Сыбайлас жемқорлық саласындағы іс қимыл саясаты

    Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі

    Сыбайлас жемқорлық саласындағы іс қимыл саясаты

    «Жезқазған қаласының құрылыс
    бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
    қызметіндегі сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық


    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаршада № 14441 болып тіркелді), сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
    1. «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінде мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін:
    1) мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
    2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
    3) «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
    Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Ұқсас материалдар

    Закон

    Мемлекеттiк сатып алу туралы

    Мемлекеттiк сатып алу туралы Осы Заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады, оған мыналар қосылмайды: 1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер; 2) кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер; 3) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтер; 4) мемлекеттік тапсырма; 5) жарналар (салымдар) енгізу, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру; 6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер; 7) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер; 8) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер; 9) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер. Жиынтығында мынадай шарттар сақталған кезде: шетелдік банктің шетел валютасында Standard & Poor's агенттігінің "А-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингі болса; қаржыландырудың елу пайыздан астамын шетелдік банктер жүзеге асырса; инвестициялық жобаны іске асыруды мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асырса; инвестициялық жобаны іске асыру мемлекеттік кепілдікті талап етпесе және қарыз алушының мүлкіне ауыртпалық салуға алып келмесе, басқа шетелдік банктер толықтай немесе ішінара қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы банктердің қағидалары бойынша жүзеге асырылады; 10) ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары сатып алатын, ғылым саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер; 11) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы, жинақтаушы, нысаналы жарналарды және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлеу.

    Жезқазған қаласының құрылыс бөліміЖарияланды:
    Закон

    Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы

    Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мемлекеттік реттеу мен заңнамалық негізде жүзеге асырылады, оның мақсаты – адам мекендейтін ортаны қалыптастыру және елді мекендерді тұрақты дамыту. Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған. Сәулет қызметі – ғимараттардың ішкі және сыртқы келбетін жобалау, авторлық қадағалау жүргізу, кеңістікті, композициялық және қызметтік ұйымдастыруды қамтитын шығармашылық процесс Қала құрылысы қызметі – қалалар мен ауылдық елді мекендерді жоспарлау, аумақтарды пайдалану түрлерін анықтау, қала құрылысы жобасын жасау және құжаттаманы үйлестіру Құрылыс қызметі – жаңа объектілер салу, бар объектілерді өзгерту, инженерлік жабдықтарды монтаждау, құрылыс материалдарын өндіру және аяқталмаған объектілерді кәдеге жарату

    Жезқазған қаласының құрылыс бөліміЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.