
Қалжат ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні "Көмек көрсетіңіз" қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында жалғыз басты анаға қолдау көрсетіп, отын жарып, ауласын қардан тазалап қайттық. Акцияға Қалжат ауылдық округінің жастары қатысты. Алдығы уақытта мұндай шаралар жалғасын табады деп сенеміз.