
Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 13-26 наурыз аралығында " Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі " ММ-ні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Туындаған мәселелер бойынша Талғар ауданының жер қатынастары бөлімінің 8 (727) 388 1671 телефоны бойынша хабарласуға болады.