Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп 2026 жылғы қаңтар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ

    Есеп

    «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ – не 2026 жылғы қаңтардағы Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы

    Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімімен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

    "Дипломмен ауылға!"2026 жылдың қаңтарында аталған мемлекеттік қызметті көрсету көзделмеген.

    2026 жылдың қаңтар айында бекітілген регламенттер мен мемлекеттік қызмет стандарттары болған жоқ.

    Тиісінше мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар мен мерзімдерді бұзу және тәртіптік жазалар жоқ.

    2026 жылғы қаңтарда Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар қаралған жоқ.

    Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттілікті ескере отырып, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға бағдарлама шеңберінде жергілікті бюджет қаражатынан 50 маманға жалпы сомасы 21 625,0 мың теңгеге бюджеттік кредит түрінде көтерме жәрдемақы беру жоспарланған республикалық бюджет қаражаты есебінен 4 маманға жалпы сомасы 34 600,0 мың теңге тұрғын үй сатып алу.

    Бөлім басшысы

    экономика және қаржы Нұрмұқанов С. А

    ! И.Казанцева

    (: 8(715-41)2-23-19

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Отчёт по исполнению бюджета за февраль 2026 года

    Өңір бюджетінің атқарылуы туралы жиынтық есеп (оның ішінде ББӘ бойынша) Мың теңге 28.02.2026 Атауы Жоспар 2026 жыл Жоспар есепті кезең Нақты орындау Сомасы лимиттердің қалдығы лық кезеңге % - ға кезең Тіркелмеген бір жылға арналған міндеттемелер % жоқ тіркелген ҚБШ-дағы қалдық Барлығы 4 829 722,00 526 002,60 523 344,22 2 658,38 99,49 3 384 714,11 70,08 509 873,97 Қалалар/аудандар/С бойынша барлығы 4 829 722,00 526 002,60 523 344,22 2 658,38 99,49 3 384 714,11 70,08 509 873,97 4807 Мамлют ауданы 4 829 722,00 526 002,60 523 344,22 2 658,38 99,49 3 384 714,11 70,08 509 873,97 112 аудан (облыстық маңызы бар қала)мәслихатының аппараты 57 287,00 13 895,80 13 894,12 1,68 99,99 40 760,58 71,15 122 Аудан (облыстық маңызы бар қала)әкімінің аппараты 513 818,00 115 685,60 115 684,64 0,96 100,00 375 200,59 73,02 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 1 189 714,60 134 469,50 134 015,57 453,93 99,66 834 416,55 70,14 41 646,21 480702 Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округі 224 279,30 13 842,50 13 839,03 3,47 99,97 62 881,03 28,04 1 533,56 480703 Мамлют ауданының Андреев ауылдық округі 74 163,70 11 476,70 11 144,51 332,19 97,11 61 342,31 82,71 3 620,48 480704 Мамлют ауданының Белов ауылдық округі 70 619,50 9 551,50 9 501,61 49,89 99,48 58 623,53 83,01 2 568,85 480705 Мамлют ауданының Мамлютка қаласы 206 836,40 22 635,20 22 634,96 0,24 100,00 166 196,61 80,35 16 019,79 480706 Мамлют ауданының Воскресенов ауылдық округі 87 710,00 9 351,00 9 350,21 0,79 99,99 74 058,29 84,44 452,59 480707 Мамлют ауданының Дубровин ауылдық округі 100 993,50 14 450,70 14 450,05 0,65 100,00 68 394,42 67,72 3 852,15 480708 Мамлют ауданының Қызыласкер ауылдық округі 78 477,70 11 640,90 11 612,55 28,35 99,76 61 794,48 78,74 463,51 480709 Мамлют ауданының Краснознамен ауылдық округі 73 850,90 9 226,70 9 223,68 3,02 99,97 56 532,31 76,55 6 529,19 480710 Мамлют ауданының Леденев ауылдық округі 44 170,70 5 955,70 5 944,14 11,56 99,81 34 530,95 78,18 1 587,47 480711 Мамлют ауданы Бике ауылдық округі 135 349,10 10 079,80 10 078,28 1,52 99,98 122 778,82 90,71 377,67 480712 Мамлют ауданының Пригород ауылдық округі 42 462,00 7 668,10 7 664,15 3,95 99,95 28 653,88 67,48 3 129,13 480713 Мамлют ауданының Станов ауылдық округі 50 801,80 8 590,70 8 572,41 18,29 99,79 38 629,91 76,04 1 511,81 451 ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 435 248,00 63 265,40 63 239,70 25,70 99,96 364 676,83 83,79 459 ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)экономика және қаржы бөлімі 519 317,40 26 551,20 26 540,73 10,47 99,96 476 326,60 91,72 468 227,76 463 ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)жер қатынастары бөлімі 40 293,00 5 504,00 5 431,90 72,10 98,69 32 667,95 81,08 465 ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)дене шынықтыру және спорт бөлімі 50 061,00 10 521,30 10 517,01 4,29 99,96 37 919,21 75,75 469 ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)кәсіпкерлік бөлімі 25 373,00 4 349,70 4 348,85 0,85 99,98 19 694,48 77,62 474 ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі 62 569,00 10 744,50 10 723,53 20,97 99,80 49 987,87 79,89 478 ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 577 914,00 79 224,50 79 179,39 45,11 99,94 480 541,66 83,15 495 ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 1 358 127,00 61 791,10 59 768,76 2 022,34 96,73 672 521,80 49,52

    Правила

    Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы

    Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 қаңтарда № 10111 тіркелді. Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік № 68 он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты бекітілсін. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік органның интернет-ресурсында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енізіледі. Министр Е. Досаев "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі __________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 16 қаңтар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.11.2025 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа № 119 енгізіледі және 25.08.2025 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен. 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру, оның ішінде тендер өткізу, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасу тәртібін айқындайды. Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беруге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2-тармақ 1-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 08.05.2026 № 48 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2) баланс ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға; 3) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты; 4) құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісі – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде айқындалатын салықтық кезеңдегі сенімгерлік басқарудың кірістері мен шығындары арасындағы оң айырма; 5) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік қаулысы мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға; 6) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы (бұдан әрі – құрылтайшы) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты; 7) объект – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы құрылысжайларын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешені, бағалы қағаздар, жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік, мемлекетке тиесілі ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда өзге де мемлекеттік мүлік; 8) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен, баланс ұстаушы немесе басқару органымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 9) сыйақы – объект сенімгерлік басқаруға берілген кезде құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріс есебінен жүзеге асырылатын сенімгерлік басқарушыға берілетін төлемдер; 10) тендер – бұл тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттықтар нысаны, мұнда құрылтайшы өзі ұсынған бастапқы талаптардың негізінде өзі үшін шарттың жақсы талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылармен шарт жасасуға міндеттенеді; 11) тендер жеңімпазы – объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде ең төмен сыйақы мөлшерін ұсынған қатысушы; 12) тендерге қатысушы – тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға; 13) тендерлік комиссия – объектіні беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрылтайшы құрған комиссия; 14) тендерлік ұсыныс – сыйақы мөлшерін қамтитын (құрылтайшының сенімгерлікпен басқаруынан түскен таза кіріске пайыздық арақатынаста) қатысушының ұсынысы; 15) тізілімнің веб-порталы – Интернет желісінде: www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс; 16) шарт – осы Бұйрыққа сай үлгілік шартқа 2-қосымшаға сәйкес құрылтайшы, баланс ұстаушы немесе басқару органы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалған объектіні сенімгерлік басқару шарты; 17) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы; 19) электрондық ақшаның электрондық әмияны – екінші деңгейдегі банктегі бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына әлеуетті қатысушы құйған ақша қаражатын есепке алу үшін бірыңғай оператор пайдаланатын тізілімдегі әлеуетті қатысушының жеке шоты. 2-тарау. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тәртібі 3. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді құрылтайшы қабылдайды, ол туралы мәліметтерді құрылтайшы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға енгізеді. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту сенімгерлік басқарушы шарттың талаптарын тиісінше орындаған кезде жүзеге асырылады. Сенімгерлік басқарушы шарт аяқталғанға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей құрылтайшыға шарттың бүкіл кезеңі үшін мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет туралы есептің қосымшасымен шарттың қолданылу мерзімін ұзарту ниеті туралы өтінішті жазбаша жібереді. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі қосымша келісім негізгі шарттың мерзімінен аспайтын жаңа мерзімге жасалады. Шарттың қосымша келісімі тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және құрылтайшы, баланс ұстаушы немесе басқару органы және сенімгерлік басқарушы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды. 4. Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің немесе өзге де заңды тұлғалардың) мемлекетке тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлік басқарушыға мынадай: 1) акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің және өзге де заңды тұлғаның жарғысын өзгерту туралы; 2) акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің және өзге де заңды тұлғаның жарғылық капитал мөлшерін өзгерту (ұлғайту немесе азайту) туралы; 3) акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе өзге де заңды тұлғаны тарату, оларды қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ олардың атауын өзгерту туралы мәселелерді шешуге байланысты мемлекеттің құқықтары берілмейді. Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің немесе өзге де заңды тұлғалардың) акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) мемлекеттің дивидендтерге құқығынан бас тартумен сенімгерлік басқаруға беруге жол берілмейді. Сенімгерлік басқарушы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе өзге де заңды тұлғаның) таза кірісінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының Бюджет кодесімен белгіленген мөлшерде дивидендтер (кірістер) төлеуге жіберуді қамтамасыз етеді. 5. Сенiмгерлiк басқарушының мүлiктi сенiмгерлiк басқару кезiнде жүргізген қажеттi шығыстарын өтеу сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Сенімгерлік басқарушының мүлікті сенімгерлік басқару кезінде жүргізген қажетті шығыстарын бюджет қаражаты есебінен өтеуді Қазақстан Республикасының Бюджет кодесінде белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады. 6. Сенімгерлік басқарушы мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерді мемлекеттiк кәсiпорынның балансына бекітілген республикалық және коммуналдық меншiк сенiмгерлiк басқаруға берілген кезде орындауға тиіс. Мемлекеттік мекеменің балансына бекітілген республикалық және коммуналдық мүлік сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерді сенімгерлік басқарушы орындамайды. 7. Сенімгерлік басқарушының есепті ұсыну, оның ішінде: "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 816 бұйрығында ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33221 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен берілетін мемлекеттік меншікке байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есепті; басқарудың аралық нәтижелері көрсетілетін жылдық есепті; мемлекеттік мүлікті басқарудың нәтижелері жазылатын сенімгерлік басқару шартының барлық қолданылған кезеңіндегі есепті ұсыну тәртібі мен мерзімдері шартта белгіленеді. Жылдық есепте мынадай ақпарат: сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде алған кірістері туралы; сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде шеккен шығыстары туралы; сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару шеңберінде қабылдаған іс-қимылдары туралы; құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша берілетін мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарумен байланысты өзге мәліметтер қамтылады. Шарттың барлық кезеңі ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет туралы есепте мынадай ақпарат: мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың барлық кезеңі ішіндегі жиынтық қаржылық көрсеткіштер; сенімгерлік басқарушының барлық кезең ішіндегі сыйақы мөлшері; мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың нақты көрсеткіштерінің барлық кезең ішіндегі салыстырма талдауы; құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша берілетін барлық кезең ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарумен байланысты өзге мәлімет қамтылады. Есептерде қамтылған ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмелері есепке қоса беріледі. 8. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру мынадай жағдайларды қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады: 1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жарғылық капиталдың ақысына объект берілетін мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаға объектіні беру; 2) газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін беру; 3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру; 4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 08.05.2026 № 48 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру; 6) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және жол қызметі объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін беру; 7) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға беру; 8) денсаулық сақтау объектілерін салуды, күтіп-ұстауды және пайдалануды ұйымдастыру үшін жылжымайтын мүлікті Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторға беру; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 9) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 08.05.2026 № 48 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 9) ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған объектілерін ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісіне беру; 10) коммуналдық мүлікті қайырымдылық және волонтерлық ұйымдарға беру; 11) "Инвестициялар тарту кеңесін (инвестициялық штаб) құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімімен құрылған Инвестициялар тарту кеңесінің (инвестициялық штаб) шешімі бойынша Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға автомобиль жолдарын жөндеуге беру. 9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда республикалық мүлік тиісті саланың уәкілетті органының ұсынысы негізінде тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беріледі. Бұл ретте акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) және стратегиялық объектілерді сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталын) төлеуге беру туралы шешімі болған кезде жүзеге асырылады. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Қағидалар 9-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 08.05.2026 № 48 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 10-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 08.05.2026 № 48 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 10. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру объектіні сенімгерлік басқаруға беру өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады. Өтініш мынадай құжаттарды: 1) заңды тұлғалар үшін: салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы; салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін; 2) жеке тұлға және дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсыну арқылы объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесін көрсетумен еркін нысанда ресімделеді. 11. Объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беру кезінде өтінішті құрылтайшы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Құрылтайшы 3 (үш) жұмыс күні ішінде алынған өтінішті теңгерім ұстаушыға немесе басқарушы органға (акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе өзге де заңды тұлғаның) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін ұсынған кезде) келісуге жібереді. Өтінішке қоса берілген құжаттар теңгерімді ұстаушыға жіберілмейді. Теңгерімді ұстаушы немесе басқару органы (акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе өзге заңды тұлғаның) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін ұсынған кезде) өтініш түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келіседі не дәлелді жауап ұсына отырып объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тартады. Өтініш келісілген жағдайда жазбаша нысанда объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі талаптарды және сыйақының 50%-нан аспайтын шекті мөлшерін ( құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түскен таза кірісіне пайыздық қатынаста) белгілеу немесе объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тарту туралы ұсыныстар беріледі. Құрылтайшы 3 (үш) жұмыс күні ішінде тендер өткізбестен объектіні сенімгерлік басқаруға беру немесе бермеу туралы өтінішті қарау нәтижелері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді. Сыйақы мөлшерін белгілеу жөніндегі талап пайдаланылуын табиғи монополиялар субъектісі жүзеге асыратын объектілер, сондай-ақ басқару үшін мемлекеттің кепілдігімен халықаралық қарыздар тартылған объектілер сенімгерлік басқаруға берілетін жағдайларға қолданылмайды. 12. Объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға берген кезде сенімгерлік басқарушымен шартты құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, баланс ұстаушы немесе басқару органы өтініш берілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында жасайды. 3-тарау. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге дайындау 113. Басқару органы (акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі қатысу үлестеріне қатысты) және (немесе) баланс ұстаушы (жылжымалы және жылжымайтын мемлекеттік мүлікке қатысты) объектіні сенімгерлік басқаруға беру үшін құрылтайшыға мынадай ақпаратты ұсынады: 1) объектінің қысқаша сипаттамасы, оның баланстық құны туралы мәліметтер және баланс ұстаушының атауы; 2) акциялары (үлестері) не мүлiктік кешені объект болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттары; 3) акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объект болып табылатын заңды тұлғаның соңғы 3 (үш) қаржы жылындағы қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат ; 4) объектіні сенімгерлік басқаруға берудің орындылығының негіздемесі; 5) объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттарын және тендерге қатысушыларға қойылатын талаптарды белгілеу бойынша ұсыныстар; 6) объектіні сенімгерлік басқарудан түсетін жоспарланған кірістер мен шығыстардың есептері; 7) сыйақының шекті мөлшерін белгілеу бойынша ұсыныстар (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қарағанда проценттік арақатынаста); 8) осы Қағидалардың сәйкес сенімгерлік басқаруды 5-тармағына жүзеге асыруы кезіндегі сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу көзін белгілеу туралы ұсыныстар. 14. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді 7 (жеті) жұмыс күні ішінде береді. 4-тарау. Тендерді өткізуге дайындық 15. Құрылтайшы сенімгерлік басқаруды тағайындау мақсатында: 1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді); 2) тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады; 3) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады; 4) объектіні сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады. 16. Құрылтайшы тендерлерді ұйымдастыру және өткізу үшін тендерлік комиссия құрады. Тендерлік комиссияның құрамына құрылтайшының, басқару органының, өкілді органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының жанындағы комиссияларда), жергілікті қоғамдастықтар мен өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді. Тендерлік комиссияның төрағасы мен хатшы құрылтайшының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) адамды құрайды. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды. 17. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) объектіні сенімгерлік басқаруға берудің шарттарын (бұдан әрі – тендердің шарттары) және тендерге қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарды айқындайды; 2) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді; 3) сыйақының 50%-дан аспайтын шекті мөлшерін белгілейді (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріске пайыздық арақатынаста); 4) сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі қажетті шығыстарын өтеу көзін айқындайды. 5-тарау. Тендерлік құжаттама 18. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде құрылтайшы тендер өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде тендер өткізу туралы хабарлама жариялайды, онда мынадай мәліметтер қамтылады: 1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын айқындау өлшемшарттарын; 2) объектінің қысқаша сипаттамасын; 3) тендерді өткізу күнін, уақытын; 4) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік 1-қосымшаға мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) беру мерзімін; 5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу үшін банк деректемелерін (кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді); 6) сыйақының шекті мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қатысты пайыздық арақатынаста); 7) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу көзін; 8) тендерге қатысушыға қойылатын талаптарды қамтиды. 19. Тендерлік комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, барлық өзгерістер туралы хабарлама осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жарияланады. Тендердің шарттары өзгергені туралы хабарлама жарияланғанға дейін өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдарға бірыңғай оператор осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тендерге қатысушы берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік жарналарды қайтарады. 20. Құрылтайшы хабарлама жарияланғанға дейін тізілімнің веб-порталында объект туралы мынадай ақпаратты: 1) объектінің иесі мен баланс ұстаушы туралы мәліметтерді (мекенжай, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы); 2) сенімгерлік басқаруға берілетін (жылжымайтын мүлік үшін) объектінің техникалық жай-күйі туралы түсінікті қамтамасыз ететін саны кемінде 5 (бес) дана фотосуретті; 3) акциялары (қатысу үлестері) не мүліктік кешені сенімгерлік басқару объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша мынадай құжаттардың: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама; жарғы; жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ( акционерлік қоғамдар үшін); есепті кезеңнің алдындағы үш жылғы қосымшаларымен бухгалтерлік баланстар көшірмелерін; 4) акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде осы Қағидалардың көрсетілген 4-тармағында аударым шарттарын; 5) тендер талаптары ескеріле отырып, жасалған шарт жобасын орналастыруды қамтамасыз етеді. Хабарлама жарияланғаннан кейін бірыңғай оператор барлық ниет білдірушілерге тізілімнің веб-порталында орналастырылған объект туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді, ал баланс ұстаушы объектіні көруге мүмкіндікті қамтамасыз етеді. 21. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, тендер жеңімпазының тендердің нәтижелері туралы хаттамаға және шартқа қол қойғаннан кейін, сондай-ақ басқа да қатысушылардың кепілдік жарналарының құлпын ашады. Бірыңғай оператор: 1) шарт жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазының электрондық әмиянында кепілдік жарнаның құлпын ашуды жүргізеді; 2) басқа қатысушылардың басқа сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру үшін электрондық әмиянда бұғатталмаған ақша қаражатын бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді; 3) тендерге қатысушының ақшалай қаражатын қатысушы электрондық әмияннан ақша алуға арналған өтініште көрсеткен деректемелерге аударуды қамтамасыз етеді; 4) тендер жеңімпазы тендер нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоймаған жағдайда, сондай-ақ қатысушы тендерге қатысудан оны өткізгенге дейін 3 ( үш) жұмыс күнінен аз уақыт бұрын бас тартқан жағдайда, олардың кепілдік жарнасын тендер өткізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, құрылтайшы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға арналған өтініш негізінде құрылтайшы көрсеткен деректемелер бойынша республикалық немесе жергілікті бюджеттің кірісіне аударуды жүргізеді. 22. Тендерге қатысушылар тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде , мерзімде және тәртіппен кепілдік жарнаны электрондық әмиянға енгізеді. Кепілдік жарнаны қатысушының өзі не оның атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді . Бір кепілдік жарна бір объектінің тендеріне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай оператор кепілдік жарнаны алушы болып табылады. 23. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның баланстық құнының 3 (үш) пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті жылдың 1-қаңтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 50 ( елу) мөлшерінде жеке белгіленеді. 24. Кепілдік жарна қатысушының мынадай: 1) тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою; 2) құрылтайшымен шарт жасасу міндеттемелерін қамтамасыз етуінің кепілі ретінде енгізіледі. 25. Осы Қағидалардың екінші бөлігінде көзделген 19-тармағының жағдайларды қоспағанда, қатысушы тендердің өткізілуіне кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалғанға дейін оған қатысудан бас тартқан жағдайда бірыңғай оператор кепілдік жарнаны қайтармайды. Жеңімпаз тендер нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған жағдайда, кепілдік жарна қайтарылмайды және құрылтайшы көрсеткен деректемелер бойынша республикалық немесе жергілікті бюджеттің кірісіне аударылады. Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарна сомасына ақшалай қаражат тендер күні қатысушының электрондық әмиянында құлпы ашылады. 26. Бірыңғай оператор шарт жасалған күннің 1 (бір) жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазының кепілдік жарнасының құлпын ашуды оның электронды әмиянында жүргізеді. 6-тарау. Тендерді өткізу 27. Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын аяқталады. 28. Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды: 1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (мекенжайын, телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізеді. 29. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет. 30. Тендер шарттарымен келісуді қамтитын өтінімге: 1) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-бетінде электрондық конвертке жүктелген тендерлік ұсыныс; 2) қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық ("PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) көшірмелері қоса беріледі. 31. Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы 3 (үш) минут ішінде: тендерге қатысушының электрондық әмиянында кепілдік берілген ақша мөлшерінде ақшаның болуына; "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 6-тарауына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру жағдайларын қоспағанда, қатысушының әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі және салық берешегі туралы мәліметтердің мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында болмауына). Тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарна мөлшерінде тендерге қатысушының электрондық әмиянында тендер басталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын ақшаның болмауы және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік төлемдер және салық берешегі туралы мәліметтердің болуы қатысушының өтінім тізілімін веб-порталдан қабылдамау үшін негіз болып табылады. Тізілімнің веб-порталы қатысушының электрондық әмиянында кепілдік жарна мөлшерінде ақша сәтті бұғатталған және Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында қатысушының әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі және салық берешегі туралы мәліметтер болмаған жағдайда өтінімді қабылдауды жүзеге асырады. Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық пошта мекенжайына өтінімнің қабылданғаны не өтінімнің қабылданбау себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. 32. Тізілімнің веб-порталында тендер демалыс және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма күндері өткізіледі. Тендер Астана қаласы уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі және тендерді өткізген күні аяқталады. 33. Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндігі жоқ тұлға тендерге қатысушы болып табылмайды. 34. Өтінімдер, өтінімдерге қоса берілген тендерлік, қатысушылар құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелері тізілімнің веб-порталында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады. 35. Өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендердің күні мен уақыты келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. 36. Құрылтайшы тізілімнің веб-порталында тендерге жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында өтінімдерді, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қарайды. Қатысушы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде құрылтайшы себебін көрсете отырып, қатысушыны тендерге жібермейді. 37. Объект сенімгерлік басқаруға берілген кезде құрылтайшы тендерге қатысуға рұқсат берген қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды тізілімнің веб-порталы айқындайды. Ең төмен сыйақы мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісіне қатысты пайыздық арақатынаста), бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті мөлшерден аспайтын мөлшерді ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Тендерге қатысушылардың сыйақы мөлшері сәйкес келген (тең болған) жағдайда, өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады. Егер объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға 1 (бір) қатысушы жіберілген жағдайда, өтінім тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда, тендер шарттарының және қатысушының тендерлік ұсынысының талаптарымен жалғыз қатысушымен шарт жасалады. 7-тарау. Тендер нәтижелерін ресімдеу және шарттың мазмұны 38. Тендер нәтижелері туралы хаттама жеңімпаздың, құрылтайшының және баланс ұстаушының немесе басқару органының тендер шарттарында және жеңімпаздың ұсыныстарында шарт жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. 39. Тізілімнің веб-порталы жеңімпазға тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы тендер нәтижелері туралы хабарлама жібереді. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер нәтижелері туралы хаттамада: 1) себептерін көрсете отырып жіберілмеген қатысушылар тізімі; 2) жіберілген қатысушылар тізімі; 3) жеңімпаз көрсетіледі. 40. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендердің нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күні құрылтайшы және жеңімпаз қол қояды. 41. Тендер мынадай: 1) объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге жіберілген қатысушылар болмаған; 2) құрылтайшы немесе жеңімпаз тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайларда өткізілмеді деп танылады. 42. Егер тендер өткізілмеді деп жарияланса, құрылтайшы тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендер уақыты мен күнінен кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген тендер туралы актіге қол қояды. Құрылтайшы мынадай: 1) жеңімпаз белгіленген мерзімде тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған; 2) баланс ұстаушы немесе басқару органы не жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған жағдайларда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын тендер нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды. Осы Қағидалардың көрсетілген жағдайларды қоспағанда, 45-тармағында тендердің не шарттың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою мерзімдерін ұзартуға жол берілмейді . 43. Тендерді өткізуге кедергі болатын тізілім веб-порталының техникалық ақаулық фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы құрылтайшыға жазбаша хабарлайды және тізілімнің веб-порталында ақпарат орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық пошта мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аталған тендерді жалғастыру күні мен уақыты туралы тендерге қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, тендерді техникалық ақаулықты жойған күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады. Техникалық ақаулық себебінен тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою процестері бұзылған жағдайда, бірыңғай оператор құрылтайшы мен тендер жеңімпазының тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюы үшін техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етеді. 44. Тендерге жіберілген қатысушылардың болмауына байланысты тендер өткізілмеді деп танылған кезде тендерлік комиссия тендер шарттарын өзгерте алады. 45. Объектіні сенімгерлік басқару шарт негізінде туындайды (құрылады). Құрылтайшы тізілім веб-порталында шартты қалыптастырады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде баланс ұстаушыға немесе басқару органына және тендер жеңімпазына жібереді. Осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға берілетін объектілерді қоспағанда, құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы адам, баланс ұстаушы немесе басқару органы және жеңімпаз шарт жобасы баланс ұстаушыға немесе басқару органына және тендер жеңімпазына жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып шартқа қол қояды. Шартқа қол қою мерзімі бұзылған жағдайда тізілімнің веб-порталы сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы акт қалыптастырады. Техникалық ақаулық себебінен шартқа қол қою процестері бұзылған жағдайда, бірыңғай оператор құрылтайшының, баланс ұстаушының немесе басқару органының және тендер жеңімпазының шартқа қол қоюы үшін техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Объектіні қабылдау-тапсыру актісіне Сенімгерлік басқарушы және баланс ұстаушы қол қояды және құрылтайшы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында бекітеді. 46. Жылжымайтын мүлікке арналған сенімгерлік басқару шарты мемлекеттік тіркелуі тиіс. Шартты мемлекеттік тіркеу сенімгерлік басқарушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 47. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды көздейді. 48. Сенімгерлік басқарушының мыналарға: 1) қазіргі жұмыс орын санын сақтап қалуға немесе жаңаларын ашуға; 2) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты мәмілелер жасасуға және/ немесе белгілі бір іс-қимылдарға тыйым салуға; 3) объектінің қызмет бейінін сақтауға; 4) қаржылық есептіліктің жыл сайынғы тәуелсіз аудитін жүргізуге қатысты міндеттемелері акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) мемлекетке тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру шарттары болып табылады. 49. Басқару органының ұсынысы негізінде объектінің ерекшелігі ескерілген міндеттемелерді тендерлік комиссия (объект тендерлік негізде берілген кезде) немесе құрылтайшы (объект тендер өткізілмей берілген кезде) айқындайды. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына 1-қосымша Нысан Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға ӨТІНІМ 1._____ мерзімге ____________________________________________________ ___________________________________________________________________ (объектінің атауы) сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып, мен, төменде қол қоюшы ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толығымен, не заңды тұлғаның атауы) ___________________________________________________________________ тендерге қатысуға өтінімді қабылдауды және 20__ жылғы "___" _______________ Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын. 2. Біз (мен) ___________________________________________сомасында (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі) тендерге қатысу үшін хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына: ___________________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК), банктің сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСН), төлемді тағайындау коды, бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) кепілдік жарна енгіздік (енгіздім). Кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектілері туралы мәліметтер: Р/с № Сенімгерлік басқару объектісінің а тауы Аударылуы тиіс кепілдік жарнаны ң сомасы, теңге 1 2 Жиыны: Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер: Р/с № Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектісінің атауы Төлем құжатының № Төлем құжатының күні Кепілдік жарнаның сомасы, теңге 1 2 Жиыны: 3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін. 4. Егер біз (мен) тендер жеңімпазы болған жағдайда, тендер өткізілген күні тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және біз (мен) ұсынған және хабарламада көрсетілген тендер шарттарында тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемелерін өзімізге қабылдаймыз. 5. Мына: тендерді өткізуден кем дегенде 3 (үш) жұмыс күні бұрын оған қатысудан бас тартқан; тендердің нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған жағдайларда, енгізілген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және республикалық немесе жергілікті бюджет кірістеріне жолданатынымен келісемін (міз). 6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие. 7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз): Заңды тұлға үшін: Атауы_________________________________________________________ ___________________________________________________________________ БСН__________________________________________________________ Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)__________________ ___________________________________________________________________ Мекенжайы:____________________________________________________ Телефон нөмірі:_________________________________________________ Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН_______________________ Өтінімге мыналар: 1)____________________________________________________________; 2)____________________________________________________________; 3)____________________________________________________________; 4)____________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________ қоса беріледі. Жеке тұлға үшін: Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда): ЖСН__________________________________________________________ Паспорт деректері_______________________________________________ Мекенжайы:____________________________________________________ Телефон нөмірі:_________________________________________________ Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН_______________________ Өтінімге мыналар: 1)____________________________________________________________; 2)____________________________________________________________; 3)____________________________________________________________; 4)____________________________________________________________ _________________________________________________________________ __________________________________________________________ қоса беріледі. _________ ____________________________________________________ (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)) 20__ жылғы "____" ____________. Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20__ жылғы "____" ____________. сағат _____ ____ минутта қабылдады. Тендерге қатысушының нөмірі ____________________________________ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 (алғашқы ресми жарияланған күнінен № 68 кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.11.2025 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 25.08.2025 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен. _____________ қаласы 20__ жылғы "___" __________ Бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы органның) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "___" __________ № ___ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20__ жылғы "___" __________ № ___ бұйрығымен бекітілген ____________________________________________________________________ ( мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы) туралы ереженің немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін Басшы ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) атынан ______________________________________________________________ (20__ жылғы "___" __________ № ___ жарғының, ереженің, сенімхаттың) негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі "Баланс ұстаушы" немесе "Басқару органы" деп аталатын ____________________________________________________________________ (объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлғаның немесе акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) атынан 20 ___ жылғы "___" _________ № ___ Объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға туралы ереженің немесе _______20 ___ жылғы "___" _________ №________бұйрығымен бекітілген ____ ___________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының атауы) туралы ереженің немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін Басшы __________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) үшінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 20 __ "___" __________ № _ __ шешімнің негізінде (объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі құрылтайшының бұйрығы/объектіні тендер өткізумен сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі электрондық сауда нәтижелерінің хаттамасы) төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты: 1. Шарттың нысанасы 1.1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға бұдан әрі "Объект" деп аталатын____________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (мүліктің атауы және (немесе) мүліктің құрамы) сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан Құрылтайшы әрекет ететін Пайда алушының мүддесінде Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді. 1.2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлік басқаруға беріледі. 1.3. Сенімгерлік басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын және жылжымалы мүлікті Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен шығарады немесе кепілге береді. 1.4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады. 1.5. Құрылтайшы Объектінің Сенімгерлік басқарушыға берілген күні: 1) кепілде тұрмағанын; 2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын /салынбағанын; 3) сатуға қойылмағанын растайды. 1.6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды. 1.7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объект Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдау-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаны енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзге жолмен) осы Шарт жасалған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Объектіні қабылдау-беру актісіне Сенімгерлік басқарушы және теңгерім ұстаушы қол қояды және Құрылтайшы электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында бекітеді. 2. Тараптардың құқықтары 2.1. Құрылтайшының: 1) жазбаша сұрау салу бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға; 2) Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Сенімгерлік басқарушының Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі есебін тыңдау арқылы бақылауға; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар. 2.2. Сенімгерлік басқарушының: 1) сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты Құрылтайшының мүддесіне заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға; 2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі жүргізген қажетті шығыстарды (тендерлік негізде объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерлік комиссияның тиісті шешімі болған кезде/ тендер өткізусіз объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде басқару органының/теңгерімді ұстаушының ұсынысы болған кезде қолданылады): сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен немесе осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша сенімгерлік басқару объектісі бойынша Шығыстарды өтеу актісін ұсынған кезде тиісті қаржы жылына арналған бюджетте бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің ___________________ (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы) ағымдағы __________________ (бюджеттік бағдарлама атауы) бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен; 3) құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан алынған______ мөлшеріндегі таза кіріс болған кезде және оның есебінен объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақы (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан алынған таза кіріске қатысты пайыздық арақатынаста, бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті мөлшерден аспайтын) алуға (тендерлік негізде объект сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерлік комиссияның тиісті шешімі болған кезде/объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беруі кезінде басқару органының/теңгерімді ұстаушының ұсынысы болған кезде қолданылады); 4) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 2.3.Баланс ұстаушының: 1) құрылтайшыдан жазбаша сұрау салу бойынша объектіні басқару жөніндегі сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға; 2) сенімгерлік басқарушының шарт бойынша міндеттемелерін орындауы жөніндегі есебін тыңдауға қатысуға; 3) құрылтайшы жүргізетін объектіні басқару тиімділігіне мониторинг жүргізуге қатысуға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар. 2.4. Басқару органының: 1) құрылтайшыдан жазбаша сұрау салу бойынша объектіні басқару жөніндегі сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға; 2) сенімгерлік басқарушының шарт бойынша міндеттемелерін орындауы жөніндегі есебін тыңдауға қатысуға; 3) құрылтайшы жүргізетін объектіні басқару тиімділігіне мониторинг жүргізуге қатысуға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар. 3. Тараптардың міндеттері 3.1. Құрылтайшы: 1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге; 2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге; 3) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті. 3.2. Сенімгерлік басқарушы: 1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға; 2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге; 3) өзінің Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға; 5) осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға; 6) осы Шарттың 1.3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға әкеп соғатын кез келген заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға; 7) сенімгерлік басқаруға алған Объектіні өз меншігінен оқшаулауға міндетті. Объект Сенімгерлік басқарушының жеке теңгерімінде көрсетіледі және ол бойынша дербес есеп жүргізіледі; 8) Объектіні сенімгерлік басқарумен байланысты қызмет бойынша есеп айырысу жүргізу үшін жеке банк шотын ашуға (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде осындай есептемелерді жүргізу қажет болған жағдайда қолданылады); 9) __________ бюджет кірісіне_________________ бюджеттік сыныптама кодына тиісті мемлекеттік кірістер департаментінің бизнес сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, мынадай деректемелер бойынша: __________________________ __________ құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кірісін (сыйақыны шегере отырып) аударуды қамтамасыз етуге (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда, объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады); 10) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мөлшерде дивиденттер (кіріс) төлеуге акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза кірісінің бір бөлігін __________ бюджетінің кірісіне бағыттауды қамтамасыз етуге; 11) мемлекеттік мекеменің теңгерімінде бекітілген республикалық және коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беруді қоспағанда, мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы жөнінде Объект бойынша салықтық міндеттемелерін орындауға; 12) өзінің Шартты тиісінше орындамауының салдарынан Құрылтайшыға келтірілген шығындарды өтеуге; 13) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындаған міндеттерді орындауға; 14) Құрылтайшыға ____________________ (беру мерзімі) жазбаша нысанда жылдық есеп беруге; 15) Құрылтайшыға _____________________ (беру мерзімі) жазбаша нысанда шарттың барлық қолданылу мерзімінің есебін беруге; 16) сенімгерлік басқарушының осы Шартпен өзінің сенімгерлік басқаруына берілген мемлекеттік мүлікпен байланысты қаржылық қызметі туралы есебін " Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 816 бұйрығында ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33221 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) айқындалған тәртіппен беруге; 17) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару немесе оны кепілге беру туралы мәміле жасалған жағдайда мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті _____________________ бұйрығында (ұсыну мерзімдері) айқындалған тәртіппен беруге; 18) осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда); 19) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) 10 (он) жұмыс күні ішінде беруге; 20) өзге міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) міндетті. 3.3. Баланс ұстаушы: 1) бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда, Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде Сенімгерлік басқарушыға беруді қамтамасыз етуге; 2) сенімгерлік басқарушы осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Cенімгерлік басқару объектісі бойынша қажетті шығыстарды өтеу актісін ұсынған кезде оның мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде жүргізген қажетті шығыстарын ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен өтеуді қамтамасыз етуге (егер баланс ұстаушы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылған жағдайда); 3) Сенімгерлік басқарушының осы Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға міндетті. 3.4. Басқару органы: 1) Сенімгерлік басқарушының осы Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға міндетті. 4. Тараптардың жауапкершілігі 4.1. Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекетімен келтірілген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін Сенімгерлік басқарушы жауапты болады. 4.2. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 5. Форс-мажор 5.1. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш мән-жайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл міндеттемелер Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады. 5.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдарлар болған уақытқа мөлшерлес мерзімге кейінге қалдырылады. 5.3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жазбаша түрде осы мән-жайлардың туындағаны туралы хабарлауға міндетті. 5.4. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады. 5.5. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауына күнтізбелік 2 (екі) айдан астам уақыт мүмкін болмаса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы. 6. Құпиялылық 6.1. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. 6.2. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ. 7. Дауларды шешу 7.1. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. 7.2. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуға тиіс. 8. Шарттың қолданылу мерзімі 8.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және ___________ __________________________________ дейін қолданылады. 9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау 9.1. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады . Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруге тиіс. 10. Шарттың қолданылуын тоқтатуға қойылатын талаптар 10.1. Осы Шарттың қолданылуы: 1) осы Шарттың 10-бөлімінің 10.2-тармағына сәйкес Тараптардың келісуі бойынша не біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылған; 2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда тоқтатылады. 10.2. Тарап осы Шарттың талаптарын орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда екінші Тарап күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою қажет екені туралы жазбаша ескертеді. Бұзушылықтар осы Шарттың 10.2-тармағында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, ескерту жасаушы Тарап осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. 10.3. Осы Шартты тоқтатудың өзге негіздері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады. 11. Өзге талаптар 11.1. Осы Шартта көзделмеген басқа барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алатын болады. 11.2. Құрылтайшы, Баланс ұстаушы немесе Басқару органы мен Сенімгерлік басқарушы өзара келісу бойынша қосымша келісімдер жасасу арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. 11.3. Осы Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс. 11.4. Осы Шарттың қолданылу мерзімін тоқтату Тараптардың ол бойынша міндеттемелерін тоқтатуына әкеп соғады, бірақ егер Тараптар осы Шарттың талаптарын орындаған кезде осындай жағдайлар орын алса, осы Шарттың Тараптарын оны бұзғаны үшін жауаптылықтан босатпайды. 11.5. Сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған жағдайда Сенімгерлік басқарушы Объектіні қабылдау-беру актісі бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде баланс ұстаушыға қайтарады (осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы негізінде сенімгерлік басқаруға берілген объектілерді беру жағдайларына қолданылмайды). 11.6. Осы Шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде, тізілімнің веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдаланыла отырып жасалған. 12. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері: Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушы Баланс ұстаушы немесе Басқару органы ________ (қолы) ________ (басшының н е м е с е алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________ (қолы) ________ (тегі, аты, әкесінің аты ( бар болған жағдайда) ________ (қолы) ________ (тегі, аты, әкесінің аты ( бар болған жағдайда) Ескертпе: * - Егер Құрылтайшы мен Баланс ұстаушы бір тұлғада болса, шарт екі тарап арасында жасалған болып есептеледі, бұл ретте рөлдердің әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін реттейтін талаптар сақталады. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына қосымша Нысан Сенімгерлік басқару объектісі бойынша қажетті шығыстарды өтеу АКТІСІ 20__ жылғы "___" __________ №____ Объектінің атауы___________________________________________________ __________________________________________________________________ 20__ жылғы "___" __________ №____ сенімгерлік басқару шарты Шарт бойынша жалпы сома ___________теңге ______________________________________ __________________________________________________________________ бюджеттік бағдарламасы бойынша Р/с № Объектімен б айланысты ш ығыстардың а тауы Өлшем бірлігі Шығыстарды ң жалпы сома сы Төленген шығ ыстарсомасы Төленетін сома Ескертпе Жиыны: Сенімгерлік басқару объектісімен байланысты шығыстар сомасы: ____________________________________________________ теңгені құрады. (цифрмен, жазумен) Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Сенімгерлік басқарушы _______ (қолы) ______________________ _ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______ (қолы) ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

    Правила

    2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы

    Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10467 тіркелді. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.08.2023 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Министр Е. Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Қағидалар) 74-бабының сәйкес әзірленді. Заңға) және мемлекеттік 3-тармағына мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру тәртібін айқындайды.). Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген жер учаскелерін, тұрғын үй қорын және мүлікті, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру – сауықтыру және спорт объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы объектілерін беруге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) баланс ұстаушы – объектісі жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығы бекітілген мемлекеттік заңды тұлға; 2) екінші қатысушы – тендерде мүлiктi жалдау ақысының екiншi ең көп сомасын ұсынған қатысушы; 3) жалға беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент әкімінің аппараты, ауылдық округтің, сондай-ақ аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі; 4) жалдаушы (жалға алушы) (бұдан әрі – Жалға алушы) – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 5) кепілдік жарна – жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның тендерге қатысу үшін төлейтін ақша сомасы; 6) қатысушы – конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға; 7) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген , жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға; 8) мүліктік жалдау (жалға беру) объектісі (бұдан әрі – объект) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген жер учаскелерін, тұрғын үй қорын және мүлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкі мен пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру, сауықтыру және спорт объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы объектілерін қоспағанда, мемлекет меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар). Мемлекеттің ақшасы, бағалы қағаздары және мүліктік құқықтары мүліктік жалдау ( жалдау) шартының объектісі (пәні) болып табылмайды; 9) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі; 10) тендер – бұл тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі сауда-саттық нысаны , онда жалға беруші өзі қабылдаған бастапқы шарттар негізінде жалғыз қатысушымен немесе объектінің жалдау ақысының ең көп сомасын ұсынған тендерге қатысушымен шарт жасасуға міндеттенеді; 11) тізілімнің веб-порталы – тізілімге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қамтамасыз ететін www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурс; 12) Ұлттық пошта операторы – "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының көзделген міндеттемелер жүктелген, акцияларының бақылау Заңында пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы; 13) шарт – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартына сәйкес жалға беруші мен жалдаушы (жалға алушы) арасында жасалған мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты; 14) шарт идентификаторы – шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні тізілім веб-порталы беретін шарттың бірегей нөмірі; 15) электрондық құжат – ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3. Заңның 74-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін қоспағанда, республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (республикалық мүлікті жалдауға беруші (жалға беруші) береді. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ( коммуналдық мүлікті жалдауға беруші (жалға беруші) береді. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3-2-тармағына сәйкес аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттары коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының мөлшерлемесін келіседі. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.04.2026 № 33 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 4. Баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға ( жалға) беру үшін жалға берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында объект туралы ақпарат береді. Объект туралы ақпараттың дұрыстығын баланс ұстаушы қамтамасыз етеді. Объект туралы ақпаратты жалға беруші ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Объект туралы ақпаратты қараудың нәтижелері бойынша жалға беруші мынадай: 1) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы; 2) жалға беруші объектінің заңды жағдайы бойынша өзге шешім қабылдаған жағдайда, объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 5. Жалға беруші баланс ұстаушы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты өткізетін мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша объектіні мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына мынадай: 1) объектінің атауын, қысқаша сипаттамасын, санын, орналасқан жерін, нысаналы мақсатын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мерзімін көрсете отырып, объект туралы; 2) объект иесі мен баланс ұстаушы туралы (пошта мекенжайы, телефон, факс, электронды пошта мекенжайы); 3) объектіні тендер өткізу немесе тендер өткізбей мүліктік жалға (жалдауға) беру тәсілі туралы ақпапаттың орналастырылуын қамтамасыз етеді. 6. Жалдау шарты оның талаптары тиісінше орындалған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Инвестициялар туралы қол қойылған келісімдер шеңберінде жалға берілген не берілетін объектілерге бұл қолданылмайды – жалдау шартының қолданылу мерзімі, шарт талаптарының тиісінше орындалуы кезіндегі ұзартуды ескере отырып, 25 ( жиырма бес) жылдан аспауға тиіс. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы қосымша келісімдер 2 (екі) реттен артық жасалмайды, бұл ретте ұзартудың жиынтық мерзімі 3 (үш) жылдан аспауға тиіс. Қол қойылған инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде жалға берілген не берілетін объектілерді қоспағанда, негізгі шартты және қосымша келісімдерді қоса алғанда, шарттың жалпы қолданылу мерзімі 6 (алты) жылдан аспауға тиіс. Негізгі шартқа қосымша келісім егер баланс ұстаушы шарт мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын бас тарту себебін көрсете отырып, жалға берушіге шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша бас тартуды ұсынбаса, жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініші негізінде жасалады. Жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға өтініші объектінің, оны балансында ұстаушының атауы көрсетіле отырып, тізілімнің веб-порталында шарт аяқталғанға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей электрондық нысанда ресімделеді. Шартқа қосымша келісім тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және оған жалға беруші мен жалға алушы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды. Заңның 74-бабының сәйкес мемлекеттік мүлікті 7-тармағына мүліктік жалдау ( жалға алу) шарты осы Заңның 120-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тікелей көзделген жағдайларда жалдаушыға (жалға алушыға) жалдауға ( жалға алуға) берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талапты көздеуі мүмкін. Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.10.2025 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-тарау. Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру тәртібі 1-параграф. Объектiлердi тендер өткізбей мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру 7. Мынадай: 1) курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер, көрмелер мен спорттық іс-шаралар өткізу үшін білім беру, ғылым, мәдениет және спорт ұйымдарының үй-жайлары (оның аудандарына қарамастан) мен жабдықтары (оның құнына қарамастан) сағат бойынша берілген; 2) кандидатқа, саяси партияға не олар сенiм бiлдiрген адамдарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу және сайлау алдындағы үгiттер жүргізу үшін үй-жайлар берілген; 3) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және объектілердің баланс ұстаушыларына қызметтер көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу (мемлекеттік тапсырыс) туралы шарттар жасаған өнім берушілерге не егер мемлекеттік сатып алу ( мемлекеттік тапсырыс) туралы шартта өнім берушілерге үй-жайлар және жабдықтар ұсыну қарастырылған жағдайда, осы объектіде орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға үй-жайлар мен жабдықтар берілген; 4) ауданы жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны жүз елу еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын өзге де мүлікті ( автокөлік құралдары, жабдықтар, жиһаз, ұйымдастыру техникасы) берілген; 5) банкоматтар мен мультикассалар орнатуға арналған алаңдар берілген; 6) Ұлттық почта операторы қызметі ауылдарда, ауылдық округтерде жүзеге асырылған; 7) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 8) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасасқан өнім берушілерге үй-жайлар (олардың алаңына қарамастан) мен жабдықтар (оның құнына қарамастан) берілген жағдайларда, объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендер өткізбей жүзеге асырылады. Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 8. Осы Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі немесе одан да көп өтінім берілген жағдайда, оларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады. Осы Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі немесе одан көп өтінім берілген жағдайда жалға беруші осы объектілерді тендер өткізу арқылы мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру туралы ақпаратты осындай шешім қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына орналастыруды қамтамасыз етеді. 9. Объектіні тендер өткізбей мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге арналған өтінімнің негізінде (бұдан әрі - өтінім) жүзеге асырылады. Өтінім объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесін (сканерленген) қоса, объектіге қажеттіліктің негіздемесін көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында жасалады. Осы Қағидалардың 7-тармағының 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген объектілер бойынша тізілім веб-порталында өнім беруші мемлекеттік мүлікті ( үй-жайлар мен жабдықтарды) ұсынуды көздейтін шарттарда көрсетілген қатысушылардың ғана өтінімдерін қабылдайды. 10. Кандидатқа, саяси партияға не олар сенiм бiлдiрген адамдарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу және сайлау алдындағы үгiттер жүргізу үшін үй-жайлар беру жалға берушінің атына ерікті нысандағы жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асырылады. Жалға беруші өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде кандидатты, саяси партияны немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарын жылжымайтын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасасуға дайындығы туралы хабардар етеді. Осы Қағидалардың 9-тармағының екінші бөлігінің талаптары кандидатқа, саяси партияға немесе олар сенiм бiлдiрген адамдарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу және сайлау алдындағы үгiттер жүргізу үшін үй-жай беру жағдайларына қолданылмайды. 11. Жалға беруші Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген объектілерді қоспағанда, объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру өтінімін бес жұмыс күні ішінде қарайды. Жалға беруші Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген объектілерді жалдауға (жалға алуға) беру туралы өтінімді бірінші өтінім түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Жалға беруші объектілерді жалдауға (жалға алуға) беру туралы өтінімді ( өтінімдерді) қарау нәтижелері бойынша мынадай: 1) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы; 2) осы тарауға сәйкес осы Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі және одан көп өтінім берілген жағдайда, тендер өткізу туралы; 3) объектінің заңды жағдайы бойынша жалға беруші өзге шешім қабылдаған немесе өтінімде көрсетілген объектінің осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды. 12. Жалға алушымен шарт мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында электронды түрде жасалады және ЭЦҚ пайдалана отырып жалға беруші мен жалға алушы қол қояды және шарттың сәйкестендіргішін көрсете отырып, тізілім веб-порталында тіркеледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары жалға беруші мен кандидат немесе саяси партия не олар сенiм бiлдiрген адамдар арасында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес жазбаша нысанда қағаз жеткізгіште жасалатын, жылжымайтын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарттарына қолданылмайды. 2-параграф. Тендер өткізуге дайындық 13. Тендерге дайындалу және оны өткiзу кезiнде жалға берушi: 1) тендер комиссиясын қалыптастырады; 2) тендер өткiзу мерзімін айқындайды; 3) тендер құжаттамасын дайындайды; 4) тізілімнің веб-порталында тендер өткізу туралы хабарламаны жариялайды; 5) шарт жобасын дайындауды жүзге асырады; 6) тендер комиссиясы отырысының хаттамаларына қол қояды; 7) тендер жеңімпазымен шарт жасасуды қамтамасыз етеді. 14. Тендерлік құжаттама: 1) тендер объектiсiнің нысаналы мақсатын көрсете отырып, ол туралы мәлiметтерді; 2) өтiнiмнің және онымен бiрге ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптарды; 3) тендер шарттарын; 4) тендер өткiзу тәртiбiн; 5) шарттың жобасын қамтиды. 15. Тендердің ұйымдастырушысы ретінде жалға беруші әрекет етеді. 16. Тендерлік комиссияның құрамына жалға берушінің, баланс ұстаушының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкілдері қосылады. Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 17. Тендер комиссиясы жалға беруші белгілеген мерзімде және тендерлiк құжаттаманың негізінде: 1) тендердің шарттары мен тендерге қатысушыға қойылатын талаптарды айқындайды; 2) осы Қағидалардың 49-тармағына сәйкес есептелген жалдау төлемінің мөлшерлемесінен төмен болмайтын жалдау төлемінің ең төменгі мөлшерлемесін ( жалға алушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент қолданбастан) белгілейді; 3) кепілдік жарнасының мөлшерін бекітеді. Тендерге қатысуға арналған кепілдік жарна жылжымайтын мүлік объектісі берілген кезде жалдаушының қызмет түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициенттерді пайдаланбай есептелетін объект үшін айлық жалдау төлемі мөлшерінде және ғимараттағы үй-жайдың бір бөлігін мүліктік жалға беру кезінде жалпы пайдалану орындарына қол жеткізу ескерілмей белгіленеді. Өзге мүлік берілген кезде кепілдік жарна айлық жалдау төлемі мөлшерінде белгіленді. 18. Жалға беруші тізілімнің веб-порталында тендер өткізу туралы хабарламаның тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын қазақ және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді. 19. Тендер өткiзу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді: 1) жалға берушінің атауын; 2) тендер өткізу шарттарын және тендерге қатысушыға қойылатын талаптарды; 3) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын; 4) тендер өткiзіу күнін, уақытын; 5) тендерге қатысуға өтінімдi қабылдау мерзiмдерiн; 6) мүлiктiк жалдау (жалға алу) мерзiмiн және жалдау төлемінің бастапқы мөлшерлемесінің мөлшерін; 7) жалдау ақысы төлемдерінің кезеңділігін; 8) кепiлдiк жарнаның мөлшерiн, мерзiмi мен оны енгiзу үшін банк деректемелерін; 9) тендерге қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiн; 10) шартты жасасу мерзімін; 11) тендер объектісімен танысу мекенжайын, мерзімдері мен шарттарын қамтиды. 20. Бірыңғай оператор: 1) тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды; 2) тізілім веб-порталында ЭЦҚ қолдану арқылы жалға берушінің қолы қойылған кепілдік жарнаны аударуға берілген өтініш негізінде жалға берушінің тиісті бюджет сыныптамасының кодына тендерде жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады; 3) тендердің басқа қатысушыларына, сондай-ақ олар кепілдік жарналарын қайтару жөніндегі өтінішке тізілім веб-порталында қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерге қатысуға өтінім бермеген адамдарға кепілдік жарналарын қайтарады. 21. Қатысушылар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiппен, бірыңғай оператордың шотына кепiлдiк жарна енгiзедi. Бір кепілдік жарна бір объектіге арналған тендерге қатысуға мүмкіндік береді. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке және заңды тұлға енгізеді. Кепілдік жарнаны енгізген кезде төлем құжатында төлем мәнінде жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН) немесе қатысушының бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) көрсету қажет. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi. Кепілдік жарна тендер жеңімпазының тендер нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес шарт жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылады. Кепілдік жарна тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін талаптарда шартқа қол қойылмаған жағдайда, жеңімпазға қайтарылмайды. Осы Қағидалардың қоспағанда, барлық басқа жағдайларда 41-тармағын қатысушы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойған тізілім веб-порталы арқылы қалыптастырылған кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш негізінде тендерге қатысушының өтінімде көрсетілген деректемелеріне сәйкес кепілдік жарналарды бірыңғай оператор үш жұмыс күні ішінде қайтарады. 22. Баланс ұстаушының өтініші бойынша тендердің шарттары өзгерген не тендерді болмаған жағдайда, жалға беруші тендерді өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өзгерістер немесе тендердің болмайтын туралы хабарламаны тізілім веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Тендерге қатысуға өтінім берген тұлғаларға тендер шарттарын өзгерту не тендердің болмайтыны туралы хабарлама жарияланғанға дейін кепілдік жарнаны тізілім веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш негізінде қайтарылады. 23. Тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн жалға берушi тізілім веб-порталы арқылы объект туралы ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етеді, ал баланс ұстаушы объектіні қарауға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 3-параграф. Тендер өткізу 24. Тендерге қатысушыларды тізілім веб-порталында тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін бес минут бұрын аяқталады, содан кейін қатысушы берген өтінішін қайтарып ала алмайды. 25. Тендерге қатысу үшін қатысушы: 1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: ЖСН, тегін, атын және әкесінің атын ( болса); 2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болса); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефонын, электрондық пошта, мекенжайын) көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. 26. Қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған, осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша 3-қосымшаға мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну бойынша тендерге қатысуға өтінімді ( бұдан әрі - өтінім) тіркеу қажет. 27. Қатысушылар тізілім веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік шарттарға келісімі мен бағалық ұсынысты қамтитын өтінімді тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға (жалға алушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді. 28. Қатысушылардың өтінімдері мен оларға қоса берілетін электрондық ( сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілім веб-порталында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады. 29. Қатысушының осы Қағидалардың 27-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның бірыңғай оператордың шотына түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. 30. Бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарна түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілім веб-порталы өтінімді қабылдауды жүзеге асырады. Бірыңғай оператордың шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілім веб-порталы қатысушының тізілім веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. 31. Тендер тізілім веб-порталында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының көзделген демалыс Заңында және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін өткізіледі. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі кезеңде басталады және тендер өткізілетін күні аяқталады. Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 32. Егер тендер басталған сәтте қатысушылардың тіркелген өтінімдері болмаса, тендер тізілімнің веб-порталымен өткізілмеген деп танылады және жалға беруші осы Қағидалардың 3-параграфында көзделген тәртіппен объектіні тендерге қайта қою туралы шешім қабылдайды. Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 33. Тізілім веб-порталы тендер өткізу хабарламада көрсетілген тендердің күні мен уақыты келген бойда өтінімдерді автоматты түрде ашады. 34. Тендерге жіберілген қатысушыларды анықтау үшін өтінімдер мен құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін жалға беруші тізілім веб-порталында қарайды. Қатысушы тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе , жалға беруші қатысушыны себептерін көрсете отырып, тендерге қатысуға жібермейді. 35. Тендер өткiзу кезінде жалғыз қатысушы немесе объект үшін жалдау төлемінің ең жоғары сомасын ұсынған және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарға жауап беретін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп жарияланады. Қатысушылар ұсынған жалдау төлемақысының сомасы сәйкес (тең) болған жағдайда, өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады. 36. Тізілім веб-порталында баға белгілеу ұсыныстарын автоматты түрде салыстыруды және тендерді қорытындылауды жүргізеді. Тендердің нәтижелері туралы хаттама осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылғаннан кейін веб-порталда автоматты түрде орналастырылады. 4-параграф. Тендердің нәтижелерін ресімдеу 37. Жалға беруші тендер өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасын жасайды және оны жеңімпазға тізілім веб-порталы арқылы жібереді. 38. Шарт электронды форматта тізілім веб-порталында жасалады және оған жалға беруші мен жұмыс беруші ЭЦҚ пайдалана отырып, тендер өкізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қояды және шарт сәйкестендіргішін көрсете отырып, веб-порталда тіркеледі. 39. Жеңімпаз шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, жалға беруші шарт жобасын жасайды және тізілім веб-порталы арқылы екінші қатысушыға жібереді. Егер екінші қатысушы бес жұмыс күні ішінде шартқа қол қоймаса, жалға беруші электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, тізілім веб-порталында қалыптастырылған тендер нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды. Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 39-1. Жалға беруші, егер тендер қорытындылары бойынша жеңімпаз анықталмаса, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтпеді деп танылған тендердің шарттары бойынша мүлікті қайтадан сауда-саттыққа шығарады. Ескерту. Қағида 39-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. 40. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған жылжымайтын мүлікті мүліктік жалдау ( жалдау) шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге жатады. Шарттардың құқықтық кадастрында мемлекеттік тіркеу жалға алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 41. Енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендер объектісін пайдаланғаны үшін төлем есебіне жеңімпазға есептеледі. 3-тарау. Қабылдау-тапсыру актісі бойынша объектіні беру 42. Шартқа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде объектіні баланс ұстаушы, жалға алушы қол қоятын және электрондық цифрлық жүйені пайдалана отырып, тізілім веб-порталында жалға беруші бекітетін қабылдау актісіне сәйкес баланс ұстаушы жалға алушыға беріледі. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жалға алушы баланс ұстаушы мен келісім-шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін баланс ұстаушы қол қойған қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес объектіні шартты бұзу күнінен немесе шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, тізілім веб-порталында жалға алушы баланс ұстаушыға қайтарады. Мүліктік жалдау (жалдау) үшін жалдау ақысын есептеу объектіні қабылдау-тапсыру актісі бойынша баланс ұстаушыға қайтарылғанға дейін жүргізіледі. Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 43. Қабылдау-тапсыру актісінде: 1) акт жасалған жер мен күні; 2) өкiлдерге оларға сәйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттiк берілген құжаттардың атауы мен деректемелері; 3) объектіні беру жүргізілетін шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi; 4) берiлетiн объектiнiң атауы, орналасқан жері, анықталған ақаулардың тiзбесімен бірге, оның техникалық сипаттамасы мен жай-күйі көрсетіледі. 44. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 45. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 4-тарау. Объектіні қосалқы жалға беру және ажырамайтын жақсартуларды өндіру 46. Жалға алушы шарттың талаптарына сәйкес мүлікті пайдаланады. 46-1. Жалдаушы (қосалқы жалға алушы) – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Ескерту. Қағида 46-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 47. Жалға алынған объектілерді қосалқы жалдауға тапсыру жалға берушінің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады. Жалға алынған объектілерді қосалқы жалдауға тапсыруға рұқсат алу үшін жалға алушы жалға берушіге қосалқы жалдау шарттары мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша түрде тиісті өтініш береді. Жалға беруші жалға алушының жалға алынған объектілерді қосалқы жалдауға тапсыру туралы өтінішін он бес жұмыс күні ішінде қарайды және мынадай: 1) жалға алынған объектілерді қосалқы жалдауға беруге келісу туралы; 2) қосалқы жалдау шарттары мен мерзімдері жалдау шартына сәйкес келмеген жағдайда, жалға алынған объектілерді қосалқы жалдауға беруден бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдайды. Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.06.2025 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 48. Жалға алынған объекті үшін залал келтірмей ажыратылмайтын объектінің ажырамас жақсартуларын жалға алушының өз қаражаты есебінен жүргізуі баланс ұстаушы мен жалға берушінің жазбаша рұқсаттарымен жүзеге асырылады. Жалға алушы жүргізген объектілердің ажыратуға келетін жақсартулары, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның меншігі болып табылады. Жалға алушы жүргізген объектілердің ажырамас жақсартуларының құны жалға беруші мен баланс ұстаушының келісімі бойынша тиісті бюджет қаражаты есебінен өтеледі. Ажырамас жақсартуларды жүзеге асыруға рұқсат алу үшін жалға алушы баланс ұстаушы мен жалға берушіге объектінің ажырамас жақсартуларын жүргізуге тиісті өтінішті мынадай: 1) жалға алушының өтінімін; 2) енгізілетін ажырамас жақсартулардың қысқаша сипаттамасын, оларды жүргізу қажеттігінің негіздемесін, оларды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі көрсетілген жалпы түсіндірме жазбаның құрамындағы жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ құнының жиынтық сметалық есебін; 3) жаңадан салынатын объектілер үшін есептеулерді, көлемді-жоспарланған, конструктивті және инженерлік жобалық шешімдердің сызбаларын; Жалға беруші және баланс ұстаушы өтініш жіберілген сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жалға алушының объектінің ажырамас жақсартуларын жүзеге асыруға ұсынған өтінімін, оған қоса берілген құжаттарды қарайды және мынадай: 1) жалға алушының объектінің ажырамас жақсартуларын жүзеге асыруға келісуі туралы; 2) экономикалық тұрғыдан орынсыз болған, болжанған құнмен және оларды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімімен келіспеген жағдайларда, сондай-ақ объектінің ажырамас жақсартулары құнын өтеуге баланс ұстаушыда қаражат болмаған кезде, жалға алушының объектінің ажырамас жақсартуларын жүзеге асыруынан бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдайды. Жалға берушінің рұқсатын алғаннан кейін жалға алушы объектінің ажырамас жақсартуларын жүргізуге кіріседі. Жалға алушы жүргізген объектінің ажырамас жақсартуларының құнын өтеу үшін жалға алушы орындалған жұмыстар күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жалға берушіге мынадай құжаттарды: 1) жалға алушының өтемақы алуға өтінімін; 2) баланс ұстаушының объектінің ажырамас жақсартуларын жүргізуге жазбаша рұқсатын; 3) объектілерді реконструкциялаудан және техникалық қайта жарақтандырудан кейін объектіні пайдалануға беруге рұқсат ететін құжаттаманы (мемлекеттік комиссия актілері, объектіні пайдалануға беру жөніндегі жұмыс комиссиясының актілері); 4) орындалған жұмыстардың актілерін қоса, тиісті өтініш береді. Ұсынылған құжаттарды қараудың қорытындысы бойынша жалға беруші тиісті шешім қабылдайды, ол туралы ақпарат тізілімге енгізіледі. 5-тарау. Жалдау ақысы 49. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін мүліктік жалдауға (жалға ) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы Қағидаларға сәйкес базалық 5-қосымшаға мөлшерлемелер мен объектілердің функционалдық мақсаты, коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрлері, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескеріліп қолданылатын коэффициенттер мөлшері негізінде айқындалады және мына формула бойынша жүзеге асырылады: Жа = Бме х S х Кфм х Ктеүт х Кжд х Ко х Кқт х Кұқн, мұнда: Жа – мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі; Бме – 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, бір жылға теңгемен; S – жалға алынатын алаң, шаршы метр; Кфм – объектілердің функционалдық мақсаты, коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрлері ескерілетін коэффициент; Ктеүт – тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент; Кжд – жайлылық деңгейі ескерілетін коэффициент; Ко – аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент; Кқт – жалдаушы қызметінің түрі ескерілетін коэффициент; Кұқн – жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады: Жа = Қ х Nam/100 х Кт, мұнда: Жа – жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі; Қ – бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жабдықтың қалдық құны. Тозуы 100 пайыз есептелген жабдықты, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады; Nam – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 271-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары; Кт – төмендету коэффициенті (жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар алпыс пайыздан аса тозған кезде – 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметін қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін беру кезінде – 0,5 мөлшерінде қолданылады). Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағатына есептеп мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады: Жс=Жа/12 /К/24, мұнда: Жс – мемлекеттік тұрғын емес қор объектілері, мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір сағатқа жалдау ақысының мөлшерлемесі; Жа –мемлекеттік тұрғын емес қор объектілері, мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі; К – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндер саны. Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігінің жалдау ақысын есептеу кезінде жалға алушының мүліктік жалдауға (жалға) берілетін алаңның 25% мөлшерінде осы алаңдардың жалпы пайдаланымдағыорындарға қол жеткізуі ескерілуі қажет. Мемлекеттік заңды тұлғалардың түскі ас залдары бар қоғамдық тамақтандыру пункттерін мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жалдау есептемесіне ас блогының алаңы және қосалқы үй-жайлар қосылады, себебі түскі ас залдарының алаңы мүліктік жалдауға берілмейді. Жалдаушы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыруды (асхана, буфет) ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсеткен кезде мүліктік жалдауға (жалға) берілетін үй-жайлардың жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу бір оқу жылы үшін жүргізіледі. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан өнім беруші жазбаша өтініш берген кезде, мүліктік жалдауға (жалға) берілетін мемлекеттік орта білім беру заңды тұлғаларындағы үй-жайлардың жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу оқу жылы үшін жүргізіледі. Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 50. Төлем жалға алынған барлық мүлік үшін тұтастай немесе оның құрамдас бөліктерінің әрқайсысы бойынша жеке, мерзімді немесе бір жолғы енгізілетін төлемдердің шартта көзделетін тіркелген сомасымен белгіленеді. 50-1. Жалдау бойынша берешегі бар жалға алушылардың тізілімі шартта белгіленген төлем мерзімі өткеннен кейін мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау ақысын екі реттен астам төлемейтін жалға алушылардың тізбесін білдіреді. Жалдау бойынша берешегі бар жалға алушылардың тізілімі ай сайын тізілім веб-порталы тиісті бюджетке жалдау ақысының түсуі туралы деректердің негізінде есепті айдан кейінгі айдың бесінші күні қалыптастырылады. Егер жалға алушы шартта белгіленген төлем мерзімі өткеннен кейін мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау ақысын екі реттен астам төлемесе, жалға беруші шартты мерзімінен бұрын бұзуға бастамашылық жасайды Ескерту. 50-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 51. Мүліктік жалдау (жалға алу) төлеміне коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымды және күрделі жөндеуге аударымдар, объектіге қызмет көрсеткені үшін төлемдер қосылмайды. Бұл төлемдерді жалға алушы тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитариялық қызметтерге төлейді. 52. Шарттың қолданылу мерзімі ішінде объектіні мүліктік жалдағаны (жалға алғаны ) үшін жалдау ақысының мөлшері жалға берушінің талабы бойынша мынадай жағдайда қайта қаралады: 1) жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері өзгергенде, тендер өткізілмей мүліктік жалдауға (жалға) берілген жылжымайтын мүлік бойынша; 2) егер жалдаушы тендерде ұсынған жалдау ақысының мөлшері осы Қағидалардың 49-тармағына сәйкес есептелген жалдау ақысының мөлшерінен аз болса, тендер өткізу арқылы мүліктік жалдауға (жалға) берілген жылжымайтын мүлік бойынша; 3) жалдау ақысының мөлшері өзгерген кезде жалға беруші www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жалға алушыны жалдау ақысын енгізудің кезекті мерзіміне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей хабардар етеді. Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 53. Шарттың қолданылуы ішінде жылжымайтын мүлікке жатпайтын жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) жалдау ақысының мөлшерін жалға беруші мен жалға алушы қайта қарамайды. 53-1. Жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысы: 1) шағын және орта бизнес субъектілері үшін 2020 жылғы 20 маусымнан бастап 2021 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңде; 2) жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккен жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңде есептелмейді. Жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысынан босату негізгі шартқа қосымша келісім жасау арқылы жүзеге асырылады. Ескерту. Қағида 53-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.10.2020 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.01.2022 № 10 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. 54. Республикалық мүлікті жалға беруден түсетін рента республикалық бюджетке, коммуналдық меншіктен тиісті жергілікті бюджетке аударылады. Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 54-1. Жалға беруші тізілім веб-порталында шарттың сәйкестендіргішін, осындай шарт бойынша жалға алу бойынша берешек пен өсімпұл есептей отырып, мүлікті пайдалану шартында белгіленген төлем мерзімі өткеннен кейін екі реттен астам жалдау бойынша берешегі бар жалға алушылардың тізілімін қалыптастырады. Егер жалға алушы мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлемақыны шартта белгiленген төлем мерзiмi өткеннен кейінекi реттен артық төлем жасамаса жалға берушiнiң талабы бойынша мүлiктiк жалдау шарты бұзылып, мүлiк жалға берушiге қайтарылуы мүмкiн. Ескерту. 54-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына 1-қосымша Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 (алғашқы ресми жарияланған № 85 күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Объект туралы ақпарат ________________________________________ (мемлекеттік заңды тұлғаның атауы) артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру мақсатында жалға алушы ____________________-ға (ге) объект туралы туралы мынадай мәліметтерді: 1. мүліктік жалға алу (жалдау) объектілері туралы мәліметтер: № п/п Мәліметтер 1 атауы 2 қысқаша сипаттамасы (саны, өлшем бірлігі), сондай-ақ объектінің әртүрлі бұрыштардан түсірілген кемінде үш фотосуретінің электрондық көшірмелерін жеке файлдармен, сондай-ақ техникалық паспорты бойынша орналасу схемасын ұсынады. 3 орналасқан жері 4 насаналы мақсаты 5 мүліктік жалға (жалдауға) беру мерзімі 6 жылжымайтын мүлік бойынша: объектілердің функционалдық мақсатын, коммерциялық жылжымайтын мүліктің қызмет ауқымы мен түрлерін (әкімшілік кеңсе үй-жайлары, өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары (гараж, қазандық), спорт ғимараттары (стадиондар, спорт залдары, спорт алаңдары) және т.б. ескеретін коэффициент жылжымайтын мүлік түрлері (бөлшек сауда орындары, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындары, тұрмыстық қызмет көрсету орындары, қызмет көрсету орындары, қонақ үйлер, демалыс үйлері, паркингтер және т.б.); тұрғын емес үй-жайлардың түрі (жеке ғимарат, кіріктірілген және жапсарлас салынған үй-жайлар мен жер үсті қабаттардағы, бірінші (жартылай жертөле) қабаттағы, жертөледегі, басқалардағы ( шатыр, шатырасты, тамбур, мансарда, лоджиялар, ашық спорттық ғимараттар және т.б.); инженерлік құрылғылардың (электр, кәріз, сумен жабдықтау, жылу) бар немесе жоқтығы туралы; 7 көлік құралдарына, жабдықтарға және басқа да жылжымайтын мүлікке жатпайтын объектілер бойынша; бастапқы құны (теңгемен) қалдық құн (теңгемен) есептелген тозу (теңгемен) Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына 2-қосымша Нысан Объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беруге Өтінім 1. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланған мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысып, ________________________________________________________________________ ________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) төменде көрсетілген объектіні жалға алуға ниет білдіреді. Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі (-лері) туралы мәліметтер: Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің атауы, сондай-ақ жалдау ақысы төлемдерінің кезеңділігі Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің баланс ұстаушысының атауы және деректемелері Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі _____________________________________________________________________ үшін қажет. (объектіге қажеттілік негіздемелері көрсетіледі) 2. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз): Заңды тұлғалар үшін: Атауы ________________________________________________________________________ ________ БСН ________________________________________________________________________ ________ Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ________________________________________________________________________ ________ Мекенжайы: _____________________________________________________________ __ Телефон (факс) нөмірі:____________________________________________________ __ Шарт жасасу үшін банк деректемелері: ЖСК ___________________________________________________________________ __ БСК ___________________________________________________________________ ___ Банктің атауы ___________________________________________________________ ___ Кбе ____________________________________________________________________ __ Өтінішке: 1) ______________________________________________________________________ __ 2) ______________________________________________________________________ _ 3) ______________________________________________________________________ __ 4) ____________________________________________________________ қоса беріледі. Жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесiнiң аты (болса):____________________________ ___ ЖСН ___________________________________________________________________ __ Паспорт деректері ________________________________________________________ __ Мекенжайы:_____________________________________________________________ __ Телефон (факс) нөмірі:____________________________________________________ __ Шарт жасасу үшін банк деректемелері: ЖСК ___________________________________________________________________ __ БСК ___________________________________________________________________ ___ Банктің атауы ___________________________________________________________ ___ Кбе ____________________________________________________________________ __ Өтінішке: 1)______________________________________________________________________ __ 2)______________________________________________________________________ __ 3)____________________________________________________________ қоса беріледі. (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болса) немесе заңды тұлға атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) 20__ жылғы "___" ____________ Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы қабылдады. 20__ жылғы "___" ____________ сағат "___" минут. Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі; ЖСК-жеке сәйкестендіру коды; БСК-банктік сәйкестендіру коды; БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі; Кбе-бенефициардың коды. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына 3-қосымша Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі тендерге қатысуға ӨТІНІМ Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік № 156 он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы жарияланған хабарламаны қарап, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысқаннан кейін (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 20 __жылғы "___"_______ мемлекеттік мүлік тізілімінің www.e-qazyna.kz. веб-порталында өтетін тендерге қатысуға тілек білдіреді. 2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы_______(___________ ____________) теңге _ _ _ _ _ кепілдік жарна (лар) енгіздім (к). (сомасы жазбаша) (саны) Кепілдік жарна енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) объектілері туралы мәліметтер: Р/с № Мүлікті жалдау (жалға алу) объектісінің атауы, сондай-ақ жалдау ақысы төлемдерінің кезеңділігі Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы, теңге 1 2 Жиыны Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер: Р/с № Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік ж а р н а енгізілген мүліктік жалдау (жалға а л у ) объектісінің атауы Т ө л е м құжатының № Т ө л е м құжатының күні Кепілдік жарнаның сомасы, теңге 1 2 Жиыны 3. Менің (біздің) тендерге қатысушыға (жалдаушыға) қойылатын талаптарға сәйкес емес екенім (із) анықталған жағдайда, мен (біз) тендерге қатысу құқығынан айырылатыныма (ызға) , мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама мен мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (міз). 4. Егер Мен (біз) тендердің жеңімпазы (дары) болып айқындалсам (қ), тендер өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзіме мүліктік жалдау (жалға алу) шартына қол қою міндеттемелерін қабылдаймын. 5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартына белгіленген мерзімде қол қойылмаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және жалға берушіде қалатынына келісемін (міз). 6. Осы өтінім тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие. 7. Өзім (з) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (з): Заңды тұлға үшін: атауы _________________________________________________________________ БСН __________________________________________________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________ мекенжайы:____________________________________________________________ телефон нөмірі (факс):___________________________________________________ кепілдік жарнаны қайтару үшін банк реквизиттері ЖСК _________________________________________________________________ БИК __________________________________________________________________ банктің атауы __________________________________________________________ Кбе ___________________________________________________________________ кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН: өтінімге мыналар қоса беріледі: 1) ____________________________________________________________________ 2) ____________________________________________________________________ 3) ____________________________________________________________________ жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)___________________________________ ЖСН _________________________________________________________________ паспорт деректері ______________________________________________________ мекенжайы:____________________________________________________________ телефон нөмірі (факс):___________________________________________________ кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер ЖСК _________________________________________________________________ БИК__________________________________________________________________ банктің атауы _________________________________________________________ Кбе __________________________________________________________________ кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН /БСН: өтінімге мыналар қоса беріледі: 1) ___________________________________________________________________ 2) ___________________________________________________________________ 3) ___________________________________________________________________ (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және (заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілдің тегі, аты, әкесінің аты ( болған жағдайда) 20 __ жылғы "___" ____________ . Өтінім мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__ жылғы "__" ____ сағат __ __ минутта қабылданды. Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; ЖСК – жеке сәйкестендіру коды; БСК – банктік сәйкестендіру коды; БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; Kбе – бенефициардың коды. Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына 4-қосымша Тендердің қорытындысы туралы хаттама Күні мен уақыты Объектінің атауы_________________________________________________________ __ Тендер шарттары_________________________________________________________ __ Баланс ұстаушының атауы ________________________________________________ ___ Тендерді ұйымдастырушының (жалға берушінің) атауы ________________________________________________________________________ ________ Тендерді ұйымдастырушының (жалға берушінің) мекен-жайы ________________________________________________________________________ ________ Жалға беруші тендерге жібермеген қатысушылар: № Қатысушының атауы БСН (ЖСН) Ауытқу себебі Жалға беруші тендерге жіберген қатысушылар мынадай баға ұсыныстарын ұсынды: № Қатысушының атауы БСН (ЖСН) Объект үшін жалдау ақысының сомасы Өтінімді беру күні мен уақыты ( хронология бойынша) 1. Тендер жеңімпазы болып белгіленсін: (жеңімпаз қатысушысының БСН/ЖСН атауы). 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бекітілген (Нормативтiк құқықтық бұйрығымен актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 10467 болып тіркелген) Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру қағидаларында белгіленген мерзімде жалға берушімен (жеңімпаз қатысушысының БСН/ЖСН атауы) шарт жасассын. Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі; БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына 5-қосымша Ғимараттың түрі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалға алушы қызметінің түрі, жалға алушының ұйымдық-құқықтық нысаны есепке алынатын базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 (алғашқы ресми жарияланған № 85 күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. № Базалық мөлшерлеме Әкімшілік-аумақтық бірлік Базалық мөлшерлеменің көлемі 1 Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2,5 айлық есептік көрсеткіш 2 ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш № Коэфицеттер түрі Коэффициенттің мөлшері 1 Коммерциялық жылжымайтын мүліктің (Кжм) функционалдық мақсаты, ауқымы мен қызмет түрлері есепке алынатын коэффициент: 1.1 әкімшілік-кеңсе үй-жайы 1 1.2 өндірістік бөлме 0,8 1.3 қойма үй-жайлары (гараж, қазандық) 0,6 1.4 спорт ғимараттары ( стадиондар, спорт залдары, спорт алаңдары) 0,7 1.5. өзге де жылжымайтын мүлік түрлері (сауда үй-жайлары, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану пункттері, тұрмыстық қызмет көрсету пункттері, қызмет көрсету орындары, қонақ үйлер, демалыс үйлері, паркингтер және т.б.) 0,9 2 Тұрғын емес үй-жайлардың түрі есепке алынатын коэффициент ( Жк) 2.1 жеке тұрған ғимарат 1 2.2 жапсарлас-жанаса салынған үй-жайлар мен жер үсті қабаттарындағы үй-жайлар ( алаңдар). 0,9 2.3 бірінші қабат (жартылай жертөле) қабаты 0,7 2.4 жертөле қабаты 0,6 2.5 өзге де (шатыр, шатырдың асты, тамбур, лоджия, ашық спорт ғимараттары және т.б.) 0,7 3 Жайлылық дәрежесі есепке алынатын коэффициент (Кжд) 3.1 электрмен жабдықтау және коммуникациялары (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылу беру) бар үй-жайлар үшін кез келген коммуникациялар түрі болмаған кезде әрбір түрі үшін 0,1-ге азайтылады 1 4 Аумақтық орналасуын есепке алатын коэффициент (Кр): 4.1 Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін республикалық меншік үшін – 3; коммуналдық меншік үшін – 2 4.2 облыстың әкімшілік орталығы және Байқоңыр қаласы үшін 2 4.3 аудандық маңызы бар қалалар үшін 1,5 4.4 аудан орталығы үшін 1 4.5 қала, ауыл 0,5 5 Жалдаушы қызметінің түрі есепке алынатын коэффициент (Кжқ): 5.1 банктердің, Ұлттық пошта операторының есеп айырысу-кассалық орталықтары, банкоматтар, төлем терминалдары (мульти-кассалар) үшін ( қолжетімділігі шектеулі мемлекеттік заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады) 2,5 5.2 брокерлік қызмет және кедендік қызметтер көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін 3 5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру, сауда автоматтары үшін 2,5 5.4 Қылмыстық атқару жүйесі ғимараттарында және оқу орындарының жатақханаларында сауданы ұйымдастыруға 1,9 5.5. қоғамдық тамақтандыруды ( асхана, буфет), оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерінде ұйымдастыру үшін 1,5 5.6 ғылым және жоғары білім, орта және қосымша білім, мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін 1,1 0,9 0,8 5.7 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласында көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру үшін 1 5.8 ұялы байланыс, интернет желісі саласында көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру үшін ( телекоммуникациялық жабдықты орналастыру және т.б.). 5 5.9 өткізу жүйесі бар (қол жеткізілуі шектеулі) мемлекеттік заңды тұлғалардың ғимараттарында тұрмыстық қызмет көрсететін қызметкерлерді тамақтандыруды ұйымдастыру үшін 0,5 5.10 Білім беру ұйымдарында ( мектептер, гимназиялар, лицейлер , колледждер және спорт мектептері) және оқу орындарының жатақханаларында қоғамдық тамақтандыруды ( асхана, буфет) ұйымдастыру үшін 0,5 5.11 5.1-5.10-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, өзге де қызмет түрлері үшін 1,9 6 Жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны есепке алынатын коэффициент ( Кұқн): 6.1 сауда және делдалдық қызметті қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін 0,9 6.2 мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар ( жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін 0,8 6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін 0,5 6.4 басқалар үшін 1 © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

    Правила

    Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларын 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 бекіту туралы

    Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысы. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 100-бабының 2- тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1133 қаулысымен. 1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) " Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 100- бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елде дипломатиялық қызмет органдарына бекітілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жағдайларын қоспағанда, жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурс, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату нысанындағы сауда-саттықта сату тәртібін реттейді. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 1-тарау. Жалпы ережелер Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің бағаны көтеру аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы немесе бағаны төмендету аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жарияланған баға; 2) алғашқы баға – жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы берген есептің негізінде айқындалатын және қайсысының ең жоғары болатынына байланысты баланстық құн не бағалау құны мөлшерінде мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін жекешелендіру объектісінің бағасы; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 3) аукцион – тізілімнің веб-порталын пайдалану арқылы электрондық форматта өткізілетін сауда-саттықтың қатысушылар өз ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін нысаны; 4) аукцион залы – тізілім веб-порталының аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін бөлімі; 5) аукцион нөмірі – Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде қатысушыға аукционға, тендерге қатысу үшін берілетін нөмір; 6) әлеуетті сатып алушының (ие болушының) үлестес тұлғасы – осы әлеуетті сатып алушының (ие болушының) шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімге, оның ішінде жазбаша түрде жасалған мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті сатып алушының (ие болушының) осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға; 7) бастапқы баға – әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық басталатын баға; 8) екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурс – конкурс жеңімпазын сатушы тәуелсіз консультанттардың қатысуымен кезең-кезеңімен келіссөздер жүргізу арқылы айқындайтын сауда-саттық нысаны; 9) ең төменгі баға – жекешелендіру объектісін одан төмен бағаға сатуға болмайтын баға; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 10) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 10) жекешелендіру объектісі – мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын; жекешелендірілуі тұйық технологиялық тізбекті бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктері ; мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі; акционерлік қоғамдардың акциялары; жауапкершілегі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздар; 11) жеңімпаз – жекешелендіру объектісі үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға және тендерге қатысушы; екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурстың екінші кезеңінің ең жоғары баға және (немесе) ең үздік шарттар ұсынған қатысушысы; 12) кепілдік жарна – сауда-саттық немесе өзге міндеттемені орындау кезінде шарт жасасу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілдік жарнаны төлеуші кепілдік жарнаны алушыға беретін ақша сомасы; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 13) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 13) қатысушы – аукционға, тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға; 14) қатысушының ақшалай балансы (бұдан әрі – электрондық әмиян) –екінші деңгейдегі банктегі бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына әлеуетті қатысушы құйған: екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсты қоспағанда, аукцион, тендер және жабық тендер нысанындағы сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдауға; осы Қағиданың 23-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдік жарналарды қайтаруға байланысты ақша қаражатын есепке алу үшін бірыңғай оператор пайдаланатын тізілімдегі әлеуетті қатысушының жеке шоты; 15) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Заңда және осы Қағидада көзделген жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты құратын алқалы орган; 16) сату бағасы – өткізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленген жекешелендіру объектісінің түпкілікті бағасы; 17) сатушы (мүлікті иеліктен айыруды жүргізетін адам) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты; 18) сатып алушы (ие болушы) – мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару процесінде мүлікті сатып алатын жеке тұлға немесе мемлекеттік емес заңды тұлға; 19) сауда-саттық – жекешелендіру түрі; 20) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын, бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын әдіс; 21) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын, бастапқы бағасы жарияланған қадаммен төмендетілетін әдіс; 22) тәуелсіз консультанттар – жекешелендіру объектісінің құнын бағалауды жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілені сүйемелдеу мақсатында сатушы тартатын заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдіктер немесе олардың бірлестіктері, бағалау және (немесе) инвестициялық қызметке және (немесе) қаржылық консультация беруге қатысушылар; 23) тендер – тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында жабық электрондық конвертке жүктелетін, қатысушылар өздерінің баға ұсыныстарын мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 24) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 24) тізілімнің веб-порталы – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) сатылатын объектілері жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс; 25) ұйымдастырушы – қор биржасында және шет елдегі мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару процесін ұйымдастыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын сатушы не заңды немесе жеке тұлға; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 26) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 26) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 27) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 27) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі. Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 3. Объектіні жекешелендіру туралы шешімді мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қабылдайды, олар күнтізбелік он күн ішінде жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты (жекешелендіру кестесі) тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді. Табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-тармақтың төртіншіші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешімді "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті түрде жария тыңдау жүргізе отырып қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау барысында коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жүзеге асырады, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-тармақтың алтыншы бөлігін алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Кәсіпорында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары бар болса, кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешім дайындау кезінде шешімнің жобасы мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру даярлығы және қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 4. Екінші және одан кейінгі сауда-саттық өткізілетін жағдайларды қоспағанда, жекешелендіру объектілері сатуға жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасынан төмен болмайтын бастапқы бағамен қойылады. Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 5. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару Заңда және осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Тиісті саланың уәкілетті органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жекешелендіру объектілері осы Қағиданың 7-тарауына сәйкес екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурста иеліктен шығарылады. Бұл ретте мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздар осы Қағиданың 8 тарауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің (республикалық меншік бойынша) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның (коммуналдық меншік бойынша) шешімі бойынша иеліктен шығарылады. Комиссия шешімінің негізінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның ( республикалық меншік бойынша) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының ( коммуналдық меншік бойынша) шешімі бойынша жекешелендіру объектілері осы Қағиданың 4, 5 және 6-тарауларына сәйкес аукцион немесе тендер нысанындағы сауда-саттықта сату, қор биржасындағы сауда-саттық жолымен иеліктен шығарылады. Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 6. Эмиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген акцияларды сатуға жол берілмейді. 7. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату Заңда, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптар сақталып жүргізіледі. Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 8. Жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын ( жарғылық капиталға қатысу үлесін) сату кезінде әлеуетті сатып алушы (ие болушы) және әлеуетті сатып алушының (ие болушының) үлестес тұлғасы аукционға, тендерге, екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа бірге қатыса алмайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылардың бірі қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатқан кезде үшінші тұлғалардың алдында қатысушының үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алу артықшылық құқығын пайдаланады. Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 9. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүлікті сатуға ұсынған кезде осы мемлекеттік заңды тұлғаны басқаратын мемлекеттік органның жазбаша келісімі қажет. Бұл ретте сатушыға жекешелендіру объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ ауыртпалықтар жоқ екенін растайтын құжатты беру қажет. Қажет болған жағдайда сатушы жекешелендіру объектісінің техникалық және функционалдық сипаттамаларын айқындауға мүмкіндік беретін құжаттарды сұратады. Мемлекеттік мүліктің теңгерім ұстаушысы меншік құқықтары сатып алушыға өткенге дейін жекешелендіру объектісінің сақталуына және жекешелендіру объектісі бойынша мәліметтердің дұрыстығына жауап береді. Хабарлама жарияланғаннан кейін теңгерім ұстаушы жекешелендіру объектісін сатып алуды қалаушылардың жекешелендіру объектісін көруге еркін қатынауын қамтамасыз етеді. Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 9-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 9-1. Жекешелендіру объектісі акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттік қатысу үлесі немесе мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын түрінде сатылатын болса, осы жекешелендіру объектісі басқаруында болатын тиісті саланың уәкілетті органы комиссияның қарауына шығару үшін сатушыға оны сату тәсілі мен шарттары бойынша ұсыныс береді. Қажет болған жағдайда сатушы жекешелендіру объектісінің мүлкінің құрамы және шаруашылық қызметі бойынша құжаттарды сұратады. Акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның басшылығы акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесі немесе мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын түрінде жекешелендіру объектісі бойынша мәліметтердің дұрыстығына меншік құқығы сатып алушыға ауысқанға дейін жауапты болады. Хабарлама жарияланғаннан кейін тиісті саланың уәкілетті органы және акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның басшылығы жекешелендіру объектісін сатып алуды қалаушылардың жекешелендіру объектісін көруге еркін қатынауын қамтамасыз етеді. Ескерту. 1-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 10. Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді. 11. Сатушы жекешелендiру объектiлерiн сатуды Заңда және осы Қағидада айқындалған тәртiппен жүзеге асырады. 12. Сатушының функциялары: 1) жекешелендіру объектісінің құнына бағалау жүргізуді қамтамасыз ету; 2) екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату жағдайларын қоспағанда, комиссия шешімінің негізінде әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысанын және шарттарын айқындау; 3) сауда-саттық өткізу мерзiмiн белгiлеу; 4) сауда-саттықты дайындауды және өткізуді жүзеге асыру; 5) комиссия шешімінің негізінде жекешелендіру объектілерінің алғашқы бағасын айқындау; 6) екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысушылардың кепілдік жарнасын қабылдау; 7) мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды комиссияның шешімі негізінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сатуды жүзеге асыру; 8) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату кезінде брокерлік компанияның ұсынымдары бойынша сауда-саттық жүргізу әдісін айқындау; 9) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығын, сатудың шекті мерзімдері мен биржалық сауда-саттықтан алу күнін айқындау; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 10) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 10) жекешелендіру объектісінің құнын бағалауды жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілелерді сүйемелдеу мақсатында "Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 98 бұйрығымен бекітілген Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32695 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен тәуелсіз консультанттарды тарту; 11) жекешелендіру объектілерін сауда-саттықтан алу туралы шешім қабылдау; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 12) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 12) сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, сондай-ақ егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттарының кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы туралы ақпаратты дайындау және ұсыну; 13) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, сату туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға хабарлау; 14) тендерге қатысушылардың құжаттарын олардың қосымша талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау және оларды сауда-саттыққа жіберу; 15) ұйымдастырушы тартылған жағдайда онымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу; 16) сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу барысын бақылауды жүзеге асыру; 17) сауда-саттық жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау; 18) қатысушылармен, сатып алушылармен, ұйымдастырушымен сауда-саттық өткізу рәсімдеріне байланысты есептесулерді жүзеге асыру; 19) жекешелендіру жүргізу үшін қажет басқа да іс-шараларды жүргізу болып табылады. Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.07.2023 № 611 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен. 13. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтiң жүзеге асырылуы объектiнi сауда-саттықтарда сатудың шарты болып табылатын түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар; 2) ұйымдастырушы; 3) қор биржасындағы сауда-саттықты қоспағанда, акционерлік қоғамдар ( жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының мемлекеттік пакеттері ( жарғылық капиталға қатысу үлесі) сауда-саттыққа шығарылған жағдайда мемлекет тікелей қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілері және олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалар сауда-саттықтың қатысушысы ретінде тіркелуге жатпайды. Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 2-тарау. Комиссия Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 14. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін сатушы міндетті түрде комиссия құрады, оның құрамына сатушының, басқа да мемлекеттік атқарушы органдардың (аумақтық бөлімшелердің) және (немесе) өкілді органдардың, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға) өкілдері енгізіледі. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссия шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі сатушы үшін ұсынымдық сипатта болады. Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 15. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) өз жұмысының регламентін өзі әзірлейді; 2) екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсты, туынды бағалы қағаздарды сату жағдайларын қоспағанда, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысаны мен шарттары туралы шешім қабылдайды; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 3) екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсты қоспағанда, акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесі немесе мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын түріндегі әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысаны мен шарттары туралы тиісті саланың уәкілетті органының ұсыныстарын қарайды және шешім қабылдайды; 4) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы шешім қабылдайды; 5) жекешелендіру объектісін бағалау негізінде қайсысының ең жоғары болатынына байланысты жекешелендіру объектісінің баланстық құны немесе бағалау құны мөлшеріндегі алғашқы бағасын белгілеу туралы шешім қабылдайды; 6) акцияларды биржалық сауда-саттыққа қоюдың мерзімдері мен ұзақтығы, сатудың шекті мерзімдері және биржалық сауда-саттықтан алу күні туралы шешім қабылдайды; 7) тендер шарттары туралы шешім қабылдайды; 8) қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптар туралы шешім қабылдайды; 9) жекешелендіру объектісін сауда-саттыққа одан әрі қоюдың орындылығы туралы шешім қабылдайды; 10) екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарайды және оларды сауда-саттыққа жібереді; 11) екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурс жеңімпазын жариялайды; 12) сатушының ұсынысы бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты бойынша кейінгі бақылауды аяқтау туралы шешім қабылдайды. Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 16. Сауда-саттық ашық болуға тиіс. Сауда-саттықты өткізуге дайындықты сатушы жүзеге асырады, ол сауда-саттықтың өткізілетіні туралы хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді, өтінімдер қабылдауды және екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді, екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурстың түскен материалдарын комиссияның қарауына береді. Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 3-тарау. Сауда-саттықты өткізуге дайындық Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 17. Сауда-саттықтарды өткiзуге дайындық мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: 1) жекешелендіру объектісі бойынша қажеттi материалдарды жинау жүргiзiледi; 2) жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы жекешелендіру объектілерінің құнын бағалау туралы тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған есептер негізінде комиссияның шешімі бойынша қайсысының ең көп болатынына байланысты баланстық құн не бағалау құны мөлшерінде айқындалады; 3) әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сауда-саттық нысаны айқындалады; 4) жекешелендiру объектiлерi жекелеген сауда-саттықтар бойынша бөлiнедi; 5) кепiлдiк жарнаны енгiзу тәртiбi айқындалады; 6) сауда-саттықты өткізу мерзiмі белгiленедi; 7) қажет болған кезде ұйымдастырушы тартылады; 8) сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жарияланады; 9) кепiлдiк жарналар қабылданады; 10) қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi; 11) сатып алу-сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады. Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 18-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 18. Теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын жекешелендіру объектілерін бағалауды халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес тәуелсіз консультанттар жүзеге асырады. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 19-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 19. Теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен аз болатын жекешелендіру объектілерін бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 20. Сауда-саттыққа қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін кепілдік жарна жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының он бес пайызын құрайды. Аукционға, тендерге қатысуға кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен енгізіледі. Бірыңғай оператор сауда-саттыққа қатысу үшін меншікті активтер деп танылмайтын арнайы транзиттік шотқа түсетін кепілдік жарналарды пайдаланбайды. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна сатушының деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізеді. Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 21. Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді. 22. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады. Егер кепілдік жарнаның сомасы сату бағасынан артық болса, онда айырма жеңімпаздың электрондық әмиянында тізілімнің веб-порталында сатып алушы мен сатушы сатып алу-сату шартын жасасқан күні бұғаттан алынады. Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 924 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 23. Сатушы мынадай жағдайларда: 1) жеңiмпазға – ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда; 2) сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды. Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарна сомасына енгізілген ақша қаражаты аукционға, тендерге қатысушының электрондық әмиянында сауда-саттық күні бұғаттан алынады, ал сатушы екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасын өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарады. Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсететін деректемелерге қайтарылады. Ескерту. 23-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.09.2025 № 730 ( 25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 24-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 24. Сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарламаны сатушы ол өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялайды. Хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде тізілімнің веб-порталында жарияланады. Тізілімнің веб-порталында сауда-саттықты өткізілетіні туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сатушы өзінің интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілер алаңдарында тізілімнің веб-порталында жарияланған хабарламаға сілтемені көрсетіп, сауда-саттық өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламаны қосымша орналастырады. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары қолданылатын акцияларды, ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді, мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды сату туралы хабарламаны объект (жекешелендіру кестесі) бойынша ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін жариялауға жол беріледі. Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 25. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламада мынадай мәліметтер қамтылады: 1) сауда-саттықтың өткiзiлетiн күнi, орны және уақыты; 2) сауда-саттықтың түрі, нысаны мен әдiсi; 3) жекешелендiру объектiсi туралы мәлiметтер (акцияларды сату кезінде акциялар эмитентінің атауы мен олар туралы мәліметтер, сатылатын акциялардың саны); 4) сатуға қойылатын жекешелендіру объектiлерiнiң бастапқы және ең төменгі ( аукцион сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып өткiзiлген кезде) бағалары; 5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны аудару үшін банктік деректемелер; 6) өтiнiмдердi қабылдау орны мен мерзімі; 7) сауда-саттықтарды өткiзу, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары туралы тәртіп; 8) сатушының және/немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының және теңгерім ұстаушының телефоны мен орналасқан жерi; 9) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпарат. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы хабарламада мынадай мәліметтер қамтылады: 1) сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақыты; 2) сауда-саттықтың өткізілетін орны; 3) акциялар эмитентінің атауы; 4) эмитент туралы мәліметтер; 5) сатылатын акциялардың саны; 6) сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерi; 7) сатушының шешімі бойынша мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуға қатысты өзге де мәліметтер. Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 26-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 26. Әрбiр жекешелендіру объектiсі бойынша сату туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың: 1) жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің; 2) техникалық жағдайы туралы көріністі қамтамасыз ететін, кемінде 5 дана жекешелендіру объектісі фотосуретінің (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін); 3) сатып алу-сату шарты жобасының электрондық көшiрмелерінің тізілімге енгізілуін қамтамасыз етеді. Жекешелендіру объектiсін сату туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы тізілімнің веб-порталы арқылы барлық қалаушылардың жекешелендiру объектiсi туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ескерту. 26-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацына орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-тарауды 26-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 27. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион, тендер басталғанға дейін бес минут бұрын және екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтарып ала алмайды. Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 28. Аукционға, тендерге қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізеді. Ескерту. 28-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен. 29. Аукционға, тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Тендерге қатысушылар сауда-саттық шартымен келісетінін қамтитын өтінімді және тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысын сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген, қатысушыларға ( сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерімен қоса тіркейді. Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 30. Аукционның, тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға мынадай құжаттардың көшірмелерін, оларды салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің паспорты немесе оның жеке басын куәландыратын құжат; мемлекетке тиесілі акцияларды сатқан кезде – қатысушының акцияларына иелік ететін (хабарлама жарияланған сәтте) акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен үзінді-көшірме. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады. Тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға да өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 31. Сатушы мен ұйымдастырушыға мыналарға: 1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықты дайындау және оларды өткізудің бүкіл кезеңінің ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға; 2) осы Қағиданың 29-тармағында көрсетілгендерден басқа, қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге жол берілмейді. 32. Аукционға, тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелері тізілімнің дерекқорында сақталады және сауда-саттықтың өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады. Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 33. Аукционға, тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде электрондық әмиянда өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарна сомасына ақша қаражатының бар-жоғын автоматты түрде тексереді. Қатысушының осы Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын электрондық әмиянда сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарна сомасына ақша қаражатының болмауы тізілім веб-порталының өтінімді қабылдамауы үшін негіз болып табылады. Электрондық әмиянда өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарна сомасына ақша қаражаты болған жағдайда тізілімнің веб-порталы оны сауда-саттық нәтижелері анықталғанға дейін бұғаттайды, өтінімді қабылдауды және қатысушыларды аукционға, тендерге жіберуді жүзеге асырады. Электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасына ақша қаражаты болмаған кезде тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 34. Тізілімнің веб-порталы аукционға, тендерге қатысу үшін электрондық өтінімін кері қайтарып алған қатысушының аукцион нөмірін сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін кемінде бес минут бұрын жояды. Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 35. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет: 1) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінім; 2) жеке тұлғалар үшiн: салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi; банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасы; заңды тұлғалар үшiн: салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, жарғының көшiрмесi немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi; салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу ( қайта тіркеу) туралы анықтама; банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасы. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі. Акционерлік қоғамдар мемлекетке тиесілі акцияларды сату бойынша екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысу кезінде өздерінің акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен ( ақпараттық хабарлама жариялау сәтіндегі) үзінді-көшірменің түпнұсқасын ұсынады; 3) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесі. Қатысушы сауда-саттық өткізілгеннен кейін жүгінген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады; 4) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, сондай-ақ салыстырғаннан кейін қайтарылып берілетін түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысу үшін ұсыныстар жабық конвертте жазбаша ұсынылады. 36. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады. 37. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысуды қалайтын тұлғалардың өтінімдерін қабылдау және оларды тiркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы болған кезде жүргізіледі. Өтінім қолма-қол тәсілмен берілген кезде талап етілетін құжаттардың бар-жоғын тексеруді сатушы сол жерде, бір жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады және осы Қағиданың 35-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда ұсынылған өтінім тіркелмейді. Өтінім поштамен келіп түскен кезде осы Қағиданың 35-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, ұсынылған өтінім тіркелмейді, бұл туралы сатушы өтінім берген тұлғаға бір жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабарлайды. 38. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысушылардың құжаттары журналда тіркелгеннен кейін сейфте сақталады және оны өткiзетiн күні комиссияға қарау және екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа жіберу үшін берiледi. 39. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 4-тарау. Аукцион өткiзу Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 40. Аукцион екі әдіспен: 1) бағаны көтеру; 2) бағаны төмендету арқылы өткізіледі. Аукционды бағаны көтеру әдісін қолдана отырып өткiзген кезде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады. Аукционды бағаны төмендету әдісін қолдана отырып өткізген кезде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке тең арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады. Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 41. Жекешелендiру объектiсi бірінші сауда-саттыққа бағаны көтеру әдісі қолданылатын аукционға шығарылады. Жекешелендiру объектiсi екінші сауда-саттыққа бағаны төмендету әдiсi қолданылатын аукционға алғашқы бағаның жетпіс пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады. Жекешелендiру объектiсi үшінші сауда-саттыққа бағаны төмендету әдiсi қолданылатын аукционға алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төменгі баға белгіленіп шығарылады. Жекешелендiру объектiсi төртінші сауда-саттыққа бағаны төмендету әдiсi қолданылатын аукционға алғашқы бағаның отыз пайызы мөлшеріндегі ең төменгі баға белгіленіп шығарылады. Жекешелендіру объектісі бесінші және одан кейінгі сауда-саттыққа бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционға кепілдік жарна мөлшерінен төмен болмайтын ең төменгі баға белгіленіп шығарылады. Аукцион нысанындағы әрбір келесі сауда-саттық алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі. Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 42. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Ескерту. 42-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 05.06.2019 № 372 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 1133 қаулыларымен. 43. Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірмей басталады. Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1133 қаулысымен. 44. Жекешелендіру объектісі бойынша аукцион басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады және сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды. Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 45. Егер аукцион залында бағаны көтеру аукционы басталғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін бастапқы баға бойынша сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілмеді деп танылады. Егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және тіркелген қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда бағаны төмендету аукционы өткізілмеді деп танылады. Егер бағаны төмендету аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады. Осы Қағиданың осы тармағында көзделген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі өткізілмеген сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 46. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді: 1) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 10 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi; 2) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеннен бастап 50 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 7 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде; 3) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгеннен бастап 100 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi; 4) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 250 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 2,5 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 5) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 1 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 6) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 0,5 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді. Аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі. 47. Бағаны көтеру аукционы: 1) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту арқылы жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады; 1-1) егер аукцион залында бастапқы баға расталғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады; 2) егер ағымдағы баға ұлғайғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны көтеру аукционы, егер қатысушы бастапқы бағаны растаса, өтті деп танылады. Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 48. Бағаны төмендету аукционы: 1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайтылғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы ағымдағы бағасы белгіленген қадамға азаяды. Жекешелендіру объектісін ағымдағы баға бойынша сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны төмендету аукционы, егер қатысушы бастапқы және жарияланған бағаны растаса, өтті деп танылады. Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 49. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды. 50. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады. Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 924 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 51. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 49 және 50-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілім веб-порталында қалыптастыратын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күшін жойған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 924 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 52. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды. Бірыңғай оператор: 1) сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтінім негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының электрондық әмиянында бұғатталмаған кепілдік жарнасын тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып бюджет сыныптамасының тиісті кодына аударады; 2) қатысушылар тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдаланып қол қойған, ақша қаражатын қайтаруға арналған өтініштер негізінде сауда-саттыққа қатысушыларға электрондық әмияннан ақша қаражатын бірыңғай операторға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарады; 3) аукцион және тендер нысанында кейінгі сауда-саттықтарға қатысуға өтінім беру үшін электрондық әмиянда қатысушылардың бұғаттан алынған ақшалай қаражатын бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 53. Аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі болатын техникалық ақаулықтар туындаған кезде қатысушыға: 1) тізілім веб-порталымен орнықты байланыс жоғалған кезден бастап 30 секунд ішінде аукционға қатысушының мониторында бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару жолымен хабарлайды; 2) бұл туралы бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабарлайды. 54. Бірыңғай оператор техникалық ақаулықтар фактісін тіркейді және олар тізілім веб-порталы жағында болған кезде ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру жолымен аукционға қатысушылардың барлығын хабардар етеді. 55. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтары болғанда аукцион жалғаса береді. 56. Аукционды жүргізуге немесе аукционды жүргізу рәсіміне кедергі болатын осы Қағиданың 54-тармағында көрсетілген тізілім веб-порталының техникалық ақаулықтар фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы сатушыға жазбаша түрде хабарлайды, ал сатушы осы аукционның жалғастырылатын күні мен уақыты туралы ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аукционға қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, аукционды бірыңғай оператор техникалық ақаулықты жойған күннен кейін келесі жұмыс күніне ауыстырады. 5-тарау. Тендердi өткiзу Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 ( 25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 57. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 58. Тендердi ұйымдастыру мен өткiзудi сатушы жүзеге асырады. Жекешелендіру объектiсі бірінші тендерге шығарылған кезде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең болады. Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 59. Тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында тізілімнің веб-порталында өтеді. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі. Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 60. Жекешелендіру объектісі екінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның жетпіс пайызына тең болады. Жекешелендіру объектісі үшінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның елу пайызына тең болады. Жекешелендіру объектісі төртінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның отыз пайызына тең болады. Жекешелендіру объектісі бесінші және одан кейін тендерге шығарылған кезде бастапқы баға кепілдік жарнаның мөлшеріне тең болады. Әрбір келесі тендер алдыңғы тендер өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі. Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 61. Жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тендерде сатылған жағдайда қызмет бейінін және қызметкерлердің штат санының кемінде үштен екісін сақтау тендердің шарты болып табылады. Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін, жұмыскерлерінің штат санын сақтау мерзімдерін сатушы комиссия шешімінің негізінде айқындайды. Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 62. Жекешелендіру объектісі бойынша тендер басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда тендер өтпеді деп танылады. Егер қатысушы бастапқы бағадан кем болмайтын құн ұсынса, бір қатысушы қатысқан тендер өтті деп танылады. Егер тендер өтпеді деп жарияланса, сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды. Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 63. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 64. Тендерге қатысуға өтінімдерді сатып алушы сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген объектіге қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды. Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 65. Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысында бірдей ең жоғары баға қамтылатын болса, онда осы қатысушылардың арасында өтінімі басқа қатысушылардың өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады. Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 66. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамада: 1) себебі көрсетіле отырып, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарды қанағаттандырмайтын қатысушылар тізімі; 2) тізілімнің веб-порталында тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты салыстыру жүргізілетін, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарға қанағаттандыратын қатысушылар тізімі; 3) жекешелендіру объектісі үшін ең жоғары бағаны ұсынған жеңімпаз көрсетіледі. 67. Тендердің жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілген күні сатушы мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдаланып қол қояды. Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 68. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің нәтижелерiн және жеңімпаз бен сатушының тендер нәтижесi болып табылатын шарттарда жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тіркейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдаланып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады. Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 69. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 67 және 68-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күші жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 6-тарау. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 70. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында (бұдан әрі – қор биржасы) мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуды комиссияның шешімі негізінде сатушы жүзеге асырады. 71. Қор биржасында сатылуға жататын бағалы қағаздарды сатушы биржалық сауда-саттыққа брокерлік компаниялар арқылы қояды. 72. Бағалы қағаздарды сатуға құқылы брокерлік компанияны айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатушы жүзеге асырады. 73. Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату кезінде оларды сатуға байланысты сатушы мен брокерлік компаниялар арасында туындайтын қарым-қатынастар тиісті шартпен реттеледі. 74. Қор биржасының сауда-саттық жүйелерінде бағалы қағаздарды сату тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 7-тарау. Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 75. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс жекешелендіру бағасының басымдығын және (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тәуелсіз консультанттардың қатысуымен өткізіледі. Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 76-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 76. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын қамтиды: 1) Заңның 100-1-бабында белгіленген тәртiппен, жекешелендiру объектiсiн жан-жақты талдауды, оның құнын бағалауды жүргізу үшін тәуелсіз консультантты тарту және әлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшiн сату объектiсi туралы ақпараттық дерекқор қалыптастыру; 2) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуі; 3) тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстары бар өтiнiмдерiнің тiзбесiн қалыптастыруы; 4) келiссөздер барысында ең жақсы ұсыныстарды ұсынған (конкурстың бірінші кезеңі) кемiнде екi әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында, өтiнiмдердiң тiзбесi бойынша тәуелсіз консультанттың қатысуымен сатушының әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргізуі; 5) сатушының бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту нысанасына тәуелсіз консультанттың қатысуымен конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер жүргізуі (конкурстың екiншi кезеңi). Ескерту. 76-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 77. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс кезінде комиссияның отырысында қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтiнiмдердi комиссияның барлық мүшелерi зерделейдi және салыстырады. Комиссия барлық формальдылықтардың сақталуын тексередi, талап етiлетiн мәлiметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқындайды. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 78-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 78. Сатушы, тәуелсіз консультант және екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбiр кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 7-тарауды 78-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 ( 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 79. Екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурстың екiншi кезеңi барысында ең жоғары баға және (немесе) ең үздік шарттарды ұсынған әлеуетті сатып алушы ( инвестор) екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурстың жеңiмпазы болып танылады . Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 80. Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың жеңiмпазы сатып алу-сату шартына сатушы белгiлеген мерзiмде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, сатушы оның кепілдік жарнасын ұстайды және ұсынысы конкурс жеңiмпазының ұсынысынан кейiн ең жақсы деп танылған әлеуетті сатып алушымен (инвестормен) сатып алу-сату шартына қол қояды. 80-1. Егер: 1) конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға екеуден аз өтінім тіркелсе; 2) конкурстың екінші кезеңіне екеуден аз әлеуетті сатып алушы (инвестор) жіберілсе; 3) конкурс жеңімпазы сатушы белгілеген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаса, екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурс өткізілмеді деп танылады. Осы тармақта көзделген жағдайларда сатушы мен тәуелсіз консультант өткізілмеген конкурс туралы актіге қол қояды және жекешелендіру объектісі қайтадан конкурсқа шығарылады. Әрбір кейінгі конкурс алдыңғы конкурс күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей өткізіледі. Ескерту. 7-тарау 80-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 ( 25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 8-тарау. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 81. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. 82. Туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгі шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге – сатушы немесе тиісті жергілікті өкілдік органға бекітуге жергілікті атқарушы орган ұсынады. 83. Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешімде оларға туынды бағалы қағаздар шығарылған мемлекетке тиесілі акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың типі, аумағында туынды бағалы қағаздарды сатуды жүзеге асыру ұйғарылған шет мемлекет (шет мемлекеттер), мәмілені аяқтаудың ең ұзақ мерзімі, туынды бағалы қағаздардың меншік иелерінің құқықтарын сату шарттары мен тәртібі қамтылуы тиіс. 9-тарау. Тiкелей атаулы сату Ескерту. 9-тарау алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 10-тарау. Есеп айырысу тәртiбi Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 87. Сатып алу-сату шартына сатушы мен сатып алушы қол қояды. Шартта оны жасасудың негiзi ретiнде сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға жасалған сiлтеме көрсетіледі. 88. Сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде өзі енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалын өтейді. 89. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл орайда сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi: 1) аванстық төлем жекешелендiру объектiсiн сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей енгiзiледi (кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi); 2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей енгiзiледі. 90. Аванстық немесе түпкілікті төлемнiң мерзімі өткен жағдайда сатушы сатып алу-сату шартын біржақты тәртіппен бұзып, сатып алушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде iс жүзiндегi шығындарды өтеу туралы талаптар қояды. Бұл жағдайда жекешелендіру объектісі күші жойылған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 91. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнен басқа жекешелендіру объектiсiн беру осы Қағиданың көрсетілген жағдайды қоспағанда, 95-тармағында сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қабылдап алу-беру актiсi бойынша жүргiзiледi. Сатып алушының қабылдап алу-беру актісіне қол қоюы туралы мәліметтерді сатушы екі күндік мерзімде тізілімнің веб-порталына енгізеді. Сатылған жекешелендіру объектісінің меншік иесінің өзгергені туралы мемлекеттік тіркеуді жүргізуге қол қойылған қабылдап алу-беру актісі негіз болып табылады. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 91-тармақтың төртінші бөлігін алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын сатылатын болса, сатып алушы " Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорынның қызметі тоқтатылғанын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырып , сатушыға тіркеудің өткізілгені туралы міндетті түрде хабарлауға тиіс. Сатып алушы қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда сатушы сатып алу-сату шартын біржақты тәртіппен бұзып, сатып алушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде іс жүзіндегі шығындарды өтеу туралы талаптар қояды және тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды. Бұл жағдайда жекешелендіру объектісі күші жойылған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 92. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлегеннен кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою жолымен жүргiзiледi. 93. Ықтимал бөліп төлеудің шарттары сауда-саттыққа қатысушылардың назарына алдын ала жеткізілген жағдайда ғана бөліп төлеуге жол беріледі. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшері сату бағасының он бес пайызынан кем болмауға, ал бөліп төлеу кезеңі үш жылдан аспауға тиіс. Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2024 № 890 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 94. Бастапқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде енгізеді. Кейіннен енгізілетін сомаларға пайыздар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне сүйене отырып есептеледі. Келесі сомаларды енгізу кемінде тоқсанына бір рет жүзеге асырылуда тиіс. Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудің өзге тәсілі көзделмеген болса, сатып алушы сатып алған жекешелендiру объектiсiне сатушының кепiл құқығы төлемдердiң уақтылы өтелуiн қамтамасыз ету болып табылады. Ескерту. 94-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.04.2021 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 95. Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудің өзге тәсілі көзделмеген болса, объектіні бөліп-бөліп төлеу арқылы сату кезінде беру тиісінше тіркелуі тиіс кепіл шартын бір уақытта жасаумен жекешелендіру объектісін қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы бастапқы жарнаны төлегеннен кейін жүзеге асырылады. Акциялардың мемлекеттік пакетін бөліп-бөліп төлеуге сату кезінде беру тиісінше тіркелуі тиіс кепіл шартын бір мезгілде жасаумен бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою арқылы бастапқы жарнаны төлегеннен кейін жүзеге асырылады. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 10-тарауды 95-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 20.04.2026 № 295 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 11. Жекешелендiру объектiсiн сатудан алынған қаражат Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 (25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 96. Республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден алынған қаражат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiледi және олар туралы мәліметтерді сатушы сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын төлеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді. Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 924 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 97. Жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 98. Ұйымдастырушының және/немесе бірыңғай оператордың қызметтеріне ақы төлеу сатушының жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындауға және өткізуге жұмсалатын шығыстарына қосылады. 12-тарау. Сатып алу-сату шартының орындалуын бақылау Ескерту. Қағида 12-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2025 № 730 ( 25.08.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 99. Сатушы осы Қағиданың 5 және 7-тарауларына сәйкес тендердің немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурстың нәтижелері бойынша сатып алушының міндеттемелерді орындау шартымен жасалған жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартының талаптарының тиісінше орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 100. Сатушы бақылауды жүзеге асыру мақсатында сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындаумен байланысты құжаттармен танысады және жұмысқа тиісті салалардың уәкілетті органдарының (жергілікті атқарушы органдардың) өкілдерін, сондай-ақ қажет болған жағдайда консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тартады. Сатып алу-сату шартында сатып алушының инвестициялық және өзге де қаржылық міндеттемелерді орындауы (берешекті өтеу, құрылысты немесе реконструкциялауды жүзеге асыру, өндіріс көлемінің белгілі бір деңгейін, шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызметтер номенклатурасын қамтамасыз ету) бойынша шарттар болған кезде бақылау консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарта отырып жүргізіледі. 101. Тиісті салалардың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдар) сатушыдан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде сатып алу-сату шарты талаптарының орындалуын бақылауға қатысу үшін өз өкілдерінің кандидатураларын ұсынады. Бақылауды жүргізу үшін консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 102. Тиісті салалардың уәкілетті органдарының (жергілікті атқарушы органдардың) өкілдерін тарту арқылы бақылау нәтижелері бойынша сатушы сатып алушының сатып алу-сату шартының талаптарын және қабылданған міндеттемелерді орындауының барысы туралы ақпаратты қамтитын тиісті бақылау актісін растайтын құжаттармен қоса ресімдейді. Бақылау актісіне бақылауға қатысушылардың бәрі (сатушының, тиісті салалардың уәкілетті органдарының (жергілікті атқарушы органдардың) өкілдері) және сатып алушы не оның уәкілетті өкілі қол қояды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдар тартылатын бақылау нәтижелері бойынша сатушыға сатып алушының сатып алу-сату шартының талаптарын және қабылданған міндеттемелерді орындауын бағалау туралы бекітілген есеп растайтын құжаттармен қоса ұсынылады. 103. Сатып алу-сату шарты талаптарының орындалуын бақылау жекешелендіру объектісі сатып алушыға берілген күннен бастап осы Қағиданың 91-тармағында белгіленген тәртіппен сатып алушының міндеттемелерді орындауы аяқталған сәтке дейін, бірақ жылына бір реттен сиретпей жүргізіледі. 104. Сатып алу-сату шарты талаптарының сақталуын бақылауды аяқтау туралы шешімді сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаған кезде комиссия шешімінің негізінде сатушы қабылдайды. Сатып алушы сатып алу-сату шартының талаптарын және қабылданған міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша және тәртіппен бұзылуы мүмкін. Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына қосымша Жекешелендіру объектісін (объектілерін) сату бойынша _______________________ _________ қатысуға (сауда-саттық нысаны көрсетіледі) ӨТІНІМ 1. Жекешелендіру объектісінің (объектілерінің) сатылуы туралы жарияланған хабарламаны қарап және сату қағидасымен танысып, ___________________________________________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.) 20 __ жылғы "__" ___________ ____________________ мекенжайы бойынша болатын сауда-саттықта қатысуды қалайды. 2. Мен (біз) сауда-саттықта қатысу үшін _______________________ мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы ________ (____________________) (цифрмен) (сомасы жазумен) теңге _______ кепілдік жарнаны (жарналарды) енгіздім (енгіздік). (саны) Кепілдік жарна енгізілген жекешелендіру объектілері туралы мәліметтер: Р/с № Жекешелендіру объектісінің атауы Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы, теңге 1 2 Жиыны Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәлімет: Р/с № Кепілдік жарнаның мақсаты және сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген жекешелендіру объектісінің атауы Төлем құжатының № Төлем құжатының күні Кепілдік жарнаның сомасы, теңге 1 2 Жиыны 3. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмегенім ( келмегеніміз) анықталған жағдайда, мен (біз) сауда-саттыққа қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), мен (біз) қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін (келісеміз). 4. Мен (біз) сауда-саттық жеңімпаз(дар)ы болып танылған жағдайда, өзімізге сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға өткізілген күні қол қоюға және ол өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюға міндеттеме аламыз. 5. Мынадай: 1) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға оны өткізу күнінде қол қоймаған; 3) сатып алу-сату шарты бойынша мен (біз) міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған жағдайда, енгізген кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына келісемін (келісеміз). 6. Осы өтінімнің сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күші бар. 7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын: Заңды тұлға үшін: Атауы ________________________________________________________ БСН __________________________________________________________ Басшының Т.А.Ә. ______________________________________________ Мекенжайы: ___________________________________________________ Телефон (факс) нөмірі: _______________________________________ Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері: ЖСК __________________________________________________________ БСК __________________________________________________________ Банктің атауы ________________________________________________ Кбе __________________________________________________________ Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСК/БСК ____________________ Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды): 1) ___________________________________________________________ 2) ___________________________________________________________ 3) ___________________________________________________________ Жеке тұлға үшін: Т.А.Ә. _______________________________________________________ ЖСН __________________________________________________________ Паспорт деректері ____________________________________________ Мекенжайы: ___________________________________________________ Телефон (факс) нөмірі: _______________________________________ Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері: ЖСК __________________________________________________________ БСК __________________________________________________________ Банктің атауы ________________________________________________ Кбе __________________________________________________________ Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСК/БСК ____________________ Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды): 1) ___________________________________________________________ 2) ___________________________________________________________ 3) ___________________________________________________________ (қолы) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.) М.О. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__ж. "__" __________ _______ сағат ____ минутта қабылданды. Қатысушының аукциондық нөмірі _____________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. "Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 мамырдағы № 562 қаулысы ( Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 19, 166-құжат). 2. "Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 40, 367-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 сәуірдегі № 508 қаулысы (Қазақстан Республикасың ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 191- құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36- 37, 478-құжат). 5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1455 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 39, 505-құжат). 6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 және 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 мамырдағы № 562 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 155-құжат). 7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 1333 қаулысы. 8. "Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 27, 317-құжат). 9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № 1639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 557-құжат). 10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 350 қаулысы. 11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат). © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

    Ақпарат

    2026 жылғы мамырдағы Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

    Есеп "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ – не 2026 жылғы мамырдағы мемлекеттік қызметті ұсыну туралы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімімен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетіледі. "Дипломмен ауылға!"2026 жылдың мамыр айында жергілікті бюджет қаражатынан 13 маманға көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде: жалпы сомасы 5 190,0 мың теңгеге білім беру саласының 12 маманы және 432,5 мың теңгеге Мәдениет саласының 1 маманы (кітапханашы). 2026 жылдың мамыр айында мемлекеттік қызметтің бекітілген регламенттері мен стандарттары болған жоқ. Тиісінше мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар мен мерзімдерді бұзу және тәртіптік жазалар жоқ. 2026 жылдың мамыр айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар қаралған жоқ. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттілікті ескере отырып, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға бағдарлама шеңберінде жергілікті бюджет қаражатынан 50 маманға жалпы сомасы 21 625,0 мың теңгеге бюджеттік кредит түрінде көтерме жәрдемақы беру жоспарланған республикалық бюджет қаражаты есебінен 4 маманға жалпы сомасы 34 600,0 мың теңге тұрғын үй сатып алу. * 2026 жылдың 5 айында жергілікті бюджет қаражатынан жалпы сомасы 15 137,5 мың теңгеге 35 маманға көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 432,5 мың теңгеге денсаулық сақтау саласының 1 маманы, 12 542,5 мың теңгеге білім беру саласының 29 маманы, агроөнеркәсіптік кешеннің 4 маманы (1 агроном және 3 жел.1 730,0 мың теңге сомасына және 1 Мәдениет саласының маманы (кітапханашы) 432,5 мың теңге сомасына. 3 бас тарту, оның ішінде: 2 бас тарту мамандықтың ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері саласындағы талап етілетін мамандықтардың тізбесіне сәйкес келмеуіне байланысты және 1 өтінім маман бұрын көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алғандығына байланысты (қайта өтінім) . Бөлім басшысы экономика және қаржы С. А. Нұрмұқанов ! И.Казанцева ( : 8(715-41)2- 23-19

    Ақпарат

    2026 жылғы сәуірдегі Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

    Есеп "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ – не 2026 жылғы сәуірдегі Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімімен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетіледі. "Дипломмен ауылға!"2026 жылғы сәуірде аталған мемлекеттік қызметті көрсету көзделмеген. 2026 жылдың сәуір айында мемлекеттік қызметтің бекітілген регламенттері мен стандарттары болған жоқ. Тиісінше мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар мен мерзімдерді бұзу және тәртіптік жазалар жоқ. 2026 жылдың сәуір айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар қаралған жоқ. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттілікті ескере отырып, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға бағдарлама шеңберінде жергілікті бюджет қаражатынан 50 маманға жалпы сомасы 21 625,0 мың теңгеге бюджеттік кредит түрінде көтерме жәрдемақы беру жоспарланған республикалық бюджет қаражаты есебінен 4 маманға жалпы сомасы 34 600,0 мың теңге тұрғын үй сатып алу. 2026 жылдың сәуір айында жергілікті бюджет қаражатынан жалпы сомасы 9 515,0 мың теңгеге 22 маманға көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 432,5 мың теңгеге денсаулық сақтау саласының 1 маманы, 7 352,5 мың теңгеге білім беру саласының 17 маманы, агроөнеркәсіптік кешеннің 4 маманы (1 агроном және 3 вет.1 730,0 мың теңге сомасына. 1 бас тарту мамандықтың ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері саласындағы талап етілетін мамандықтардың тізбесіне сәйкес келмеуіне байланысты. Бөлім басшысы экономика және қаржы Нұрмұқанов С.А ! И.Казанцева ( : 8(715-41)2- 23-19

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп 2026 жылғы наурыз

    Есеп "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ – не 2026 жылғы наурызға мемлекеттік қызмет көрсету туралы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімімен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетіледі. "Дипломмен ауылға!"2026 жылғы наурызда аталған мемлекеттік қызметті көрсету көзделмеген. 2026 жылдың наурыз айында мемлекеттік қызметтің бекітілген регламенттері мен стандарттары болған жоқ. Тиісінше мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар мен мерзімдерді бұзу және тәртіптік жазалар жоқ. 2026 жылдың наурыз айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар қаралған жоқ. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттілікті ескере отырып, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға бағдарлама шеңберінде жергілікті бюджет қаражатынан 50 маманға жалпы сомасы 21 625,0 мың теңгеге бюджеттік кредит түрінде көтерме жәрдемақы беру жоспарланған республикалық бюджет қаражаты есебінен 4 маманға жалпы сомасы 34 600,0 мың теңге тұрғын үй сатып алу. Бөлім басшысы экономика және қаржы Нұрмұқанов С.А ! И.Казанцева ( : 8(715-41)2- 23-19

    Ақпарат

    2026 жылғы ақпан айындағы мемлекеттік қызметтер туралы есеп

    Есеп "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ – не 2026 жылғы ақпанға мемлекеттік қызмет көрсету туралы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімімен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетіледі. "Дипломмен ауылға!"2026 жылғы ақпанда аталған мемлекеттік қызметті көрсету көзделмеген. 2026 жылдың ақпан айында мемлекеттік қызметтің бекітілген регламенттері мен стандарттары болған жоқ. Тиісінше мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар мен мерзімдерді бұзу және тәртіптік жазалар жоқ. 2026 жылғы ақпанда Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар қаралған жоқ. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттілікті ескере отырып, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға бағдарлама шеңберінде жергілікті бюджет қаражатынан 50 маманға жалпы сомасы 21 625,0 мың теңгеге бюджеттік кредит түрінде көтерме жәрдемақы беру жоспарланған республикалық бюджет қаражаты есебінен 4 маманға жалпы сомасы 34 600,0 мың теңге тұрғын үй сатып алу. Бөлім басшысының м. а. экономика және қаржы Казанцева. И.В ! И.Казанцева ( : 8(715-41)2- 23-19

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.