Ырғыз ауданы әкімдігіне қарасты құрылымдық бөлімдер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 22 маусым - 22 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Қоғамдық кеңес мүшелері жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ырғыз ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Әл-Фараби Әлібекұлына мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8 (71343) -79-0-46.