№ 12 Хаттама
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін
жария талқылау.
Новотроицкое с. «11» маусым 2026 жыл
мәжіліс залы сағат 15:00.
Төрағалық етуші: Б.О. Бокаев – «Новотроицкое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі.
Отырысқа шақырылғандар: жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Новотроицкое ауылдық округінің тұрғындары.
КҮН ТӘРТІБІ:
1.«Новотроицкое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар қабылдау.»
ШЕШТІ:
1.«Новотроицкое ауылдық округі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері мақұлдансын.
2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдау анықтамасында жазылған ұсынымдар бекітілсін.
3. Новотроицкое ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары:
3.1. сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ұсынымдарына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту (минимизациялау) жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Новотроицкое ауылдық округі әкімі аппаратының маманына:
4.1. Жария талқылау нәтижелерін заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау Новотроицкое ауылдық округі әкімі аппаратының әкіміне қалдырылсын.
Қолдары:
Жұмыс тобының жетекшісі: О. Скоробогатых
Жұмыс тобының мүшелері: Б. Хусмар
Д. Чайдилдина
З. Бакубаева