Жаһандық инвестиция бойынша қазақстандық дөңгелек үстелі (KGIR-2024)

    Орган
    mfa-warsaw
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Жаһандық инвестиция бойынша қазақстандық дөңгелек үстелі (KGIR-2024)
    КонференцияАяқталды

    2024 жылдың 1 қарашасында Астана қаласында «The Ritz Carlton Astana» қонақ үйінде (Достық к., 16) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Абайұлы Бектеновтың төрағалығымен Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2024) өтеді. Дөңгелек үстелге 500-ден астам әлемнің түкпір-түкпірінен, жетекші халықаралық компаниялардың, отандық бизнес өкілдері, инвесторлар, сарапшылар және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысады.

    Форумның негізгі тақырыптары әлемдік нарықтардағы ағымдағы үрдістер мен олардың инвестициялық стратегияларға әсері, сондай-ақ халықаралық капиталды тартудың негізгі факторы ретінде инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне арналған. Пленарлық отырыс барысында қатысушылар жаһандық сын-қатерлер мен жылдам өзгеретін жаһандық ландшафтта тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің стратегиялық тәсілдерін талқылайды.

    KGIR-2023 халықаралық және отандық бизнес көшбасшылары арасында пікір алмасу, сондай-ақ жаңа іскерлік байланыстарды орнату үшін бірегей платформаны ұсынады.

    Іс-шараға қатысу үшін www.kgir.kz сайтында алдын ала тіркелу қажет

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.