
2022 жылғы 22-23 қыркүйекте Нұрсұлтан қаласында EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының X форумы өтеді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырады.
Өткен жылдарда Форум өзін индустриядағы басты салалық оқиға ретінде көрсетті және кооперациялық байланыстарды дамыту үшін бірегей платформа болып табылады. Жыл сайын Форум өз алаңында мыңнан астам қатысушыларды, оның ішінде мемлекет қайраткерлерін, қазақстандық және шетелдік бизнестің, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, әлемнің 20-дан астам елінен сарапшыларды жинайды. Осылайша, отандық кәсіпорындардың өкілдері мемлекеттік органдармен және шетелдік әріптестермен диалогқа қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Форум аясында машина жасаудың басым кіші салалары бойынша секциялық отырыстар, Үкімет мүшелерінің қатысуымен пленарлық отырыс, Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру барысы туралы панельдік пікірталастар, машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау, Халықаралық Мұнай-газ операторларымен (ТШО, КПО, НКОК), қатты пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдаланушылармен (ERG, Қазақмыс, Қазминералс, Қазмырыш) сатып алу және жергілікті қамтуды дамыту тақырыбына арналған дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланып отыр.
22-24 қыркүйек аралығында форум аясында EXPO жаңа халықаралық көрме орталығының алаңында машина жасау және металл өңдеу бойынша «Kazakhstan Machinery Fair 2022» II Халықаралық мамандандырылған көрмесі және «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» өнеркәсіптік көрмесі өтеді.
8000 шаршы метрден астам экспозицияда 300-ге жуық жетекші шетелдік және қазақстандық компаниялар өз өнімдерін ұсынады.
Тіркелу үшін https://smkz.kz/registraciya-2/
Форумның бағдарламасыhttps://smkz.kz сайтында қол жетімді
Форум бойынша қосымша ақпарат бойынша +7 (7172) 79-27-95 телефоны және [email protected] электронды пошта арқылы хабарласуға болады.
Көрмеге қатысу бойынша мәселелері бойынша тел.: +7(701) 532 91 90 немесе [email protected] электронды пошта бойынша хабарласыға болады.