Таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    kyzylorda-kzo

    kyzylorda-kzo·

    Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына,
    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабы 2-
    тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
    1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын қалалық коммуналдық
    мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі таза
    табыс кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
    2. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және
    қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының
    заңнамасында белгіленген тәртіпте:
    1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ
    және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік
    құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу
    және жариялау үшін жолдауды;
    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қызылорда қаласы әкімдігінің
    интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда
    қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
    өткен соң қолданысқа енгізіледі.


    Қызылорда қаласының әкімі Н. Ахатов

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 маусымдағы №1319 қаулысы Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 8 маусымдағы № 01-03/924 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Меншік иелерінен Қызылорда қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 4265,0 (төрт мың екі жүз алпыс бес) шаршы метр жер учаскесінен қажетті көлемі 521,1 (бес жүз жиырма бір бүтін оннан бір) шаршы метр жер учаскелерін жол құрылысы үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. 2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 17 қыркүйек болып белгіленсін. 3. Меншік иелері жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24, № 14 кабинет болып белгіленсін. 4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын. 5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    kyzylorda-kzoЖарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 8 маусымдағы №1251 қаулысы Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 374 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының cәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 01/2082 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Меншік иесі Канатбаев Турсунбай Нурмахановичтің жеке меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Ақмаржан бау-бақша серіктестігі, № 32 үй мекенжайында орналасқан көлемі 900,0 (тоғыз жүз) шаршы метр бағбандық үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-076-1844) жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 10 қыркүйек болып белгіленсін. Меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24, № 14 кабинет болып белгіленсін. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскесінің меншік иесін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    kyzylorda-kzoЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.