
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Интернет-конференция өткізеді
Құрметті достар!
Сауда және интеграция министрлігі үшін сіздермен кері байланыс орнату өте маңызды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қазақстандықтардың пікірін зерделеу және түсіну үшін ағымдағы жылы 4 маусымда сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін «Ашық диалог» порталында Интернет-конференция өткізіледі, оның барысында сіздер Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы – Ахметов Азамат Қуатұлына қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя аласыздар.
Интернет-конференцияға қатысу үшін 4 маусымда сағат 9.00-де https://dialog.egov.kz/conference/all?govAgencyId=65 сілтемесі бойынша өтуіңізге болады.
Интернет-конференцияға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Құрметпен, ҚР Сауда және Интеграция министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел.:8 (7172)74-98-94,87758680927
www.mti.gov.kz
https://www.facebook.com/mtiqz/
https://web.telegram.org/#/im?p=@tradepolicyQZ