2026 жылғы 01 қаңтардан 30 сәуірге дейінгі кезеңде (2026 жылдын 4 айы) Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер органдарымен 300 113 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 299 520 қызмет немесе 99,8% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша, 537 қызмет немесе 0,5% өтініштер қағаз жеткізгіште көрсетілген, 56 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы балама негізде көрсетілді.
2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 41 547 қызметке немесе 12,2 % - ға төмендеді.
Сонымен қатар, электрондық қызметтердің үлес салмағы жалпы саны 0,2% - ға өсті: 2025 жылдың 4 айында бұл көрсеткіш – 99,6% құрады (341 660 қызметтің жалпы санынан 340 239 қызметтер электронды түрде көрсетілген).
Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 1629 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 54 478 адам қамтылды.
2026 жылдың 4 айында "Салық есептілігін қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы санындағы электрондық қызметтердің үлес салмағының көрсеткіші 99,8% - құрады (239 625 қызметтің жалпы санынан 239 229 қызметтер электронды түрде көрсетілген).