Хабарландыру

    Орган
    uigur-taskarasu
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Хабарландыру
    ОбъявлениеАяқталды

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 2025 жылғы 17 ақпан мен 17 мамыр аралығында қабылданады, деп хабарлайды barysnews.kz.

    Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар:

    Жобаны әзірлеу:

    — қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту,

    — геральдикалық белгілерді сақтау,

    — өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.

    Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
    Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:
    — жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;

    — жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;

    — жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;

    — жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.

    Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады.
    Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.
    Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.
    Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.

    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық ішкі саясат басқармасына (электронды көшірмесі zhumash.ibrayva.64@mail почтасына қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!.

    Сұрақтар туындаған жағдайда 87773717606 (Ибраева Жұмаш Чиныбековна), 87776883792 (Дауренбаев Марат Өмірбекұлы) номеріне хабарласуға болады!

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Хабарландыру

    Ағымдағы жылдың 05 ақпан күні, сағат: 14:30 да Тасқарасу ауылдық округінің әкімі Альмахунов Жақсылық Мысаханұлының халықпен кездесуі өтеді.

    5 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Актовый зал Таскарасуской средней школыuigur-taskarasu
    ОбъявлениеАяқталды

    Хабарландыру

    Хабарландыру Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылдық округі 2025 жылдың 20 тамыз күні сағат 14-30 да Тасқарасу ауылдық округі әкімінің қатысуымен Тасқарасу ауылының тұрғындарымен бірлескен жиналысы өткені туралы хабарлайды. Күн тәртібі бойынша талқыланған мәселе: 1.Тасқарасу ауылдық округі бойынша жаңа жобалық көшеге А.Құнанбаев көшесін, Мейрманов Елубай , Иван Панфилов көшесінің атауын Добрынин Георгий Давыдович көшесіне ауыстыру бойынша өткізілді. Талқылау барысынннда Тасқарасу ауылдық округі бойынша тұрғындар көрсетілген мәселені бір ауыздан қолдады. Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты.

    1 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    2025 жылғы 19 маусымда Ұйғыр ауданының Тасқарасу ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді

    2025 жылғы 19 маусым сағат 16.00-де Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылы, С. Сейфуллин көшесі, № 31 мекен-жайы бойынша «Ұйғыр ауданының Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8 /72778/29-7-68 нөміріне хабарласуға болады.

    17 маусым 2025 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.