Хабарландыру
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D07106 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» (D104 – «Көлік, көлік техника және технологиялар») білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Салтанат Амангелдіқызы Нуркушеваның «Қайшы тәрізді автомобиль көтергіш платформасының параметрлерін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Инжиниринг және тағам технологиялары институтының «Көлік техникасы, технологиясы және стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламалар тобында орындалған.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Джундибаев Валерий Ермекбайұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана қ., Қазақстан);
- Бақыт Ғабит Бақытұлы - PhD, Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетінің «Жылжымалы құрам» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
- Костюченкова Оксана Николаевна – техника ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Инжиниринг және тағам технологиялары институтының «Көлік техникасы, технологиясы және стандарттау, сертификаттау және метрология» БББ тобының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан).
- Бембенек Михал – техника ғылымдарының докторы, философия докторы (PhD), AGH Краков университетінің машина жасау және робототехника кафедрасының профессоры (Краков қ., Польша).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Суюнбаев Шинполат Мансуралиевич – техника ғылымдарының докторы, «Теміржолды пайдалану жұмысын басқару» кафедрасының профессоры, Ташкент мемлекеттік көлік университеті (Ташкент қ., Өзбекстан).
- Данияров Нұрлан Асылханович – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС таланттарды басқару және кадрлық әкімшілендіру Департаментінің персоналды дамыту және оқыту бөлімінің бас маманы (Қарағанды қ., Қазақстан).
- Алипбаев Жасулан Ратканович – техника ғылымдарының кандидаты, «Көлік инженериясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).
Қорғау2026 жылғы 26 маусым күні сағат 14:00-да аралас форматта С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанындағы 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс» (8D07105 – «Механикалық инженерия»; 8D07106 – «Көлік, көлік техника және технологиялар») даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Инжиниринг және тағам технологиялары институты, 4204 аудиторияаралас форматта С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанындағы 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс» (8D07105 – «Механикалық инженерия»; 8D07106 – «Көлік, көлік техника және технологиялар») даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Инжиниринг және тағам технологиялары институты, 4204 аудитория«Механикалық инженерия»; 8D07106 – «Көлік, көлік техника және технологиялар») даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Инжиниринг және тағам технологиялары институты, 4204 аудитория
(https://zoom.us/j/95675618157?pwd=y2Ebw5Xlf0Y8pTrlJZgQqH2Elmekyh.1 Идентификатор конференции: 956 7561 8157 Код доступа: 589348).