджеттердің трансферттеріне тәуелділікті азайту жөніндегі жұмысты жалғастыру, дебиторлық берешекті бақылауды және бюджет қаражатының уақтылы игерілуін күшейту, даму бағдарламаларының барлық нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, мал шаруашылығын дамыту, салықтық әкімшілендіруді арттыру, инвестициялар тарту және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 128-бабының 3-тармағын, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ «Шортанды ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» есебінің негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Шортанды ауданы әкімінің м.а. Ш.Х.Ахметованың «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі назарға алынсын. 2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының «Шортанды ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есеп-қорытындысы назарға алынсын. 3. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есеп-қорытындысында көрсетілген ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 6 142 573,1 мың теңге, оның ішінде; салықтық түсімдер - 2 511 343,2 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 23 716,6 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 029,6 мың теңге; трансферттер түсімдері - 3 592 483,7 мың теңге; 2) шығындар - 6 171 833,6 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру – (-62 990,6) мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 51 116,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 114 106,6 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 83 907,5 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - (-83 907,5) мың теңге. 4. Ұсынылсын: 1) аудан әкімдігіне: - әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең жақсы және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттің әзірленуі мен атқарылуын қамтамасыз ету; - жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кiрiс бөлiкті толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөнiндегi жұмысты жүргiзу; - бюджет қаражатын пайдалану кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер басшыларының жауапкершілігін қарау; 2) Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ: - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және орындау нәтижелеріне назар аударсын, ағымдағы жылға арналған аудан бюджетін жоспарлау және орындау барысында Тексеру комиссиясының ұсынымдарын ескерсін; 3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуін бақылауды күшейтсін, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне ерекше назар аударсын. 5. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді. Аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова
Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8649-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында: 10-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «3) 9 мамыр - Жеңіс күніне: 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»; 10-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «5) 1 қазан – Қарттар күніне: ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»; 11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмай көрсетіледі: 1) дүлей апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 2) өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 4) амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 5) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде; 6) қатерлі ісіктері бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 7) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 8) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет үш айдан кешіктірмей 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 9) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға «Жасанды бүйрек» аппаратында жүргізілетін гемодиализ алу кезеңінде жол жүруге ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 10) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 11) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 12) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға, коммуналдық қызметтер үшін шығындарын төлеуге ай сайын 3,5 (үш жарым) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде.». 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г. Сәдуақасова
Шортанды ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ : 1. Шортанды ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г. Сәдуақасова
Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-47/2 «2026-2028 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Шортанды аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-47/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1 тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 318 757,9 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 203 088,5 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 25 200 мың теңге; трансферттер түсімі – 90 469,4 мың теңге; 2) шығындар – 318 757,9 мың теңге;»; 2 тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 156 000 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 127 900 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 100 мың теңге; трансферттер түсімі – 26 000 мың теңге; 2) шығындар – 156 000 мың теңге;»; 3 тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 175 200 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 74 250 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 49 950 мың теңге; трансферттер түсімі – 51 000 мың теңге; 2) шығындар – 175 200 мың теңге;»; 4 тармақтың 1), 2), 5), 6) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 54 468 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 22 100 мың теңге; трансферттер түсімі – 32 368 мың теңге; 2) шығындар – 55 968 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-1 500) мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 500 мың теңге.»; 5 тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 196 348,9 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 70 000 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 000 мың теңге; трансферттер түсімі – 118 348,9 мың теңге; 2) шығындар – 196 348,9 мың теңге;»; 6 тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 74 227 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 30 685 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 315 мың теңге; трансферттер түсімі – 43 227 мың теңге; 2) шығындар – 74 227 мың теңге;»; 7 тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 68 608 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 17 100 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 900 мың теңге; трансферттер түсімі – 50 608 мың теңге; 2) шығындар – 68 608 мың теңге;»; 8 тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 50 289 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 13 260 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 340 мың теңге; трансферттер түсімі – 36 689 мың теңге; 2) шығындар – 50 289 мың теңге;»; 9 тармақтың 1), 2), 5) 6) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 59 301,9 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 10 740 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 260 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 500 мың теңге; трансферттер түсімі – 47 801,9 мың теңге; 2) шығындар – 63 201,9 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-3 900) мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 900 мың теңге.»; 10 тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 56 526 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 12 290 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 210 мың теңге; трансферттер түсімі – 44 026 мың теңге; 2) шығындар – 56 526 мың теңге;»; 11 тармақтың 1), 2), 5), 6) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 58 285,7 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 11 500 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 500 мың теңге; трансферттер түсімі – 46 285,7 мың теңге; 2) шығындар – 60 005,7 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-1 720) мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 720 мың теңге.»; көрсетілген шешімге 1, 4, 7, 10, 13, 16, 19, 22, 25, 28, 31, 34 қосымшалар осы шешімге 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г. Сәдуақасова «КЕЛІСІЛДІ» Шортанды ауданының әкімінің м.а. 9 маусым 2026 жыл _____________ Ш. Ахметова