2025 жылғы 01 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде (2025 жылдын 12 ай) Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер органдарымен 800 060 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 796 004 қызмет немесе 99,5% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша, 3 632 қызмет немесе 0,5% өтініштер қағаз жеткізгіште көрсетілген, 424 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы балама негізде көрсетілді.
Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 3857 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 203 113 адам қамтылды.