БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар

    atyrau-kyzylkogy

    atyrau-kyzylkogy·

    БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар

    1. Ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) қайта қарау және жаңа мөлшерлерін қабылдаудың мақсаты қандай?

    ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың негізгі мақсаты – болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті ең төменгі зейнетақы жинақтарына қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ салымшының зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен кірісті алмастыру коэффициентін кезең-кезеңімен арттыру. Бұл ретте ең төменгі халықаралық стандарттар ескеріледі. Еске салсақ, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) талаптарына сәйкес, кірісті алмастыру коэффициенті кемінде 40% болуы тиіс.

    Жаңа әдістеме бойынша ТЖШ мөлшерін есептеу нақты өмір жағдайлары және зейнетақымен қамсыздандырудың мақсатты параметрлеріне барынша жақындатылмақ. Бұл азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде жеткілікті көлемде жинақсыз қалу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

    1. Ең төменгі жеткіліктілік шектері қалай айқындалады? Қандай факторлар ескеріледі?

    Өзгерістерге сәйкес, ТЖШ мөлшері болашақ зейнетақы төлемдерінің мақсатты көрсеткіштеріне сүйене отырып анықталады және әрбір салымшының жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы негізінде есептеледі.

    Формула ұзақмерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістіліктің пайыздық мөлшерлемелері және төлемдерді индекстеу) факторларды қамтиды. Бұл тәсіл азаматтардың болашақ төлемдерінің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Ол мақсатты төлемдерді қамтамасыз етуге қажетті жинақ көлемін айқындауға мүмкіндік береді және макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне тәуелділікті азайтады деп күтілуде.

    Зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге негізделеді. Атап айтқанда: жасына байланысты ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы мөлшері. Бұл көрсеткіштер жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

    Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігі қарастырылған кезде, зейнетақы шотында болашақтағы төлемдерді қамтамасыз етуге жеткілікті сома қалатыны міндетті түрде ескеріледі.

    1. Қабылданып жатқан өзгерістер болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қалай әсер етеді?

    Қолданыстағы ТЖШ есептеу әдістемесіне сәйкес, егер салымшы зейнетақы жинақтарын шектен асқан сомасын пайдаланса, болашақта зейнетке шыққанда шамамен 50 мың теңге көлемінде ғана төлем алуы мүмкін. Бұл қазіргі күнкөріс деңгейіне (КД) шамалас көрсеткіш. Бұл ретте қазіргі Әдістемеде салымшы зейнет жасына дейін міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлей береді деген болжам қарастырылған. Алайда іс жүзінде жарналар тұрақты аударылмауы немесе мүлде төленбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда қолданыстағы ТЖШ мөлшері күтілетін ең төменгі төлемдерді қамтамасыз ете алмайды. Соның салдарынан болашақтағы төлем көлемі күнкөріс минимумынан да төмен болуы ықтимал. Тіпті жарналар тұрақты төленіп, жинақтар қолданыстағы ТЖШ деңгейінде сақталған күннің өзінде, шамамен 50 мың теңге мөлшеріндегі жинақтаушы зейнетақы қазіргі медиандық жалақының 15%-ына да жетпейді.

    Анықтама үшін: Медиандық жалақы – бұл бүкіл ел үшін де, жекелеген аймақтар мен елді мекендер үшін де жалақыны есептеуге мүмкіндік беретін ел халқының кірістерін талдау үшін қолданылатын алғышарттардың бірі. Медиандық жалақы – бұл барлық жалақыны екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш: жұмысшылардың жартысы медианнан көп, ал екінші бөлігі бұл мәннен аз алады. Ол табыс жағдайын дәлірек көрсетеді. Алайда, ол әртүрлі факторлар, мысалы, экономикалық өсу, инфляция, еңбек нарығының жағдайы және саяси шешімдердің әсерінен өзгеруі мүмкін екенін ескеру қажет,

    Жаңа қабылданатын ТЖШ әдістемесіне сәйкес, егер салымшы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдаланса, болашақтағы зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері медиандық жалақының шамамен 40%-ына жақындайды. Бұл ретте, жаңа Әдістемеде ТЖШ мөлшері болашақ жарналарға, көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы болжамды өзгерістеріне тәуелді болмайды. Есептеу ұзақмерзімді факторларға негізделеді. Олардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлттық статистика негізінде тұрақты түрде жаңартып отыратын Қазақстан халқының демографиялық кестелері де бар. Соның нәтижесінде азаматтар үшін болашақ зейнетақы мөлшері анағұрлым болжамды болады әрі кезең-кезеңімен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің мақсатты көрсеткіштеріне жақындай түседі.

    Өзгерістерге сәйкес, ТЖШ мөлшері салымшының жасына байланысты белгіленеді. Салымшының жасы ұлғайып, зейнеткерлік жасқа жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне қойылатын талаптар да артады. Бұл азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде халықаралық стандарттарға жақын деңгейдегі табыс алуына мүмкіндік беру мақсатында енгізіліп отыр.

    Осылайша, жаңа модель ТЖШ есептеу жүйесін нақты жағдайларға және зейнетақымен қамсыздандырудың мақсатты параметрлеріне барынша жақындатып, азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде жеткіліксіз жинақпен қалу қаупін төмендетеді.

    1. Өзгерістер зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану мүмкіндігіне қалай әсер етеді? Жинақты пайдалану қиындай ма?

    ТЖШ мөлшерінің ұлғаюына байланысты, азаматтардың пайдалана алатын жинақ көлемі қысқаруы мүмкін. Себебі зейнетақы шотында сақталуы тиіс ең төменгі сома көлемі артады.

    Сонымен бірге:

    • зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану тетіктері сақталады;
    • тек ТЖШ-дан асатын қаражатты ғана пайдалануға болады;
    • ТЖШ-ға қатысты шектеулер болашақта жеткілікті деңгейдегі зейнетақы жинақтары мен төлемдерін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҒАШ КЕСУГЕ РҰҚСАТ БЕРУ – ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

    АҒАШ КЕСУГЕ РҰҚСАТ БЕРУ – ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ Қоршаған ортаны қорғау және елді мекендерді көгалдандыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Жасыл желектер халықтың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға да зор үлес қосады. Сондықтан ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу мақсатында ағаш кесуге рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі жүзеге асырылады. Аталған мемлекеттік қызмет елді мекендер аумағындағы ағаштар мен бұталарды сақтау, күтіп-баптау және ұтымды пайдалану мақсатында көрсетіледі. Заңнамаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар ағаштарды кесу, санитарлық мақсатта бұтау немесе қайта отырғызу қажеттілігі туындаған жағдайда белгіленген тәртіппен рұқсат алуы тиіс. Рұқсат беру барысында уәкілетті орган ағаштың жағдайын, оның санитарлық күйін, тұрғындардың қауіпсіздігіне әсерін және қоршаған ортаға ықпалын жан-жақты қарастырады. Егер ағаш қураған, апатты жағдайда тұрған немесе инженерлік-коммуникациялық желілерге қауіп төндіретін болса, оны кесуге рұқсат берілуі мүмкін. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші қажетті құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы немесе белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға ұсына алады. Өтініштер заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралып, тиісті шешім қабылданады. Ағаш кесуге рұқсат беру жүйесі қоршаған ортаны қорғауға және жасыл қорды сақтауға бағытталған маңызды құрал болып табылады. Бұл ретте заңсыз ағаш кесу әрекеттері үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Ауданда қоршаған ортаны қорғау және көгалдандыру жұмыстарын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Аудан тұрғындарына жасыл желектерді сақтау мен күтіп-баптаудың маңыздылығы тұрақты түрде түсіндіріліп келеді. Әрбір тұрғын табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарап, елді мекендердің көркеюіне өз үлесін қосуы қажет. Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан жасыл желектерді сақтау мен көбейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Аққали Арсен Тельманұлы

    atyrau-kyzylkogyЖарияланды:
    Ақпарат

    «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    Қызылқоға аудан әкімдігінің 2025 жылғы « 23 » қыркүйектегі № 170 қаулысына қосымша « Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі » мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ Жалпы ереже "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту, спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар: 1) "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қызылқоға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі; 2)"Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Арман мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мекен-жайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Қ.Сәтпаев көшесі, №2/1. Индекс 060500. Мемлекеттік органның толық атауы "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Осы ереже "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер бөлімнің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері Мақсаттары: Мемлекеттік орган бұқаралық ақпарат құралдарында, мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етеді, халықты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға үнемі баулап, жоғары дәрежедегі спортшыларды және спорт резервін дайындайды. Өкілеттіктері: 1) Құқықтары: - белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерімен, басқа да ұйымдардан және азаматтардан өз функциясын орындауға қажетті ақпарат сұрату, мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселерді дайындау үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құру; - тиісті мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне Мекеме қызметі саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ облыстық жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысу; - Мекеменің құзыретіндегі мәселелер бойынша атқарушы органдар өкілдерінің есептерін тыңдаумен алқа мәжілістерін өткізу, олардың қорытындылары бойынша аудан әкіміне анықтама беру; - спорт жарыстары мен жиындарын өткізу ережелерін бекіту; - кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту және үйлестіруге олардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету, семинарларды және тағы басқа оқыту нысандары арқылы дене тәрбиесі және спорт мамандарымен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру; - Қазақстан Республикасы Заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру. 2) Міндеттері: - ауданда мәдениет, тілдерді, дене тәрбиесі және спортты дамыту жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты асыру; - мәдениет, дене тәрбиесі және спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын құру мен нығайту, олардың инфрақұрамын дамыту; - мүдделі ведомствалармен және мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі саласындағы мекемелермен бірлесіп іс-шараларды ұйымдастырып өткізу. Функциялары: 1) жергілікті жерде мәдени, дене тәрбиесі-спорт бірлестік жұмыстарына қолдау көрсету; 2) аудандағы кітапханалар жұмыстарын ұйымдастыру; 3) өнер адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 4) ескерткіштерді қорғауда кәсіпорын, мекемелердің қамқорлыққа алуларын ұйымдастыруға ықпал ету; 5) мәдени-тарихи орталықтарды, студияларды құру, қамтамасыз ету, жұмыстарының жүруін қадағалау; 6) мәдени әлеуметтік шаралардың дамуын жүзеге асырау; 7) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының және тіл туралы заңнамалардың меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекемелерде орындалуын тексеру және бақылауды жүзеге асыру; 8) аудан көлеміндегі халық қолданатын тілдерді дамыту және мемлекеттік тілді қолданудың ауқымды жергілікті бағдарламаларын талдап, оларды жүзеге асыру; 9) жергілікті атқарушы органдармен тіл саясаты жөнінде нәсілдік қарым-қатынас және Мекеменің құзіретіне кіретін басқа да мәселелерді бірлесе шешу; 10) тіл саясаты жөнінде мониторингін жүзеге асыру, бөлімнің құзіретіне қатысты консультативтік түсінік жұмыстарын жүргізу; 11) Мекеменің құзырына жататын методикалық, аппаратты-аналитикалық құжаттарды айқындау және оларды іс жүзінде жүзеге асыру шараларын қабылдау; 12) қоғамдық ұйымдармен тіл жөніндегі қатынасты нығайту, олардың жүзеге асуына араласу; 13) мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу, тілдерді дамыту мен қолдану шараларының жүзеге асуына меншік түріне қарамастан мекеме қәсіпорындарға, мемлекеттік органдарға жәрдем ету; 14) мемлекеттік тілді қолдану және дамыту тәжірибесі жөнінде мемлекеттік басқару органдарына ұсыныс беру және тұжырымдау; 15) мәдени-танымдылық, қоғами-пайдалы тілдерді дамыту және насихаттау шараларын дайындауда өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп атқару; 16) тіл саясаты жөнінде мәжілістер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу; 17) тіл туралы заңнамаларының орындалуын, тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік жоспары туралы және басқа да бөлім іс-қимылдары туралы ашық жұмыс жасап халықты бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы тұрақты хабардар ету; 18) тарихи-мәдени мұраны және пайдалану туралы заңдылығын сақталуын қамтамасыз ету; 19) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органмен келісе отырып, ескерткіштер болып табылатын мемлекет меншігіндегі үйлер мен ғимараттарды пайдалануға ұсыну; 20) дене тәрбиесі мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламаларын дайындауға және іске асыруға қатысу; 21) аудан аумағында спорт түрлері бойынша аудандық жарыстар өткізуді ұйымдастыру; 22) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командалары және олардың облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға шығуын дайындау; 23) аудан аумағында бұқаралық спорт пен спорттың ұлттық түрлерін дамыту; 24) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды беру: екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі; 25) аудандық бұқаралық спорт шараларының күнтізбелік жоспарын әзірлеу және іске асыруды қамтамасыз ету; 26) аудан аумағында спорттық шаралардың өткізілуін ұйымдастыру; 27) талдама деректер, соның ішінде дене тәрбиесі және спортты дамыту жөніндегі деректерді дайындау; 28) дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстардың дайындалуын іске асыру; 29) спорт ұйымдарына әдістемелік және ұйымдастыруға басшылық жасау; 30) мүдделі ведомстволар, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, спорт резервін дайындау жұмыстарын жүргізу, олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, спорттық клубтар мен мектептер жүйелерін дамытуды үйлестіру; 31) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сала қызметкерлерінің мүддесін білдіру; 32) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салты принциптерін насихаттауды жүзеге асыру; 33) тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу, Мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша қабылданатын аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындап, сараптама жүргізу; 34) аудан бюджетінен бөлінген қаржыдан белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің аудандық фондын қалыптастыру; 35) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру. 36) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңның 25-3-бабы «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың (жергілікті атқарушы органының құзыреті» 1-1) тармақшасымен «маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру. 37) мандайшы ауылда, кентте орналастыру туралы хабарларды «Рұқсаттар және хабармалар туралы» Қазақстан Республкасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру». 38) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану. 39) Ономастика комиссиясына жергілікті жерден ұсыныстарын дайындау. 40) Ономастика саласы бойынша тұрғындармен аудан аумағында семинар-кеңестер өткізу, тиісті заң талаптарына сәйкес тұлғалаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімнің жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігіне: - "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады; - "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады; - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады; қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; - Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады; - "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді; - барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады; - Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; - Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды; -Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. Бөлімнің басшысы бөлім мамандарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. Мемлекеттік органның мүлкі. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады. "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату. Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    atyrau-kyzylkogyЖарияланды:
    Ақпарат

    ЕЛДІҢ БЕДЕЛІНЕ КӨЛЕҢКЕ ТҮСІРЕДІ

    ЕЛДІҢ БЕДЕЛІНЕ КӨЛЕҢКЕ ТҮСІРЕДІ Қазіргі қоғам мен бүгінгі дәуір мүлдем өзгеше. Бұл – қарқынды дамып, жаңа белестерді бағындыру кезеңі. Әсіресе, ақпарат кеңінен таралған заманда кез келген заңсыз әрекеттер мен тәртіп бұзушылықтарды анықтап, олардың жолын кесуге мол мүмкіндік бар. Осы тұрғыдан алғанда, қоғаммен бірге қалыптасып келе жатқан сыбайлас жемқорлық мәселесін шешудің де негіздері жасалғаны жасырын емес. Онымен күрес бүгінгі таңда еліміздің ең күрделі міндеттерінің бірі болып отыр. Ірі әлеуметтік кесел саналатын сыбайлас жемқорлық саяси даму деңгейіне қарамастан, әлемнің барлық елдерін алаңдататын өзекті мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамдағы демократиялық жаңғыруларға кедергі келтіретіні және елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – ол адамдардың қоғамның демократиялық негіздеріне, заң мен әділдікке, түптеп келгенде, билікке деген сенімін әлсіретеді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз құзыреті шегінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті білдіретін құндылықтар жүйесін сақтау мен нығайтуға бағытталған қызметі» деп көрсетілген. Басқаша айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамның жемқорлыққа саналы әрі адамгершілік тұрғыдан қарсы тұру қабілеті. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы осындай мәдениетті қалыптастырып, қолдап отырса, мемлекетіміздің дамуы бұдан да жоғары деңгейге көтеріледі. Әрбір қызметкер осы қағидаларды өз отбасында және әріптестері арасында насихаттай білсе, бұл кесел уақыт өте келе түбегейлі жойылады. Қоғам дамуының оң жақтарымен қатар жағымсыз құбылыстары да қатар жүретіні белгілі. Сондықтан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, экономиканы жоғары деңгейде дамыту және демографиялық өсуді қамтамасыз ету бағытында түрлі шаралар жүзеге асырылып жатқан кезеңде, еліміздің дамуын тежеп, алға басқан қадамдарды кейін тартатын сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Гүлжихан Маратова Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

    atyrau-kyzylkogyЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98% цифрлық форматта жүзеге асырды

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98% цифрлық форматта жүзеге асырды « Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыруға бағытталған көптеген қызметті ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеп келеді. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты. 01.01.2026ж. мен 31.03.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 17,7 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 8,6 млн-ы электрондық форматта, 8,8 млны-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,9%-ын құрады. Салымшыларға 200,9 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 194,9 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 690,4 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 9,0 млн-нан аса үзінді көшірме берілді. Оның 8,0 млн-ы – электрондық, ал 956,4 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады. Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. 2026 жылдың басынан бастап өткен 3 айда деректемелерді өзгертуге 28,4 мың өтініш қабылданды. Оның 26,6 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 14,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 296,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 9,9 мың материал жарияланды. Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 115,5 мың өтініш түсті. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    atyrau-kyzylkogyЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты

    Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2026 жылғы 3 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 271,4 млрд теңге , жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен - 34,1 млрд теңге болды. Ал ИПБ инвестициялық қызметінің қорытындысы бойынша 2026ж. есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 01.04.2026 ж. 1,56 млрд теңгені құрады. Еске сала кетейік, сенімгерлік басқарушылар валюталар, елдер, экономиканың секторлары мен эмитенттер бойынша әртараптандырылған түрлі қаржы құралдарына инвестиция сала отырып, теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді. Инвестициялық кіріс бірнеше көзден қалыптасады: бағалы қағаздар бойынша сыйақы (депозиттер мен өзге де операциялардан түсетін кірістер), қаржы құралдарының нарықтық және валюталық қайта бағалануы, сыртқы басқаруға берілген активтердің нәтижелері және басқа да факторлар есебінен. Осылайша, инвестициялық кірістің көлемі бірқатар жағдайларға тәуелді: портфельдегі қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, валюта бағамдарының ауытқуына, инфляция деңгейіне, дивидендтер төленуіне және өзге де ықпал ететін факторларға. Әр кезеңде табыстылық өсіп те, төмендеп те отыруы мүмкін, бұл өз кезегінде салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлеміне әсер етеді. Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің төмендеуінің негізгі себебі — теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан туындаған валюталық активтердің теріс бағамдық қайта бағалануы. Атап айтқанда, АҚШ долларының бағамы 505,53 теңгеден 478,77 теңгеге дейін төмендеді. Қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, орта және ұзақ мерзімді перспективада оң инвестициялық кіріс және зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 970,03% инфляция кезінде 1 184,74% құрады. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс – 10,54 трлн теңге болды. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 40,7% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы. Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы. Ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы активтерін сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚРҰБ-ның неғұрлым консервативті басқаруымен салыстырғанда, ИПБ-ның инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру үшін ИПБ-ға кең инвестициялық мүмкіндіктер береді (бұл ретте ИПБ-ның тәуекелдері де жоғары). Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында "статистика және талдау/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде жарияланады (www.enpf.kz). БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    atyrau-kyzylkogyЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда

    Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін болады. Келісім аясында келесі төлем түрлері тағайындалады: · Қазақстанда – республикалық бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдері, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері (жинақтаушы зейнетақы); · Моңғолияда – сақтандыру зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақылар. Зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдарға тағайындалатын мерзімінен бұрын төленетін зейнетақылар бұл Келісімге кірмейді (бұл жағдайда төлемдер Моңғолияның әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру зейнетақы қорынан жүзеге асырылады). Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақыны және Моңғолияда жасына байланысты зейнетақыны тағайындауға өтініш, қажетті құжаттарымен бірге, өтініш беруші тұратын елдің құзыретті органына тапсырылады. Бұл ретте Моңғолия азаматтары БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы төлемдерін алу үшін өтінішті қажетті құжаттарымен бірге екі елдің бірінің құзыретті органына ұсына алады. Келісімді іске асыруға уәкілетті органдар: – Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; – Моңғолияда – Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі. Қазақстан тарапынан Келісімді іске асыратын құзыретті органдар: · БЖЗҚ – жинақтаушы зейнетақы мәселелерімен айналысады. Оның функцияларына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар Моңғолия азаматтарынан немесе олардың өкілдерінен өтініштер мен құжаттарды қабылдау, мәліметтер мен құжаттарды өңдеу, жинақтаушы зейнетақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру кіреді; · Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (Комитет) – зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілін растауды және тиісті сұраулар жіберуді жүзеге асырады. Егер Моңғолия азаматына Қазақстанда зейнетақы тағайындалса, қажет болған жағдайда оның Моңғолия аумағында жинаған еңбек өтілін растау үшін Моңғолияның құзыретті органына сұрау жолданады. Өз кезегінде, Комитет Моңғолия тарапының сұрауы бойынша Қазақстан азаматтарына Моңғолияда зейнетақы тағайындалса, олардың еңбек өтілі туралы ақпарат ұсынады. Моңғолия азаматтарына БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы төлемдері: · алушы Қазақстан заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа (ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 2026 жылы 61 жас) толып, Қазақстаннан Моңғолияға тұрақты тұруға (ТТЖ) кеткен жағдайда және «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында оның ТТЖ-ға кеткені туралы белгі болған кезде (зейнетақы жинақтарын ТТЖ-ға кетуіне байланысты біржолғы төлеу қарастырылмаған); · ай сайын алушының шотына Моңғолияның ұлттық валютасы – төгрөгпен аудару арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы осы Келісімнің қабылдануы зейнетақы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ол екі елде еңбек еткен азаматтардың зейнетақы құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, зейнетақы тағайындау үдерісін анағұрлым ыңғайлы әрі ашық етеді. Келісімді іске асыру азаматтарға шетелде жинақтаған еңбек өтілін есепке алуға және тұратын елдің заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, халықтың еңбек көші-қоны артып отырған жағдайда аса маңызды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    atyrau-kyzylkogyЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.