Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

    esep-kstgovkz

    esep-kstgovkz·

    Ұқсас материалдар

    Выписка

    «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына (жалпы конкурс) орналасу үшін конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының 2026 жылғы 18 маусымдағы №1 хаттамасынан үзінді

    Конкурстық комиссия, бірауыздан келесі ШЕШІМДІ қабылдады: «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусынының н ақты сала секторының шығыстарын аудит бөлімінің бас маманы – мемлекеттік аудитордын ассистенті, Д-4, блок Б, 1 бірлік, мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасатын жалпы конкурста үміткерлердің болмауына байланысты, осы аталған лауазым бос деп танылсын. 2026 ж. 18.06

    esep-kstgovkzЖарияланды:
    Перечень

    2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (17.06.2026 ж. өзгерістерімен)

    2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (17.06.2026 ж. өзгерістерімен)

    esep-kstgovkzЖарияланды:
    Приказ

    «2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесін бекіту туралы» Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №220-н/қ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 17.06.2026 ж. №89-н/қ бұйрығы

    «2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесін бекіту туралы» Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №220-н/қ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 17.06.2026 ж. №89-н/қ бұйрығы

    esep-kstgovkzЖарияланды:
    Объявление

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы

    Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.06.2026 - 17.06.2026 Қабылдау 1 этап: 16.06.2026- 17.06.2026 Қабылдау 2 этап: 18.06.2026 Практикалық бағалау: 19.06.2026 Анықтама телефоны: 87142568830 D-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазым атауы: Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің табыстарын және активтерінің пайдаланылуын аудит бөлімінің бас маман мемлекеттік аудитордың ассистенті, D-4 (Лауазым мәртебесі: Бос) Функционалдық міндеттері: Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізуге қатысу; Мемлекеттік аудит объектілері бойынша бұзушылықтарды талдау және жүйелеу; Аудит жоспарын, бағдарламасын, аудиторлық тапсырманы, тапсырманы, бақылау өлшемін (қарау) актісін, анықталған бұзушылықтар тізілімін жасау; Құзыретіне сәйкес ВАЖ-ге аудиторлық іс-шаралардың негізгі көрсеткіштерін енгізу; Мемлекеттік аудит материалдарын уақтылы іске асыру; Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру; Бөлімге жүктелген міндеттер шегінде аналитикалық жазбалар, анықтамалар, ақпараттар жасау; Тексеру комиссиясының отырысын дайындауға және өткізуге қатысу; Жүргізілген аудиторлық іс-шара шеңберінде сот, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру; Бөлімнің аудиторлық іс-шараларын талдамалық және ақпараттық сүйемелдеу, сұрау салуларды, хаттарды және қызметтік жазбаларды дайындау; Отырыс қорытындысы бойынша қабылданған тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуын мониторингілеу; Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясы қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу; Бекітілген жоспарға сәйкес тексеру комиссиясының қызметкерлеріне техникалық оқыту жүргізу; Басшылықтың тапсырмаларын орындау. Білімі бойынша талап: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, халықаралық құқық, құқықтану, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, халықаралық құқық, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, информационные технологии, информационные технологии Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады

    esep-kstgovkzЖарияланды:
    Пресс-релиз

    Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тиімділігінің мемлекеттік аудитінің нәтижелері туралы баспасөз хабарламасы

    Қостанай облысында жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында қызмет жүзеге асыратын 6 объект қамтылды. Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 5 505 374,2 мың теңгені құрады. Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік аудит объектілері актілерінің талаптарын бұзудың жалпы сомасы 4 824 805,1 мың теңгені құрады, оның ішінде: 1) қаржылық бұзушылықтар – 6 406,0 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны – 2 842,9 мың теңге, қалпына келтірілуге жататыны – 3 563,0 мың теңге; 2) бюджет қаражатын (активтерді) тиімсіз жоспарлау – 3 679 662,5 мың теңге; 3) бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану – 1 138 736,6 мың теңге; 4) рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 43 бірлік. Аудит барысында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу, жалақы мен еңбек демалысы төлемдерін есептеу, бухгалтерлік есеп жүргізу, бюджет қаражатын жоспарлау және мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар анықталды. Жекелеген фактілер бойынша аудит материалдары уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде инватакси қызметінің қолжетімділігін кеңейту қажеттілігі анықталды. Аудит барысында мүгедектігі бар адамдарға арналған мамандандырылған көлік қызметтері облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылмағаны, бұл ауылдық елді мекендер тұрғындары үшін аталған қызметтің қолжетімділігін шектейтіні анықталды. Сондай-ақ ЕИС СТС және «Е-Собес» ақпараттық жүйелерінің жұмысында, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жекелеген тетіктерінде жүйелі кемшіліктер анықталды. Аталған кемшіліктер мемлекеттік қолдау алушылар туралы мәліметтердің толықтығына және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне әсер етеді. Аудит нәтижелері бойынша әлеуметтік қолдау саласындағы заңнаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленіп, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына жолданды.

    esep-kstgovkzЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.