Паспорт деятельности администратора бюджетных программ 369 0005 ГУ «Управление по делам религий» г. Астаны на 2026- 2028 годы
astana-udr
Ұқсас материалдар
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Астана қаласы 2026 жылғы «___»__________ «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Жұмыс тобының құрамы: «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Е.М. Ережеббаевпен, әкімшілік-қаржылық бөлімінің басшысы М.А. Саргубеновпен, Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Ж.К. Омиртаевамен, 2025 жылғы 30 маусымнан бастап 2026 жылғы 10 маусымға дейінгі кезең бойынша Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Басқарма басшысының 2026 жылғы 26 мамырдағы № 17 бұйрығының негізінде жүргізілді. Басқарманың негізгі қызметі. 1) жақын және алыс шет елдерінің тәжірибесін зерделеу және діни бірлестіктермен өзара iс-қимыл саласында халықаралық және аумақтық байланысты кеңейту; 2) қаладағы діни ахуалды зерделеу және талдау жүргізу; 3) діни әдебиеттерді, діни мақсаттағы заттарды зерделеу және талдау; 4) қалада құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының, қайырымдылық мекемелер мен қорлардың қызметін зерделеп, оған талдау жүргізу; 5) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 6) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 7) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу; 8) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; 9) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту жөніндегі актілерінің жобасын әзірлеу; 10) діни бірлестіктер берген ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаларды қарау; 11) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету; 12) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеу; 13) азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыру саласындағы орын алған үдерістерді зерделеу мен нәтижелерін жинақтап қорыту және талдау; 14) конфессиялық саясат қатерлерін бейтараптандыру бойынша болжамдар мен ұсынымдар әзірлеу, мемлекеттік органдарды әдістемелік қамтамасыз ету; 15) толеранттық және конфессияаралық келісімді нығайту саласында ақпараттық-насихаттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 16) Басқарма құзіретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 17) Қазақстан Республикасының «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңында көзделген талаптардың сақталуын бақылау; 18) Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, кейіннен оларды сот органдарына беру; 19) мемлекеттің дін саласындағы бірыңғай саясатын іске асыру мәселелері бойынша мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, діни конфессиялар, жастар, қоғамдық және басқа да бірлестіктермен өзара байланысты жүзеге асыру; 20) Астана қаласының әкіміне (бұдан әрі – әкім) толеранттық пен конфессияаралық келісімді және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі шаралар туралы тоқсан сайынғы жиынтық ақпаратты дайындау; 21) діни бірлестіктер басшылығымен миссионерлік қызмет, діни материалдарды тарату, ғибадат ғимараттарынан тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы, діни ахуалға мониторинг жүргізу, миссионерлерді тіркеу мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету; 22) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім қабылдау; 23) ғимараттарды (имараттарды) ғибадат үйлері (имараттар) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдау; 24) терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау; 25) экстремизмнің алдын алуға бағытталған мынадай профилактикалық шараларды іске асыру: қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; тиісті аумақтарда құрылған діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметін зерделеу; олар туралы деректер банкін құру; өңірлік деңгейде ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру; өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау жүргізу; 26) елорда аумағында терроризмнің профилактикасы, сондай-ақ терроризмнің салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыру; 27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма мүддесіндегі басқа да функцияларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысы: Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. Қызмет бағыты бойынша. Функциясы бойынша. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы, Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары», Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 512-3038 қаулысымен бекітілген, «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін басшылыққа алады. Басқарманың Әкімшілік-қаржылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау. Астана қаласы Дін істері басқармасының штат саны 11 бірлікті құрайды. Кадрлардың ауысуы бойынша талдау жұмыстары көрсеткендей, 2025 жылдың маусымы мен 2026 жылдың маусымы аралығында Басқарма қызметкерлерінің басқа мемлекеттік органға ауысу фактілері анықталған жоқ, 1 қызметкері өзгеде негіздемелер бойынша жұмыстан босатылды. Басқармада бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеуді Астана қаласы әкімі аппаратының жанындағы бірыңғай конкурстық комиссия жүргізеді. Кадр құрамын қалыптастыруға және конкурстық іріктеуді ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды орталықтандырылған түрде Астана қаласы әкімі аппаратының Персоналды басқару және дамыту жөніндегі бірыңғай қызметі жүргізеді. Тәртіптік практиканы талдау барысында 2025 жылғы маусымнан 2026 жылғы маусым аралығында Басқарма қызметкерінен ешкім тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ. Мүдделер қақтығысын реттеу. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы 1-бабының 17) тармақшасына сәйкес, мүдделер қақтығысы мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық болып табылады, онда мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін. Басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар көзделген. Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету. 1) Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу. 2) Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу. 3) Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру. 4) Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру. 2.4. Рұқсат беру функциялары. Басқарма діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын келіседі, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу. Басқармада 3 бюджеттік жұмыс бағдарламасы бар: 001 «Жергілікті деңгейде дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер». Осы бағдарлама бойынша бюджет қаражатын жоспарлау басқарма қызметкерлерінің (еңбекақы төлеу қоры) бекітілген лауазымдық айлықақыларының, бекітілген тарифтердің (байланыс қызметтері, Басқарма қызметкерлерін орналастыру үшін офистік үй-жайларды жалға алу), баға және коммерциялық ұсыныстардың (тауар материалдық қорларын сатып алу: картридждер, қағаздар, өзге де кеңсе тауарлары) негізінде жүзеге асырылады. 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары». Осы бағдарлама бойынша жоспарлау құны нормативтік-техникалық құжаттамамен регламенттелген жобалар бойынша қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес баға және коммерциялық ұсыныстар негізінде жүзеге асырылады. 005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау». Бюджет қаражатын жоспарлау және бөлу уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен жүзеге асырылады. Басқарманың бюджетін Астана қаласының Мәслихаты бекітеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын игеру 100 % құрады. Басқармада бюджет және қаржы қаражатын игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасауға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Басқармада ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Басқарманың ұйымдастырушылық,басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер. «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесінің 5-тарауы 25-тармағына сәйкес, Басқарманың қарамағындағы ұйым: «Діндерді зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңының 43-бабы 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 3 шешімі бойынша «Діндерді зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа редакциядағы жарғысы бекітілді. «Діндерді зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (бұдан әрі - Серіктестік) мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланктері бар. Серіктестік өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан мәміле жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттер алуға, сотта арызданушы және жауапкер болуға құқығы бар. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді, мемлекет Серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді және Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделеген жағдайларды қоспағанда, өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты пайда табу болып табылады. Серіктестік қызметтердің мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқылы: 1) өңірлік және республикалық деңгейлерде діни эксремизм мен жалған діни қызметтің алдын алуға бағытталған оқытушылық, әдістемелік және тәжірибелік іс-шаралар (дәрістер, семинарлар, тренингтер және де өзге де ақпараттық-түсіндірме және алдын алу іс-шараларын) ұйымдастыру және өткізу. 2) мемлекеттік органдар қызметкерлерін, діни қызметтегі адамдарды, дінтанушылар, қалалық ақпараттық топтарының мүшелерін оқыту және ұйымдастыру. 3) дәстүрлі емес, радикалды, деструктивті діни ұйымдарының іс-әрекетінен зардап шеккендерге, оның ішінде жастар мен кәмелет жасына толмағандарға оңалту бойынша психологиялық, құқықтық және тәжірибелік көмек көрсету. 4) қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктерге діни эксремизмге қарсы іс-қимыл шараларын ұйымдастыру мен өткізуге қарсы іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге ұйымдастырушылық, тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету, оның ішінде: оқушылар мен жастар, тұрғындар арасында темекі шегудің алдын алу, оқушылар мен жастар арасында суицидтің алдын алу, оқушылар мен жастар, тұрғындар арасында психобелсенді заттарды (есірткі заттар, ішімдік, спайстер және т.б.) қолданудың алдын алу. 5) психология, тарих, исламтану және дін саласында сараптамалық зерттеулер және дін саласында сараптамалық зерттеулер және ғылыми-зерттеу сараптамаларын жүргізу. 6) жұмыста қолдану үшін және коммерциялық мақсатта баспа және бейнематериалдарды шығару. 7) Қазақстан Республикасында тұрақсыздықты тудыруы мүмкін конфессияаралық салада негативті тенденцияларды анықтау бойынша зерттеу қызметін және әлеуметтік зерттеулерді жүргізу. 8) діни экстремизмнен зардап шеккендерді оңалту тәжірибесін зерттеу мақсатында ынтымақтастық, оның ішінде халықаралық діни эксремизм мен терроризмнің алдын-алу ақпраттық-түсіндірме жұмыстарын дамыту. 9) конфессияаралық келісімді және толеранттылықты нығайту үшін мәдени бұқаралық, ағарту, және танымдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. 10) Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асырады. Серіктестік лицензияның негізінде заңнамалық актілерде айқындалатын қызметтің жекеленген түрлерімен айналыса алады. Серіктестіктің түскен пайдасын үйлестіру. Жылдың қорытындысы бойынша шаруашылық қызметі нәтижесінде түскен пайда үйлестірілуге жатады. Қазақстан Республикасында Салық кодексінің 313 бабына сәйкес ЖШС түскен пайдасының 20% бюджет кірісіне аударылады. Пайданың қалған бөлігі келесідей тәртіппен үйлестіріледі: 50 % ЖШС-ның негізгі мүлкін және материалдық емес активтерін толтыруға аударылады. 50 % ЖШС-ның дамуы мен қызметіне айтарлықтай үлес қосқан қызметкерлерді марапаттауға жұмсалады. Серіктестікті қайта құру мен жою. Серіктестік қатысушысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздер бойынша Серіктестік қайта құрылуы және жойылуы мүмкін. Серіктестік қайта құру мен жою тәртібі Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын Басқарма басшысы бекітеді. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері анықталған жоқ. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері жоқ. Басқарма қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету. Басқарманың мемлекеттік сатып алу жоспарлары мемлекеттік сатып алу порталында (goszakup.gov/kz) ашық қолжетімді. Басқарманың бюджеті туралы ақпарат «Ашық бюджет» порталында (budget.egov.kz) орналастырылады. Сондай-ақ Басқарма жыл сайын Басқарма қызметін жариялау бойынша ақпараттық жұмыс жүргізудің медиа-жоспарын әзірлейді және бекітеді. Жасырын мемлекеттік қызметтер. Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жасырын мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ. «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Жұмыс тобының мүшелері: Саргубенов М.А.______________ Ережеббаев Е.М. _____________ Омиртаева Ж.К. ______________ Астана қылысының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы ___________________________ Қ.Д. Көшқали
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
« БЕКІТЕМІН» «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы ___________________ Қ.Көшқали 2026 жылғы «__» ____________ «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары р/с № Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар Іс-шара Аяқтау нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі 1 Заңдылықты сақтауға және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу Заңдылықты сақтауға және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған профилактикалық, тәрбиелік және профилактикалық жұмыстарды жүргізу Ақпарат Бөлім басшылары Тұрақты 2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау Басқарма қызметкерлерінің және олардың жұбайларының табысы туралы декларацияны тапсыруын ұйымдастыру және бақылау Есеп Әкімшілік-қаржылық бәлімінің басшысы I – тоқсан 2026 жыл 3 Басқарманың ресми сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған ақпараттық материалдардың толықтығы мен сапасына тоқсан сайын мониторинг жүргізу Басқарманың ресми сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған ақпараттық материалдардың толықтығы мен сапасына тоқсан сайынғы мониторингті қамтамасыз ету Ақпарат Талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Тоқсан сайын 4 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Ақпарат Жұмыс тобы Жылына кем дегенде бір рет 5 Халықтың өтініштерін қарау «Айкөмек» арқылы келіп түскен өтініштерді қарауды қамтамасыз ету Ақпарат Жұмыс тобы Тұрақты 6 Азаматтарды қабылдау Азаматтарды қабылдау тұрақты түрде қабылдау кестесіне сәйкес Басқарма басшысы Қабылдау кестесіне сәйкес